1916 жылғы көтеріліс бүкіл



«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ғасырдан астам уақытқа созылған ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов, Сыбанқұл Ханқожин және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Б. Әшекеев сияқты ел таныған көсемдер мен батырлар бастап шықты. 1916 жылғы көтеріліс, Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалысынан кейінгі кең-байтақ қазақ даласының барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды.

Осыдан тура 105 жыл бұрын Ресей патшасының қазақтарды Бірінші дүниежүзілік соғыс майданына қара жұмысқа алу туралы шығарған жарлығы қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. 1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасының Түркістан өлкесі мен ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы шықты. Жерінен айырылып, патша әкімшілігінің жергілікті жердегі озбырлығынан жапа шеккен қазақ халқы осы жарлықтан кейін қарулы көтеріліске шықты.

Либералдық-демократиялық зиялылар: Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды. Халықты өкіметке қарсы шықпауға, жарлықты орындауға үгіттеді.

Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері: Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Меңдешов, Б. Алманов, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа алудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.


1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі əскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Революцияның ірі ошағы - Қарқара аймағы: 5мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады (1916 жылы 11 тамыз) . Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды (1916 жыл, 10-12 қыркүйек) .

Жетісу көтерілісінің жетекшілері: Б. Әшекеев, Т. Бокин, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, А. Қосанов.

Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. 1918 жылдың қыркүйек айында қаза тапты.
Көтеріліс басшыларының бірі - Тоқаш Бокин үгіт жұмыстарына басшылық етті:
Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында оқыды, сот органдары мен Верныйдың қоныс аударушылар басқармасында аудармашы болып жұмыс істеді.
Соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды.

Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді: 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы.
Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды.
1916 жылғы қазан - патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы” шешімі шықты:
Пішпек, Прежевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн. 510 мың 360 десятинасы тартып алынды.
Жетісудағы 238 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті.
37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды.

Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш теі болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді.
1916 жылы 9 қыркүйек - жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.
Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.
Прежевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
1916 жылғы қазан айында - Жетісу көтерілісі талқандалды.

Торғай көтерілісі
Торғай көтерілісінің басшылары А. Иманов, Ə. Жанкелдин 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай көтерілісінің ерекшелігі:
Табанды болып, ұзаққа созылды.
Билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан жүргізілді.
Басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.
1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны - 20 мыңға, 26 қарашада - 50 мыңға жетті.
1916 жылғы 22 қазан - Амангелді Иманов бастаған басшылықпен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.
Көтеріліс басшысы - сардарбек Амангелді Иманов өзіндік тактика қолданды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz