Саясаттанудың парадигмалары: теориялық негіздер мен типология


Slide 1

Саясаттанудың парадигмалары

Slide 2

Парадигма (грекше -«үлгі» деген сөз) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Slide 3

«Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г. Кун.

Slide 4

Саясаттануда парадигма деп - саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.

Slide 5

Саясаттанудың негізгі парагдигмаларына

Slide 6

Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.

Slide 7

Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

Slide 8

Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.

Slide 9

Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:

Slide 10

қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т. б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.

Slide 11

мәмілеге келу парадигмасы (консенсус) . Өкілдері: М. Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды


Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың мәні, әдістері, қызметтері, категориялары мен парадигмалары
Саясаттанудың негізгі парадигмалары: теологиялық, натуралистік және әлеуметтік тұжырымдамалар
Білім берудің парадигмалары: теориялық негіздер мен ҚР мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестік
Саясаттанудың қызметтері, әдістері және негізгі ұғымдары
Саясаттану ілімі: пәні, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымы және оқу пәні: мақсаттары, қызметтері, зерттеу әдістері мен парадигмалары
Саясаттанудың пәні, құрылымы және әдістері
Сөйлеу энергетикасы: теориялық негіздер мен коммуникативтік функциялары
Өнер философиясы: теориялық негіздер мен тарихи типтері
Саясаттанудың пайда болуы, қалыптасуы және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz