Жұмыссыздық мəселесі


Slide 1

Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мəселесі

Жоспар:

1 Жұмыссыздықтың мəні, пайда болу себептері, зардаптары жəне түрлері.

2 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

3 Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы

Slide 2

Жұмысбастылық - еңбек қатынастары саласында қалыптасатын жұмыс орындарын қалыптастыру және жұмысшыларды жұмыс орындарына бөлу үрдісі

Жұмысбастылық жүйесінің негізгі элементтері:

Еңбек нарығы- еңбек потенциалын тиімді қолдану мүмкіндігін береді, жұмыс орындары үшін бәсеке тудырады, кәсіби өсу мүмкіндігін береді, жұмыс күшінің мобильділігін тудырады, . жұмыс берушілер мен еңбек күшін сатушылар мүдделерін үйлестіру механизмі.

Еңбек нарығының ерекшелігі - оны ретке келтіретін экономикалық факторлармен қатар:

әлеуметтік-психологиялық ситпат;

демографиялық жағдай;

еңбекке жарамдылардың экономикалық белсенділіктерінің дәрежесі;

еңбек құндылықтары тәрізді факторлар тән

Негізгі элементтері:

1. Жұмыс пен жұмыс күшін іздеу;

2. жұмысшыларды жалдау және жұмыстан шығару тіртібі;

3. еңбек жағдайы;

4. еңбекті бағалау деңгейін анықтау;

5. қызметкерлерді оқыту;

6. кәсіби және қызмет мобильділігі.

Slide 3

Қазіргі замандағы еңбек нарығының ерекшеліктері:

1. Жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне еркін ауысу мүмкіндігіне байланысты біріңғай еңбек нарығының болмауы.

2. Жұмыскерлердің білім, кәсіби біліктілігі, еңбек қызметі мәртебелерінің әркелкілігіне т. б байланысты еңбек ақы көлемінің деңгейінің бірдей болмауы

3. Еңбек орнын таңдау және еңбек мотивтері тек материалдық сыйақыға емес, сонымен қатар еңбек мазмұнымен, жағдайымен, қызмет мәртебесімен анықталады.

4. Еңбек нарығындағы жұмыскердің жағдайы және мүмкіндіктеріоның демографиялық сипатымен байланысты / жынысы, жасы, отбасылық жағдайы.

5. Көп жағдайда еңбек нарығы секторына ену территориялық-тұрақ құрылымымен анықталады: ірі қала тұрғындары, немесе ауыл.

Slide 4

Еңбек нарығында жұмыс

күшінің құны, жалдау және

Еңбек нарығы - бұл белгілі бір кезеңде мемлекет кәсіпорындарында ашылған Бос орындар жиынтығы. Яғни, бұл әртүрлі қызмет салаларында қызметтерді ұсынуға және жұмыс күшіне деген сұранысқа негізделген ерекше экономикалық қатынастар. Бұл ел экономикасының ажырамас бөлігі. Оған 2 негізгі функция жүктелген:

Әлеуметтік

Қызметкерлерді

тиісті табыс деңгейімен

қамтамасыз ету

Экономикалық

Елдегі жұмыс ресурстарын ұтымды пайдалану.

жұмыс шарттары

анықталады. Егер сұраныс пен ұсыныс арасында тепе- теңдік болса, онда елдегі жұмыссыздық аз болады.

Slide 5

Еңбек нарығында саудаға түсіп сатылатын- жұмыс күші немесе еңбек. Нарықтық қатынастардың маркстік теориясын жақтаушылардың пікірінше еңбек нарығында жұмыс күші (еңбек берушінің қанауына түсетін жұмысқа деген қабілет) сатылады.

Slide 6

Қазіргі эканомикалық теорияда еңбек нарығында еңбек былайша бөлінедінеді:

Сатылатын еңбек

Сатып алынатын еңбек

Slide 7

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.

Еңбек нарығында жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық мәселелерін шешу үдерісін реттеуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады

Slide 8

Еңбек нарығы- жұмыс беруші мен жалданатын жұмыс күшінің мүдделерін келістіретін механизм

Еңбек нарығына тән басты сипат - оның сегменттілігі

Еңбек нарығының сегменттігі - қызметкерлер мен қызмет орындарының тұрақты, жабық, жұмыс күшінің мобильділігін шектейтін зоналарға бөлінуі. Оның екі түрі бар:

Біріншісі- еңбекпен қамтамасыз ету тұрақтылығы, қызмет бабында өсу мүмкіндігі, басқару жүйесі, тиянақты және жоғары еңбек ақысы бар нарық

Екіншісі - мамандардың тұрақтамауы, еңбекпен қамтамасыз ету тұрақтылығы төмен, төмен жалақы т. б жағымсыз қасиеттермен сипатталатын еңбек нарығы

Slide 9

Еңбек нарығының сегментке бөліну себептері:

Өндірістің эканомикалық тиімділігі деңгейінің әр түрлігі

Еңбектің әлеуметтік тиімділігіндегі айырмашылықтар

Өндірістің әлеуметтік тиімділігі деңгейінің бірдей болмауы

Slide 10

Сыртқы еңбек нарығы - ел, аймақ, өндіріс салалары көлемінде қалыптасатын жұмыс берушілер мен жұмыс атқарушылар арасындағы әлеуметтік- еңбек қатынастарының жүйесі.

Сыртқы нарық - жұмыскерлердің бір өндіріс орнынан екіншісіне ауысулары арқылы жүзеге асады.

Slide 11

Еңбек нарығы туралы iлiмнiң теориялық iргетасын экономикалық ғылымның көрнекті өкiлдерi: Дж Перри, М. Фелдетогин, Д. Кейнс, М. Фридман т. б. Ғылыми әдебиеттерде еңбек нарығының төмендегідей концепциялары қарастырылған.

Бірінші концепцияның негізінде классикалық саясиэкономия жатыр. Мұның өкілдері неоклассиктер: Дж Перри, М. Фелдетогин. Бұл концепция бойынша еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты баға тепе-теңдігіне негізделеді немесе нарықтық реттеушісі баға болып есептеледі. Жалақы бойынша нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттеледі деген пікір айтты.

Екіншісі, кейнсиандық көзқарас. Бұл қатардағы ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығы әрқашанда тепе-теңсіздікке негізделген. Кейнстің үлгісі бойынша жұмыс күшінің бағасы қатаң бір қалыпта қалыптасады, іс жүзінде өзгермейді.

Бұл концепция бойынша: «жұмысшы күшіне сұраныс- нарық бағасы арқылы емес, жиынтық сұраныс арқылы - өнімнің көлемі арқылы реттелуі керек».

Үшінші көзқарас. Монетарлық үлгі бойынша «жұмысшы күші қатаң баға жүйесі арқылы біржақты бағыттағы өсімді қозғалыс» - деп танылады. Бұл концепция жұмыссыздықтың " табиғи" дәрежесі деген ұғымды ұсынған.

Төртінші институционалды мектептің көзқарасы. Бұл концепцияда жұмысшы күші, жалақы дәрежесі, кәсіпкерлік және салалық айырмашылықтарға көп көңіл бөлінген.

Slide 12

Еңбек нарығы В. И. Видяпиннің еңбектерінде толық талданған. Онда еңбек нарығы экономикалық категория ретінде «сатып алушылар мен сатушылар, сонымен бірге, жұмыс күшінің қозғалысы бойынша рыноктық қатынастар субъектілерінің мүддесін айқындайтын және оның өмір сүру құралдарына айырбасталуын қамтамасыз ететін сауда делдалдары арасындағы нақты экономикалық қарым-қатынастар мен байланыстардың жиынтығы», - деп түсіндіріледі.

Slide 13

Еңбек нарығының басты мәселесі-жұмысссыздық. Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Басқаша айтсақ -жұмыссыздық- жұмыс күшіңнің тауар өндіру мен қызмет көрсету саласына қамтылмай қалған бөлігінің болуы, бұл әлеуметтік - экономикалық құбылыс.

Slide 14

Жұмыссыздықтың негізгі экономикалық формалары:

Фрикциялық

Стагнативті

Циклдік

Құрылымдық

Slide 15

Фрикциялық жұмыссыздық - қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс.

Slide 16

Циклдік жұмыссыздық - елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде «экономиканың құлдырауының салдарынан еңбек күшіне деген сұранымның тапшылығына байланыстыболатын жұмыссыздық»- деп те атайды.

Slide 17

Стагнативті - ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, үміт үзумен байланысты

Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістегі технологиялық өзгерістер салдарынан жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын құбылыс (бір саладан кеткен жұмыскер басқа салаға орналаса алмаған жағдайда туындайды) т. б. .

Slide 18

Жұмысссыздарды топтасыру өлшемдері:

1. Мерзіміне қарай: мерзімді (6 айға дейін) ;

ұзақ мерзімді ( 6 айдан астам) ; тоқыраулық (жыл бойы) .

2. Көрініс беру сипатына қарай: (ресми тіркелген) ;

жасырын (жұмыспен толық тәулік немесе апта бойы

қамтамасыз етпеу, мезгілсіз жартылай немесе мүлде төлем

ақысыз демалысқа жіберу) .

3. Тұрғындардың әртүрлі топтарының қамтылу дәркежесіне

қарай: жастар жұмыссыздығы; әйелдер т. б. .

4. Географиялық көрінісіне қарай: жалпыұлттық

(республикалық), аймақтық.

5. Кәсіби білім дәрежесіне қарай : толық емес және орта

білімділер; оқу орындарын бітіргендер арасындағылар;

жоғары білімі барлар арасындағы, т. б.

Slide 19

Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері.

Slide 20

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті?

1. Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді. Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз мойнына алады. Алайда жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

Slide 21

2. Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады.

Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі. Тауарға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып,

жалақының кемуіне әкелетін

жолдың басы. Сөйтіп қоғам өзі

құрған тұзаққа өзі түседі.

Slide 22

3. Елдегі жұмыссыздық саяси жағдайдың шиленісуін өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.

Slide 23

4. Жұмыссыздық - қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді

Slide 24

Жұмыссыздықпен күрес жолдары

Тапсырма биржаларында және жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да түрлері құру

Жаңа жұмыс орындарын құру

Оқыту мен жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау

Қылмысқа қарсы күрес

Мінез-құлық тұрақтандыру саясаты

Мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру

Slide 25

Жұмыспен қамту тұрпаттары:

1. Толық қамтылғандар- тұрақты жұмыс, толық апта,

толық жұмыс күні;

2. Жартылай жұмыс істейтіндер -жұмыстары бар,

толық жұмыс күнін қамтымайды, толық жұмыс

күнін қалайтындар

3. жұмысссыздар -жұмыстары жоқ, іздестіруде,

жұмыс істеуге құлшынған;

4. жартылай жұмыссыздар- жұмыс іздеп жүргендер

немесе әртүрлі жағдайлармен жұмысқа әзірше

шыға алмайтындар;

5. жұмыспен қамтылмағандар, жұмысссыздарға

жатпайды -жұмыс істемейді, іздемейді, жұмыс

істегісі де келмейді.

Slide 26

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Барлығы

Оның ішінде

ерлер

әйелдер

Жұмыс күші, мың адам

4 774, 3

4 488, 0

9 262, 3

15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші үлесі, пайызбен

75, 8

63, 9

69, 5

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

4 576, 6

4 235, 3

8 811, 9

Жұмыспен қамту деңгейі, пайызбен:

15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда

72, 7

60, 3

66, 2

жұмыс күшінің санына

95, 9

94, 4

95, 1

Жұмыссыз халық, мың адам

197, 7

252, 7

450, 4

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

4, 1

5, 6

4, 9

15-28 жастағы жұмыссыздар, мың адам

30, 0

43, 3

73, 3

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, пайызбен (15-28 жастағы)

3, 7

2, 8

4, 7

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

1, 7

2, 9

2, 3

Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, мың адам

4 058, 5

1 524, 0

2 534, 5

15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші кұрамына

кірмейтін адамдардың үлесі, пайызбен

30, 5

24, 2

36, 1

Slide 27

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

Оның ішінде

Барлығы

ерлер

әйелдер

Жұмыспен қамтылған халық, барлығы

8 811, 9

4 576, 6

4 235, 3

Жалдамалы қызметкерлер

6 717, 0

3 430, 3

3 286, 7

соның ішінде жұмыспен қамтылғандар:

кәсіпорында

5 855, 7

2 986, 4

2 869, 3

жеке тұлғаларда

519, 2

243, 0

276, 2

шаруа (фермер) қожалықтарында

277, 7

166, 5

111, 2

көбінесе бір тапсырыс берушімен қызмет көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша

64, 4

34, 4

30, 0

Дара кәсіпкерлер

1 576, 1

875, 2

700, 9

Жеке практикамен айналысатын адамдар

10, 7

4, 2

6, 5


Ұқсас жұмыстар
Республикасының Үкіметі арасындағы Республикасының трансшекаралық өзендерді пайдалану Ауылшаруашылығы және қорғау саласындағы министрлігі мен Қытай ынтымақтастық туралы келісім
АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Экономикалық ауытқудың себептері
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты статистикалық талдау
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
“Эканомикалық цикл. Инфляция және жұмыссыздық”
Жұмыссыздықтың негізгі экономикалық формалары
Корпоративті басқару
Биотехнология негізінде тағам өнімдері қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz