Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік медициналық университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультет: Стомотология

Кафедра:

Дисциплина: Саясаттану

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары мен саяси элитасы

Орындаған: Агизов С. А

Тексерген: Молдин Б. А

Курс: І

Топ: 101

Ақтөбе 2016

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

1. Саяси көшбасшылар типологиясы

2. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары

3. Қазіргі Қазақстанның саяси элитасы

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Саяси көшбасшы - жеке тұлғалық қасиеттері саяси процестер

мен жағдайларда маңызды рөл атқаруға мүмкіндік беретін

ұйымның, топтың, қоғамның ең беделді мүшесі

Лигитимдеу принципі бойынша: дәстүрлі, харизматикалық, рационалды

Ауқымы бойынша: жалпы ұлттық, таптық, белгілі бір жіктерді, топтардың,

этностардың, аймақты көшбасшылары

Бағыныштылықтарына байланысты: авторитарлы, тотолитарлы, демократияшыл

Билікке қатынасына қарай: билеуші және оппозициялық, ресми және бейресми

( Макиавелли жіктеуі бойынша: «арыстандар» мен «түлкілер» )

Slide 4

Маргарет Джордж Херманың жіктелісі бойынша

Саудагер - басқа адамдарды өз алдына қойған мақсаттарына сендіре біліп, және орындалу кезінде халық бірігуін талап ететін көшбасшы

Қызмет етуші - өзінің артынан ергендердің, сайлаушылардың мүддесін дәл білдіріп, орындаушы ретінде көріне бәлетін көшбасшы

Өрт сөндіруші - ең қиын, күттірмейтін жағдайларда жол таба білетін көшбасшы

Флагман - өз көзқарасы, болжамы болып, болып жатқан оқиғаларды түсініп, озгерту жолын анықтап көрсете алатын көшбасшы

( 5. Марионетка )

Slide 5

Ұлт көшбасшысы - Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан - ТМД елдері арасында ұзақмерзімді стратегиялық жоспары бар санаулы мемлекеттердің бірі. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы ең қиын кезеңде елдің қайда бағыт алатынын айқындаған айрықша маңызды құжат болатын. Осынау факторлардың барлығы біріге келгенде Қазақ елінің бүгінгі

толағай табыстарына толыққанды тұғыр болғаны сөзсіз.

Қазақстанның тиімді экономикалық жаңғыруының негізі оның сәтті реформаларының жүзеге асуынан: қаржы-банк саласының, зейнетақы жүйесінің және басқа да көптеген салаларының заман талабына сай, әрі тез арада түбегейлі өзгеруінен бастау алады. Елбасының «алдымен экономика, сосын саясат» деген ұстанымы өзінің айрықша тиімділігін көрсетті. Мемлекет алдымен экономикалық түйткілдерді шешіп алып, содан кейін ғана саяси жаңғыруға аяқ басты.

Slide 6

А. Князев, саясаттанушы:

“Қазақстандағы үдерістер Қытай эволюциясын еске түсіреді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, яғни қатаң авторитарлық саяси жүйе жағдайында алдымен экономика реформаланды, ал экономикада белгілі бір нәтижелерге жеткеннен кейін біртіндеп саяси жүйе де ырықтандырылуда… Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары - бұл саяси лидерлерді белсенді етуге берілген белгі. Саясатшыларда жақсы уақыт қоры бар, өйткені, Президент өзінің өкілеттігін мерзімі аяқталғанша, 2012 жылға дейін сақтайды. Ол кезге қарай капитал жинақтап, атыңды танытуға болады”.

Slide 7

Осының барлығы Қазақстан басшысының ұстанымы өте дұрыс екенін көрсетті. Оның айрықша көрегендігі мен өз ұстанымдарына деген табандылығы барша Қазақстан халқын талай құрдымдардан аман алып шықты.

Дағдарыстың алғашқы белгілері біліне бастаған шақта Президенттің бастамасымен дереу қолға алынып, жүзеге асырылған «Жол картасы» бағдарламасы мен басқа да сауықтыру шаралары Қазақстанды әлемдік экономикалық цунамиден бойына дым да жұқтырмай, халықтың барлық топ өкілдерін: атап айтқанда, қарапайым ауыл тұрғындарынан, шаруалардан бастап, шағын және орта бизнес, тіпті ірі банк құрылымдары мен алпауыт компанияларға дейін селден құрғақ шығуына себеп болды.

Сондықтан да, әлеуметтік сауалнамалар бойынша дағдарыстың ең күшейген уақытында халықтың дені ертеңіне сеніммен қарай алды, ал 70 пайызға жуығы атқарушы биліктің дағдарыспен күрес шараларына аса ризашылықта екендіктерін жеткізді.

Slide 8

Труд газеті Қазақстан Президентін посткеңестік кеңістіктегі саясатшылар арасындағы ақсақалы атап, былай деп атап көрсеткен: “Назарбаев өзінің рационализаторлық ұсыныстарын конституцияға өзгерістер формасында бейнелеп, оларды әділ түрде іргелі деп сипаттады”.

А. Дубнов, саясаттанушы: “Назарбаев шынында да посткеңестік кеңістіктегі аса көрнекті көшбасшы. Ол әрдайым алдымен экономикалық, содан кейін барып саяси реформаларды жүргізетінін айтып келді”.

С. Марков, Саяси зерттеулер институтының директоры: “Қазақстан азиялық жолдан дамудың шығысеуропалық жолына бұрылды. Назарбаев 15 жыл бойы Қазақстанды авторитарлық жаңартуды өте табысты жүргізді. Ол тұрмыс деңгейін көтерді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсу қарқынын ұлғайтты. Енді осы негізде саяси жүйені біртіндеп демократияландыруды бастады. Мен мұның назарбаевша, яғни баяу, біртіндеп және оң нәтижелермен жасалатынына сенімдімін”.

Slide 9

А. Власов, саясаттанушы: “Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі саяси өзгерістер туралы ұсыныстары биліктің сөзден нақты саяси реформаларға көшкенін көрсетеді. Елдің саяси жұртшылығы мәлімделген өзгерістерді және, ең алдымен, саяси партиялар рөлінің кеңейтілуін дұрыс қабылдады. Назарбаев ұсынғандардың ішінен шешуші бір қағиданы даралап көрсету қиын, өйткені оларды елді демократияландыруға бағытталған біртұтас шаралар кешені ретінде қарастыру керек”.

А. Билалов, Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары: “Конституцияға ұсынылған өзгерістерді жалпыұлттық мәміле жағына қарай жасалған қадам деп қарастыруға болады: Парламентке депутаттардың бір бөлігін Қазақстан халықтары Ассамблеясымен келісе отырып ұсыну бастамасы - жақсы өнеге. Сайып келгенде, реформа қазақ қоғамының тұрақтылығы мен беріктігіне жәрдемдесуі тиіс”.

Slide 10

Қазақстандағы саяси партиялар

және олардың көшбасшылары

1. «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

2. Қазақстан коммунистік партиясы

3. Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

4. Қазақстанның патроиоттар партиясы

5. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

6. «Руханият» партиясы

7. «Әділет» демократиялық партиясы

8. Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

9. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)

10. Асар» партиясы

11. Қазақстанның аграрлық партиясы

12. Қазақстанның азаматтық партиясы.

Slide 11

«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары - Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды.

Slide 12

Қазақстан коммунистік партиясы

Партияның бірінші хатшысы - Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар.

Slide 13

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТҰНҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Саяси элита
Қазақстанның саяси элитасы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
БӨЖ ЖҮЙЕ
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
Қазақстанныңүшіншіжаңаруындағы цифрлық технология
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК
Саяси партиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz