Қаржылық сауаттылық


Slide 1

Қаржылық сауаттылық

Долдабаева

Кульмира Тлеухановна

«Т. Рүстембеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекетті мекемесі

Slide 2

Мақсаты:

Қаржылық суаттылық және түрлерін туралы түсінік беру

Slide 3

Қаржылық сауаттылық - ең алдымен өз ақшаңызды сауатты пайдалана білу. Қаржылық сауаттылық азаматтардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін жақсартуға әкеледі, тұтынушыларға арналған ақпаратқа қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ халықтың қаржылық қызметтерді көбірек қамтуын және оларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Slide 4

Қаржылық сауаттылық деп мына құрауыштардың жиынтығы түсініледі:

- қаржылық қызметтерді және құралдарын пайдалана білу;

- меншікті қаржы құралдарын басқару дағдылары;

- халықтың қаржы жүйесі, оның жұмыс істеу қағидаттары, сондай-ақ қаржылық қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы хабардар болу деңгейі.

Осылайша халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің жоғары болуы азаматтардың өмір сүру деңгейінің артуына, еліміздің экономикасына жеке инвесторлар қаражатының келуіне, қаржы нарықтарында бәсекелестіктің дамуына, қаржылық тұрақтылықтың нығаюына және қоғам әл-ауқатының артуына ықпал етеді.

Slide 5

Қаржылық сауаттылықты шартты түрде үш «кит» деп аталатын үш санатқа бөлуге болады.

1. Бірінші - бұл қаржы ұйымдарының мобильдік қосымшаларын, интернет-банкингті пайдалану үшін, кибералаяқтарға қарсы іс-қимыл және т. с. с. үшін қажетті техникалық білім.

2. Екінші - заң тұрғысынан сауаттылық. Қаржылық қызметтерді тұтынушы ретіндегі өз құқықтарыңды білу, қаржы ұйымдарымен жасалған шарттарды оқи және түсіне білу, заңнаманы білу сізді болашақтағы көптеген кездейсоқ жағдайлардан сақтандырады.

3. Соңғысы, негіздерді негізі - бұл қаржылық жоспарлау. Үшінші «кит» - жеке қаржыны жүргізе білу, жеке немесе отбасылық бюджетті басқару бойынша дұрыс және сараланған шешім қабылдай білу.

Slide 6

Техникалық сауаттылық

Гигиенаның қарапайым қағидалары сияқты, цифрлық ақша саласында да киберқауіпсіздіктің өзіндік базалық ұғымдары бар, оларды онлайн режимде сатып алуды және банктік аударымдар жасауды қалайтын әрбір адам білуге тиіс. Гаджеттердің көмегімен әртүрлі қаржылық операцияларды жүргізетін пайдаланушылардың саны жыл сайын өсуде. Біздің өмірімізге ендеп кірген заманауи технологиялардың барынша қолайлы болуымен қатар виртуалды қылмыскерлер де жиі шабуыл жасай бастады, олар сенгіш пайдаланушылардан ақша алып қою тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады.

Slide 7

Құқықтық сауаттылық

Кез келген құжатқа қол қоя отырып, онда жазылғанның барлығымен толығымен келісесіз. Шартқа қол қоя отырып, барлық міндеттемені өзіңізге толығымен аласыз. Ақша мәселесінде мұқият болмау алдын ала болжауға келмейтін әрі жағымсыз салдарға әкелуі ықтимал. Мұндай мәселеде ешқашан асықпаған дұрыс. Кез келген шартты мұқият оқып, барлық талаптармен танысу, шартта сіздің қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде құқықтарыңыз бен мүдделеріңіздің қаншалықты қорғалғанын, шартта қандай міндеттемелер жазылғанын, қандай тәуекелдер бар екенін талдау қажет.

Slide 8

Қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспарлау - адамның адаспауына және мақсатына жетуіне көмектесетін өте күшті құрал. Егер Сіз өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды жақсартқыңыз келсе, мысалы, жаңа үй, автокөлік сатып алуға немесе балалардың білім алуына ақша жинау мақсатында армандап жүрген тілектеріңізді жүзеге асырғыңыз келсе, болашаққа жоспар жасаудан бастауыңыз керек. Мұндай жоспарлар межелі жерге жеткізетін карта сияқты.

Қаржылық мақсаттарға жету жолында парасатты болу керек, аяқ астынан жоспарсыз ақша жұмсауға немесе кредит ала салуға болмайды. Ақшаны үнемі үнемдеуді ұмытпаңыз, әркімнің өз қаржылық қауіпсіздік жастықшасы - қол сұғылмайтын қоры болуы керек.

Slide 9

Қаржы туралы экономика сабағында көп оқып, сабаққа белсенді қатысыңыздар.

2. Қаржылық жаңалықтарды оқып, тыңдаңыз.

3. Қаржылық ақпаратты алудың бастапқы көзі ретінде ресіми сайттарды пайдаланыңыз

ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ БІРЕР КЕҢЕС

Slide 10

Ақшаңызды қолхатсыз қарызға бермеңіз

Лицензиясыз немесе мемлекеттік тізілімдегі жазбасы жоқ ұйымға жүгінбеңіз

Төлқұжатыңызды күмәнді адамдарға бермеңіз

Картаны "күдікті" банкоматтарда және адам аз жиналатын орындарда қолданбаңыз

Ақшаны қалай жоғалтпауға болады

Notes: Чтобы не потерять деньги, вам необходимо запомнить несколько обязательных правил. (Перечисляем основные правила. )

Slide 11

Жеңілдік сұрауға ұялмаңыз, бұл кедейліктің емес, үнемділіктің белгісі

Қаржылық қателіктерден қалай аулақ болуға болады?

Кіріс пен шығысты қатан басқару

Қаржылық шешім қабылдаудан кем дегенде үш күн бұрын ойланыңыз: 1 күн-идея, 2 күн - ақпарат жинау, 3 күн - шешім қабылдау

Шартты оқып, жасасқаннан кейін ғана ақша беріңіз, сұрақтар қоюдан тартынбаңыз

Бірге ынтымақтасатын жасайтын ұйымды егжей-тегжейлі зерттеңіз

Қаржылық өнімдер мен қызметтерді қызмет жеткізушілерінің веб-сайттарынан ақпарат негізінде салыстырыңыз

Notes: Итак, для того чтобы добиться поставленных финансовых целей, мы не должны совершать финансовые ошибки. Для этого постоянно работайте над собой. (Перечисляем советы на слайде. )

Slide 12

ОСЫЛАРҒА ЖОЛАМА!

Қаржылық

пирамидаларға

Ойын автоматтары, құмар ойындар және казино

Форекс

Notes: Помимо полезных финансовых инструментов существуют услуги, которые стоит обходить стороной.

1. Классическая финансовая пирамида - это схема мошенничества, в которой прибыль первым участникам первое время выплачивается за счёт новых участников. Однако сейчас пирамиды изменились - они маленькие, работают очень быстро и не платят вообще никому, даже самым первым клиентам. Новые разновидности и схемы обмана появляются практически каждый день, и распознать их не всегда легко. Те, кто принимает участие в подобных схемах, надеясь на лёгкие деньги, всегда остаются в проигрыше. Кстати, за организацию финансовых пирамид с 2016 года установлена уголовная ответственность.


Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлау
Сандық сауаттылық Компьютерлік сауаттылық
Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру
Сауда түрлері
Қарызды басқару
Электронды үкімет
Мәтіннен түсіндерме
Оқу сауаттылығы сауаттылық сауаттылығы
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Іскерлік мінез құлық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz