Қазақ шежіресі



Мұхаметжан Тынышпаев-тұңғыш қазақтың технигі.
Орындаған: Жамалбек Х
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Тараз 2019ж

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өмір баяны
2. М. ТЫНЫШБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
3. Тынышбаевтың таңдамалы еңбектері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті бірнеше ұрпақтың арманы болды. Отаралық билік кезіндегі Қазақсатн тарихы зорлықшыл саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдермен ерекшеленеді.
Кезінде тәуелсіздігіміз, азаматтағымыз үшін күрескен, сондықтан кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандығына айналған, есімдерін осы саяси тәртіп кейінгі ұрпақ санасын «тазартуға» күш салған тұлғаларды тарихымызға оралту аса қажет. Сондай ірі қайраткерлердің және ғалымының бірі- Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1938) . М. Тынышбаев тәрізді тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне обьективті бағаа беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де керек.

1. Өмір баяны
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) - қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған

Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М. Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М. В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.

М. Тынышбаев. Қазақтан шыққан тұңғыш техника маманы
Мұхамеджан Тынышбаевтың 1900-1906 жылдар аралығында Санкт-Петербург қаласындағы император Александр I атындағы Жол Қатынасы инженерлері корпусы институтында білім алғаны белгілі /38/.
XX ғасырдың басында ғана емес, тіпті 50-жылдарға дейін де сирек кездесетін мұндай күрделі мамандықты М. Тынышбаевтың тандануына, оның жаратылыс тану ғылымдарына деген ерекше қабілеті әсер етті. Техникалық білімді, осы ғылым саласына деген табиғи бейімділікті қажет ететін бұл мамандыққа келуіне сонымен бірге, тарихи объективті жағдайлар да себепші болған еді. Мүны XIX ғасырдың соңындағы Қазақстандағы жол қатынасы тарихынан анық байқауға
болады.
Жалпы, Ресейде XIX ғасырдың 60-жылдарының соңымен 70-жылдарының басында басталған жол құрылысының алғашқы өрлеуі, Түркістан өлкесіне де өз әсерін тигізген болатын. Мәселен, осы жылдары Жол Қатынасы Министрлігіне Қазақстанда темір жол салу туралы ұсыныстарымен кәсіпкерлер келуі жиілеген еді. Олар Орынбор мен Ташкентті жалғайтын темір жол салу туралы тілек білдіре бастайды. 1874 жылы Орыс Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімінде, Орынбордан бастап, оңтүстікке дейінгі жол тартылатын аймақты зерттеу туралы арнайы комиссия құрылады. Бірақ бұл іс нақты нәтижеге жеткен жоқ.

М. ТЫНЫШБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1890 ж. 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданды.
1900 ж. 21 жасында гимназияны бітіреді.
1900-1906 жж. Император І Александр Петербург Жол Қатынасы Инженерлері тутының студенті.
1905 ж. Профессор Бодуэн-дэ Куртэнэмен (поляк), Кусовпен (украин), журналист (еврей) бірігіп, автономист-федералистер одағын құрды.
1905 ж. 19 қарашада Петербург қаласында автоно- мист-федералистердің Эсерлік одағының І-ші съезінде "Қазақтар және азаттық қозғалыс" атты баяндама жасады.
1905 ж. Бүкіл қазақ халқының атынан Ресей Министрлер Комитетінің төрағасы С. Ю. Виттеге хат жазды.
1907 ж. сәуірде Жетісу түземдіктері атынан 2 Мемлекеттік Думаға сайланады.
1908 ж. 1 тамыздан Ашхабад қаласында Жол қызметі дистанциясы бастығының көмекшісі.

1911 ж. Урсатьевск-Әндіжан станциясының темір жол құрылысы бастығы әрі бас инженері.
1912 ж. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірігіп, "Қазақ" газетін шығаруға қатысты.
1914 ж. бастап Жетісу темір жол құрылысында болды.
1914-1915 ж. "Қазақ" газетінде "Қазақ инженері" деген бүркеніш атпен көптеген мақалар жазып отырды.
1916 ж. Жетісу жеріндегі Патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясаты
туралы белгілі мәлімдемесін господину Туркестанскому генерал-губернатору") қалдырды.
1917 ж. 6 сәуір. Уақытша Түркістан өлкесін (Самарқанд, Закаспий, Жетісу облыстары мен Хиуа, Бұхара) басқаратын Түркістан комитетіне мүше болып тағайындалды.
1917 ж. 24 сәуір. О. А. Шкапскиймен бірге 1916 жылғы көтерілістің зардабын жою үшін жіберілді.
1917 ж. 26 қарашада Қоқан қаласында ІҮ Төтенше өлкелік мұсылмандар съезінде М. Тынышбаев басқаратын Түркістан (министрлер кеңесі) мен 54 мүшесі бар Халық билігі кеңесіне берілді.
1917 ж. 28 қараша. "Түркістан төрағасы болып сайланды.
1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ Алашорда үкіметінің Ә. Бөкейхановтың орынбасары болып сайланды.
1918 ж. 24 маусым Ә. Бөкейханов, Х. Ғаббасовпен бірге Алашорда үкіметінің бірнеше заң-актілерін шығарды.
1918 ж. 8-23 қыркүйек. Құрылтай Жиналысы мүшелері Комитеті (Комуч) ұйымдастыруымен өткен Уфа кеңесіне қатысты.
1919 ж. 16 сәуір. Жетісу халқының ауыр жағдайы туралы адмирал Колчакқа хат жазды.
1919 Ережеге байланысты өз пікірлерін білдіріп, А. Бірімжанов, Р. Мәрсеков және т. б. бірігіп Колчак үкіметіне хат жолдады.
1919 ж. 26 мамырда Омбы қаласында М. Тынышбаевтың қатысуымен Ерекше Кеңес өтеді.
1920 ж. баевтың басқаруымен қазақ съезі өтті.
1920 ж. сәуір айында Түркістан Автономиялық Кеңес- Социалистік қаласына шақыртылады. Ол халық шаруашылығының әр саласында қызмет атқарды.
1920-1921 ж. Түркістанда темір жол бөлімінде қызметте болды.

1922 ж. 4 желтоқсанда Ташкент қаласында құрылған "Талап" қоғамының мүшелігіне сайланды.
1924 ж. Ташкентте Жер Суландыру бөлімінде қызмет атқарды.
1924 ж. Орта Азияны ұлттық межелеуге байланысты, Орталық Атқару Комитетінің Жерге орналастыру комис- сиясының құрамына көшпелі шаруашылық жөніндегі Бас маман және Техникалық Кеңестің мүшесі болып тағайындалды.
1924 ж. Ташкент қаласында құрылған Қазақтың педагогика институтына шақырылып, онда физика мен математикадан дәріс оқыды.
1925 ж. Қазақстан Республикасының астанасын өзгертуге байланысты, Қызылорда қаласын көркейту жұмыстарын басқарды.
1926 ж. Қатынасы Басқармасының комитетінің Жол бөліміне басшылық етті.
1930 ж. 3 сәуірде Алматы қалсында Өлкетану бойын- қазақстандық І-ші ғылыми зерттеу сеьзді ашылды. М. Тынышбаев арнайы шақыртылды. Онда "Жетісудің өткені (тарихи-археологиялық тәжірибе) " атты үлкен баяндама жасайды.
1935 ж. көктем-жаз. Жер аударылу мерзімі аяқталып, елге оралды.
1935-1937 жж. Гурьев-Қандыағаш темір жолы құрылысында істеді.
1937 ж. 21 қараша. Өзбек ССР-і Ішкі Істер Халық Комиссариаты тұтқынға алды.
1938 ж. 20 сәуірде М. Тынышбаев ресми құжаттар бойынша "атылды".
1958 ж. 28 ақпан. Қазақ ССР-і Жоғары Соты М. Тынышбаевтың қылмысы жоқтығы туралы Шешім қабылдады.

Темір жолда жұмыс істеуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz