Қатты таңдай



Ауыз қуысы
“Гистология” пәні бойынша боөж тапсырмасы.
Орындаған:
Тексерген:
Мамандығы: стоматология
Курс:
Тобы:

Жоспар
Ауыз қуысының ерекшеліктері.
Ерін. Оның құрылысы.
Ұрт.
Қызылиек. Қатты таңдай.
Жұмсақ таңдай. Тілшік
Тіл. Оның бүртікшелері.
Қолданылған әдебиеттер.

Ауыз қуысы
Ерін
Ұрт
Қызыл иектер
Қатты таңдай
Жұмсақ таңдай
Тілшік
Тіл
Ауыс қуысының шырышты қабаты жазық эпителиден тұрады. Бұлшықет табақшасы болмайды. Кейбір жерлерде шырыш астынегіз болмайды. Сүйекте немесе бұлшықетте болады.
Қатпарлар түзеді - лимфоидты тіндер аймағында.
Ұсақ қан тамырлары шырышты қабатқа қызыл түс береді.
Дәрілерді өткізу қабілеті жоғары, ылғалданып тұратын эпителийде.


Ерін
Терілік, аралық және шырышты қабаттары болады. Көлденең жолақты бұлшықет орналасады.
Терілік бөлігі тері құрылысына ұқсас. Көп қабатты жазық эпителиймен қапталған . Май, тер бездерімен және түктермен жабдықталған.
Аралық бөлігі екі аймақтан тұрады: тегіс және бүрлі. Сырқы аймақта мүйізденген қабыршақтар қабаты сақталады, бірақ жұқарып түседі. Шаштар болмайды, тер бездері жойылады, май бездері ғана сақталады. Май бездері жоғары ерінде, ауыз езуі аймағында көп. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні эпителийге ене түсіп, бүртікшелерді құрайды. Қантмамырлары өте көп, сондықтан қызғылт түс береді.

Еріннің шырышты бөлігі
Жазық мүйізденбейтін эпителийден тұрады. Аздаған кератин түйіршіктері бар.
Терілік бөлікке қарағанда қалыңырақ, Шырышты қабық меншікті табақшасы бүртікшелер түзейді, аралық бүртікшелерден аласа.
Шырыш асты негізде еріннің сілекей бездерінің секреторлық бөлімдері ораналасады, шырышты нәруызды бездер, альвеолярлы-түтішелі болып келеді. Ерін үстіне ашылады.

Ұрт
Сырты терімен, іші шырышты қабықпен шектелген бұлшықеттен тұрады. Ұрттың шырышты қабығы үш аймақтан тұрады: үстіңгі немесе максиллярлық, астыңғы немесе мандибулярлық. Бұлшықет табақшасы жоқ.
Ұрт бездері орналасқан. Шырыш асты негіз жақсы дамыған. Ірілері азу тістер аймағында орналасады.
Ұрттың ортаңғы бөлігі езуден басталып, астыңғы жақ тармағына дейін созылады.
Ұрттың сілекей бездері шырышты-нәруызды және таза шырышты болып келеді.

Қызылиек
Ауыз қуысының шырышты қабықшаның бір бөлігі, үстіңгі және астыңғы жақтың сүйек үсті қабығымен тығыз біріккен.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында мес жасушалары бар. Олар құралады. Бұлшықет табақшасы жоқ.
Қызылиектің тіске жанасқан жерінде қызылиектік жүлге болады.
Эпителий тіс үсті эмаль кутикуласымен бірігіп, тіс-қызылиектік байланысты қалыптастырады.
Жүйкелік аяқтамалары көп.

Қатты таңдай
Шырышты қабықшамен тысталған сүйектен тұрады. Шырыш асты негізі жоқ, сондықтан шырышты қабықша сүйек үсті қабықшамен бірігіп кеткен.
Қатты таңдайдың алдыңғы бөлігінде - май ұлпасы, әрі қарай безді аймақ. Таңдайдың сілекей бездері - альвеолярлы-түтікшелі, тармақталған.
Эпителий бүртікшелері мен сүйекүсті қабығы бірігіп, фиброзды аймақты құрайды.

Жұмсақ таңдай. Тілшік.
Сіңірлік-бұлшықеттік негізден тұрады. Сырты шырышты қабықпен қапталған.
Ауыз-жұтқыншақтық және мұрын-жұтқыншақтық беткейлерден тұрады.
Гистологиялық сызық болады. Мұрындық беткейге ығысады.
Эластикалық талшықтар болады.
Шырыш асты негіз - борпылдақ дәнекер тінінен тұрады, құрамында адипоциттер көп болады. Таңдай бездері орналасады. Ауыз қуысына қараған бетіне ашылады.
Жұмсақ таңдайдың мұрын қабатына қарайтын аймағының шырышты қабатында кірпікшелі эпителий болады. Бүртікшелері болмайды.

Тіл
Шырыш асты негіз болмайды. Үстіңгі және бүйір беткейлеріндегі шырышты қабық оның бұлшықетті денесімен бірігіп, бүртікшелермен жабдықталған. Төрт түрлі бүртікшелері болады: жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, науалы және жапырақ тәрізді. Бүртікше тірегін меншікті табақша өсіндісі құрайды. Бұл біріншілік бүртік, сыртынан дәнкер тінінен тұратын екіншілік бүртік шығады.

Жіп тәрізді бүртікшелер
Саңырауқұлақ тәрізді бүртікше
Науа тәрізді бүртікше
Жапырақ тәрізді бүртіше
Саны жағынан ең көбі, тілдің үстіңгі бетін бірқалыпты қаптап тұрады. Ең майдалары.
Жір тәрізді , саны дағынан көп емес, тіл арқасыенда орналасады. Тіл ұшында және бүйірінде шоғырланған. Жіп тәріздіге қарағанда үлкенірек. Төменгі негізі жіңішке, үсті қалпақша тәрізді. Қалпақшаларында дәм сезу буылтықтары бар.
Үймекпен қоршалған бүртікшелер. Түбір үстіңгі бетінде орналасады. Тіл денесі мен түбірінің аралығында. Шырышты қабықшаның деңгейінен жоғары тұрады. Бүртікшені айнала терң, жіңішке жүлге - науа болады. Науа бүртікшені үймектен бөледі.
Балаларда ғана жақсы дамыған. Тілдің оң және сол бүйірлік аймақтарында орналасады. Бір-бірімен тарлау кеңістіктер арқылы бөлінген. Без өзектері ашылады. Эпителий ішінде дәм сезу буылтықтары болады.

Қолданылған әдебиеттер
Ю. И. Афанасьев, Н. А. Юрина “ Гистология. Эмбриология. Цитология” оқулығы, 2021ж. ISBN 978-5-9704-3020-0, 533-542беттер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz