Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілерін қою ережелері


Slide 1

Айқындауыш мүшелердің тыныс белгісі

Slide 2

1. Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе

Slide 3

Мысалы:

Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан (М. Әуезов) .

Slide 4

Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер екі жағынан сызықша алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қойылады:

Біз - Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз- үйден шықтық. (С. Мұқанов) .

Slide 5

Айқындауыш

Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:

Slide 6

Өзінен бұрыңғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:

Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласы н, Нұрлан мен Нұржан ды, жұрт көп мақтайды.

Slide 7

Ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермеен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса;

Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі.

Slide 8

Ескертулер!

Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің құрамында болмай, жеке қыстырма сөз ретінде келсе, үтірмен жалғыз өзі ғана бөлінеді:

Мысалы, таза мыс электр тогын жақсы өткізеді.

Slide 9

Әсіресе, көбіне, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған мүше болатын сөз тіркесіне емес, жалпы сөйлемге қатысты болуы мүмкін. Ондайда бұл сөздер ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді:

Алматылықтар жазда көбінесе тауға шығады.

Slide 10

б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады:

Айтып тұрған мына мен, Бақбергенмін. (М. Әуезов)

Slide 11

Жалпы мезгілді, мекенді білдіретін пысықтауыштардан кейін, сол мезгілдің дәл қай кезі, сол мекеннің дәл қай жер екенін ашып көрсететін анықтауыштар оңашаланады:

Түнде, сағат 12-де, поезд келді.

Slide 12

Сияқты, ретінде, қатар, емес (емей), түгіл деген сөздермен келгенде және -дай, -дей, - тай, -тей жұрнақты сөздермен келген тіркестер де, оңашаланған мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді:

Жамбыл 70-80 жылдарда, ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығара бастады.

Slide 13

Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді:

Жорыққа аттанған шаңғышылардың саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда, он алты.

Slide 14

Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орын ауысып) келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады:

Мұқанның баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның.

Мұқанның, менің былтыр өлген ағамның, баласы ғой.

Slide 15

Пысықтау сұрақтары:

Slide 16

Кім жүйрік?

1

2

3

4

Slide 17

1 СҰРАҚ

Сөйлемнің тыныс белгілерін қой.

Абай былтыр боқырауда күзем үстінде қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан Есенбайдан кеткен болатын.

Slide 18

Жауап:

Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын.

Slide 19

Кім жүйрік?

1

2

3

4

Slide 20

2 СҰРАҚ

Мына сөйлемнің ішіне үтір қойылмайды. Келісесіз бе?

Олардың ішінде үй іштерімен шығатындар да көп.

Slide 21

2 ЖАУАП

Slide 22

Кім жүйрік?

1

2

3

4

Slide 23

3 СҰРАҚ

Тыныс белгісін қой.

Олар жас жігіттер мен жас қыздар қиын жұмыстардан бас тартпады.

Slide 24

3 Жауап:

Олар, жас жігіттер мен жас қыздар, қиын жұмыстардан бас тартпады.

Slide 25

4 СҰРАҚ

Сөйлемнің ішінен айқындауыш мүшені анықта, тыныс белігісін қой:

Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады.

Slide 26

4 ЖАУАП:

Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Сөйлемнің айқындауыш мүшесі: түрлері мен тыныс белгілері
Сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қызметтері мен қолдану ережелері
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері, қызметтері мен қолдану ережелері
Қазақ тіліндегі тыныс белгілері: пунктуацияның принциптері мен қолдану ережелері
БЖАИЖ (ИВБДВ) бойынша патронаждық медбикелерді оқыту: жүрек соғу мен тыныс алу жиілігін және жалпы қауіп белгілерін бақылау
Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауышқа сызықша қою ережелері мен сөйлем талдауы
Иммундық жауапта орталық және шеткі лимфоидты мүшелердің рөлі
Остеология: жануарлар қаңқасының құрылымы мен мүшелердің топографиялық орналасуы
Тыныс алу ағзаларының аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық мәні: сыртқы тыныс қызметін зерттеу
Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері: ЭКГ, ЭЭГ және ЭМГ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz