Гипертрофиялық семіру


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы

СӨЖ

тақырыбы: Семіздіктің эндокринді түрлері, жіктелуі, қауіп факторлары.

Орындаған: Көпжасар А.

Қабылдаған: Амангельдиева Г.

Тобы: ЖМҚБ 01-20

Шымкент 2022 жыл

Slide 2

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 2. 1 Этиологиясы, Патогенезі 2. 2 Жіктелуі 3. 2 Диагностикасы

III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар

Slide 3

Семіру - организмде үшглицеридтердің тым жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай. Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30%-дан 60%-ға дейіні артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20-35 жас аралығында кездеседі.

Кіріспе

Slide 4 Slide 5

Адам қолданылатын тағамның калория мөлшері организмнің энергетикалық жұмсауларының артылған шақта, семіздік дамиды. Оның жиі кездесетін себептерінің бірі-дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ қабылдау, негізгі тағам көлемін кешкі сағаттарда қабылдау) және физикалық жүктеменің азаюы. Тұқым қуалай отырып, анықталған себептер: егер ата-анасы мен әкесі де артық салмақты болғанда-80%, егер арықтау болып келсе, баласында-14% жағдайда осы ауру дамиды.

Этиологиясы

Slide 6 Slide 7

Патогенезі

Семіздіктің барлық түрінде май алмасуын реттейтін орталық механизмдері бұзылады. Гипоталамуста қанығу орталығы (вентромедиалды ядро) және тәбет орталығы орналасқан, олар тамақ қабылдауды өздігінен реттеп тұрады. Гипоталамустың қабынулық немесе жарақаттанулық зақымдануы осы орталықтарды қоздырып, тәбетті ұлғайтады, ол гипоталамустық семіздікке әкеледі.

Біріншілік ( семіздік, бұл отбасылық көрініс)

Екіншілік (гипоталамустық және эндокриндік семіздік)

Жіктелуі

Slide 8 Slide 9

Дене массасының артық мөлшеріне байланысты:

Сатысында - артық салмақ қалыптағыдан 20-29% артық II сатысында - 30-49% III сатысында - 50-99% IV сатысында - 100% Дененің дұрыс салмағын білу үшін арнайы кестелер қолданады немесе дене салмағының әріпсанын есептейді, ол үшін дененің салмағын (кг) бойды4 9зындығына (м) бөліп, квадратын шығарады, қалыпты жағдайда ол 20, 0-24, 9 тең

Slide 10 Slide 11

Біріншілік семіру

Біріншілік семірумай тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондардың байланыстарының бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрініетін дерттік жағдай.

Нейропептид

Аштық сезімін туындатып, тәбеттің ашылуына әкеледі Кейбір эндокринді бездердің гипофиз арқылы және гипофизден тыс реттелулеріне қатысады Инсулин өндірілуін арттырады Тамақ қабылдауға түрткі болады Апидоциттерде май жиналуына әкеледі

Slide 12

Біріншілік семірудің дамуына тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор. Ата анасының біреуінде семіздік болса, онда олардың туған балаларының 56%-да семіруге бейімділік болады. Ал, екі бірдей толық адамнан туылған балалардың 78%-да артынан семіру пайда болады.

Slide 13

Профилактикасы

Осы келтірілгендерге байланысты семірудің бұл түрін емдеу қоректенуді азайту мен емдік гимнастикаларға ғана бағытталып қоймауы керек. Негізгі потогенездік емшаралар организмде лептиннің деңгейін көтеруге бағытталғаны жөн Сонымен липозтаздық жүйеде гипоталамус, ішек гормондары, бүйрек үсті бездері, ұйқыбездің Вжасушалары және май тіні аралық қатынастардың маңызы өте зор. Олардың өзара әсерлері дене салмағының тұрақтылығын және организмнің метаболизмдік мұқтаждығына сәйкес қоректену тәртібін қамтамасыз етеді.

Slide 14

Екіншілік семіру

Екіншілік семіру- бастапқы кездерінде апидоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік аурулар нәтижесінде байқалады.

Slide 15

Этиологиясы

Жүйкелікөэндокриндік бұзылыстардың дамуы нәтижесінде байқалатын семіру. Бұл семіруді гипоталамустық-гипофиздік (орталықтық), басқа эндокриндік бездердің қызметі бұзылыстарына байланысты (шеткерілік) семіру деп ажыратады

Орталықтық түрі гипоталамус пен гипофиздің көптеген бүліністері кезінде байқалады. Бұл бүліністерге: гипофиздің базофилдік аденомасы (Иценко-Кушинг), жекелеген гипофитуитаризм, гипофиздік ергежейлік т. б синдромдарды келтіруге болады. Шеткерілік түрі: Иценко-Кушинг синдромы, инсулинге тәуелсіз қантты диабеттің екінші түрі, гипотиреоз, гипогонадизм, инсулинома т. с. с шеткері бездердің дерттерінде кездеседі

Slide 16

Гипоталамустық семірудің кейбір түрлері ерекше өтуіне байланысты бірнеше аурулардың жекеше түрлерін ажыратамыз

Прадер-Вилли синдромы Лоуренс-Мун-Барде-Бил синдромы Стюарт-Морганьи-Морель синдромы Альстрем синдромы Карпентер синдромы

Гипертрофиялық семіру

Май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты жағдайда олардың көлемі 0, 3 мкл шамасында болса, гипертрофиясы кезінде 1, 0 мкл-ге дейін жетеді. Содан апидоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.

Slide 17

Гиперплазиялық семіру

Май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді. Дене салмағы өте үлкен мөлшерге жетеді. Семірудің бұл түрі гипертрофиялық түріне қарағанда ерте жаста байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі мүмкін. Тұқым қуалаушылық маңызы зор. Ересектерде де кездеседі.

Slide 18

Гиноидтық семіру

Майдың бөкседе, жамбаста, санда, дененің төменгі жақтарында, негізі әйелдерге тән жиналу. Өйткені еркектер мен әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр түрлі бөліктерінде а 2-катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді.

Май тінінің әр түрлі бөліктерінде әртүрлі гормондар өндіріледі. Мәселен, гиноидтық семіру кезінде апидоциттерде эстрогендер артық өндірілуінен анти атерогендік әсер байқалады, ал андроидтық семіру кезінде андрогендер артық өндірілуіден, керісінше атеросклероз дамуына қауіп төнеді. Гиноидтық семіру жартылай гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша болмайды.

Slide 19 Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Біріншілік семіру
Гиноидтық семіру
Семіру
Холестерин синтезі
Фибриноидты ісіну
Қызылиек қабынуы
Қалқанша безінің құрылымын ультрадыбысты зерттеу негізінде созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің жиілігін бағалау
Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері
Бауырдың потологиялық физиологиясы
Рефсум синдромы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz