Эмпатия өзгенің жағдайын сезініп, түсіне білу


Slide 1

Құндылық мәндік белгілер бойынша: гуманистік педагогика

Орындаған: Дакей Бота

Мұсатаева Нұргүл

Тексерген: п. ғ. д., профессор Амирова А. С

Slide 2

Жоспар:

Гумандың педагогиканың мәнін ашу

Гумандық педагогиканың жарқын өкілдері

Slide 3

К. Роджерс бойынша, «толғымен қалыптасқан адам», ол өз сезімін, сұранысын мойындайтын, барлық білім көздерін қабылдай алатын, өзінің табиғатына жауап беретін іс әрекетті тандай алатын, жауапкершілігі мол адам.

К. Роджерстің зерттеуі бойынша психолог, гуманистік ұстаз екі негізгі: эмпатия мен конгруэнтты қасиетті және актуалды тұлға болу керек.

Конгруэнтты бұл оқушылармен қарым-қатынастағы шынайылық, өзімен өзі бола тұра, ынтымақтасуға да мүдделі болу.

Эмпатия өзгенің жағдайын сезініп, түсіне білу. Бұл екі қасиет ұстаз тұлғасының бойында дұрыс педагогикалық бағытты дамыту үшін көмек беруге дайын болуы керек.

Slide 4

Гуманистік психологиясы өкілдерінің ұйғаруынша, оқушыны нысана еткен, оқытуға барынша ұмтылған мұғалім педагогикалық қатынасудың мынандай ережелерін берік ұстанулары қажет:

- балалардың бойына сенімділік ұялату;

- топтар мен жеке адам алдына қойған мақсаттарды тұжырымдауды балаларға үйрету;

- балалардың бойындағы оқуға деген уәжге қарай бағамдау;

- оқушыларға барлық сұрақтар бойынша тәжірибе көзі ретінде бола білу;

- эмпатияға ие болу оқушының жеке тұлғасын түсіне білу, ішкі көніл-күйін сезіну, және оны пайдалану;

- топтық өзара қарым-қатынастарында белсенді қатысушылардың бірі болу;

- топта өзінің ойын ашық түрде жеткізе білу, оқытудың жеке дара бояуын келтіре білу;

- оқушылармен жылы қарым-қатынаста еркін сөйлесе білу стилін меңгеру;

- өз-өзіне баға бере білу, бірқалыпты сезім күйін көрсету, өмірге деген құштарлығы мен өзіне деген сенімділігі мықты болу.

Slide 5

Гуманистік педагогика тұжырымдамасының негізін атақты ұстаз, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Академиясының толықтай мүшесі Шалва Александрович Амонашвили салды. Гуманистік педагогика баланың жеке басына және оның рухани негізіне бағытталған.

Гуманистік педагогика субъективті, оның дайын әдістемелері мен құралдары жоқ десе де болады. Бізге, педагогтар мен ата-аналарға оны әрбір балаға деген қатынас бойынша өз жүрегімізден іздеу маңызды.

Гуманистік педагогиканың айтуы бойынша, тәрбие - бұл бейнелер арқылы азықтану.

Slide 6

Гуманистік педагогиканың нысанасы

Slide 7 Slide 8

Ежелгі дəуір ойшылдары да гумандылық туралы өздерінің түйінді ойларын келтіріп отырған. Бұл ерекшелік ауыз əдебиеті үлгілеріне де тəн. Енді солардың кейбіріне назар аударалық. "Ер Төстік", "Тазша бала", "Алдар көсе", "Жиренше" т. б. сондай ертегі, аңыздардағы ұнамды кейіпкерлердің барлығы да əділдік, ізгілік, адамгершілік жолындағы іс - əрекеттерімен бағалы. Ал "Алпамыс", "Қобыланды", "Қозы Көрпеш Баян сұлу" т. б. жырларда ел мүддесін көздеген ерлік пен кіршіксіз махаббат тақырыбы арқылы ізгілік арқауы таратылған.

Slide 9

Гумандық педагогика классикалық педагогика негізінде құрылған, олардың жарқын өкілдері

Олардың барлығы аса көрнекті, ізгілікті - этикалық идеялардың өкілдері болды. Бұл ғалымдардың педагогикасы нақты ғылымға емес, дүниеге деген көзқарасқа, терең философиялық білімге негізделді. Өздерінің педагогика жайлы ойларын пайымдау немесе ой-толғау ретінде, кейде əдеби шығарма ретінде жеткізген (мысалы, Корчактың «Когда я стану маленьким» атты романында, Макаренконың «Педагогикалық поэмасында» айқын көрініс тапқан) .

Slide 10

Гумандық педагогика - бұл əрбір баланың өзінен жəне өзгеден жарықты, жылуды таба білуі. Ал гумандық педагогиканың басты принциптеріне - баланың қоршаған ортасын жандандыру жатады. Əрбір іс-əрекетте, сөзде тəрбиелік мəн болуы керек. Сыныпта ізгілікке толы емес бірде бір сөз айтылмауы тиіс.

Гумандық педагогика - əрбір ұстаз үшін ерлік. Өзінен ертедегі ұрпақ тəжірибесіне сүйене отырып, əр педагог өз жолын таңдайды.

Гумандық педагогика - бұл əр балаға өз тағдырын таңдауға көмектесу. Əр адам өз тағдырын, өз жолын жəне де өз міндетін ұғынуы тиіс. Ал оған ерте балалық шақтан жол сілтейтін - ұстаз.

Slide 11

Ғалымдардың пікірлері

Ал қазіргі таңдағы педагогикада бала - материалды субстанция ғана. Коменский бойынша - бала ол ғажайып бір құбылыс жəне сол ғажайыпты бала бойында дамыту ұстаздың міндеті

Сухомлинский бұл ойды былай жеткізеді: «Адамгершілігі жоқ қоғамда баланың тəрбиесі жүзеге аспайды». Осы ойдан келіп шығатын тағы бір мəселе, гумандық педагогикаға шектеу қойып отырған авторитарлы білім беру жүйесі. Авторитарлық - айналасындағы адамдармен қатынасында өктемдік көрсететін адамның мінез-құлығының сипаттамасы

Slide 12

Ұлы ойшыл В. И. Вернадский: «Қазіргі таңдағы қоғамда адамзат көп жағдайда, шындыққа жанаспатын идеялармен айналысады. Мұндай идеяларды біздің қоғамымызда, əлеуметтік жүйемізде авторитарлық педагогика деп атайды», - деп өз ойын жазған болатын.

Корчактың ойынша, жарқын балалық шақсыз бақытты өмір құрылмайды. Осыдан балалық шақты аялау керек екенін түсінеміз. Балаларды тəрбиелеу мəселесі бойынша негізгі еңбектердің бірі «Баланы қалай сүю керек?» атты кітабы, онда педагогтың ақылымен таңқалдырған ойларына тап боламыз: «Адамның ең маңызды кездесулері - оның балалармен қауышуы екенін ұмытпа. Балаларға үлкен көңіл бөл. Біз ешқашан бала жанындағы кіммен кездесетінімізді білмейміз». «Өз балаңды əр жағдайда сүйе біл - ол дарынсыз, сорлы, ересек болса да! Онымен қуана тілдес, себебі бала барында мереке».

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет
Педагогиканың адамгершілік әдіснамасын негіздеу
Өзін - өзі тәрбиелеудің қосымша әдістері
МҰҒАЛІМ ИМИДЖІ
Қарым - қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі
ПСИХОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Толеранттылық шаршысы
Рухани адамгершілік білімінің қазіргі әлемдегі басымдылығы
Педагогтың жеке тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz