БӨЖ АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІС


Slide 1

АТҚАРУШЫЛЫҚ өндіріс

Тақырыбы: Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын адамдар, атқарушылық іс жүргізу объектілері.

БӨЖ

Slide 2

Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын адамдар, атқарушылық іс жүргізу объектілері.

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім:

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер.

Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы.

Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар.

Атқарушылық іс жүргізу объектілері.

Slide 3

Кіріспе.

Атқарушылық іс жүргізу - борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.

Slide 4

Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы

атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер) ;

атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері;

3) сот орындаушысы;

атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.

Slide 5

Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

Slide 6

Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Slide 7

Атқарушылық iс жүргiзу тараптары

Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады.

Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады.

Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады.

Атқарушылық iс жүргiзуге бiрнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.

Slide 8

Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi

Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

Slide 9

Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.

Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.

Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Slide 10

Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы

Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiлі арқылы әрекет етуге құқылы емес.

Ұйымдардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуы олардың өздерiне заңдармен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және құрылтай құжаттарымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн органдары не аталған органдардың өкілдерi арқылы жүзеге асырылады.

Slide 11

Ұйым атынан өкiлдiк ететiн адамдардың өздерінің лауазымдық жағдайлары мен өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары болуға міндетті. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхатпен куәландырылады.

Slide 12

Атқарушылық iс жүргiзуге аудармашының қатысуы

Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмесе, өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашы шақыра алады. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, iске мүдделi емес, атқарушылық әрекеттерді жүргiзу үшiн білуі қажеттi тiлді меңгерген кез келген тұлға аудармашы бола алады.

Slide 13

Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердің қатысуы

Атқарушылық әрекеттер кемiнде екi куәгердің қатысуымен жасалуы мүмкiн.

Мынадай жағдайларда: 1) өндiрiп алушының немесе борышкердiң талабы бойынша; 2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешiмдердi, борышкердiң мүлкiн пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және беруге, оның тұрғын үйiн, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргiзуге байланысты әрекеттердi орындау кезiнде куәгерлердің қатысуы мiндеттi.

Өзге жағдайларда куәгерлер сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкiн.

Slide 14

Атқарушылық iс жүргiзуге маманның қатысуы

Атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындайтын, арнаулы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн, сондай-ақ тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізу, сату, тасымалдау, сақтау үшін сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша тиісті қаулысымен маманды тағайындай алады. Қажет болған жағдайда бiрнеше маман тағайындалуы мүмкiн. Қорытынды беру немесе қажетті әрекеттерді жүргізу үшiн қажет арнаулы бiлiмi бар, іске мүдделі емес адам маман ретiнде тағайындалуы мүмкiн.

Slide 15

Атқарушылық іс жүргізудегі прокурор


Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың және басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау
Өндіріс қалдықтары және оларды екінші реттік минералды ресурс ретінде қолдану. Табиғи шикізатты алу және дайындау. Сақтау, сұрыптау, тасымалдау, ұсақтау, тазарту. Алюминий күкірт қышқыл өндірісінің жылу балансын есептеу
Өндіріс қалдықтары және оларды екінші реттік минералды ресурс ретінде қолдану. Табиғи шикізатты алу және дайындау. Сақтау, сұрыптау, тасымалдау, ұсату, тазарту
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Еңбек ақы, түрлері, формалары, жүйелері
Желдеткіш құрылғылары
Архитектура және құрылыс факультеті
Жоба шығындары
Кәсіби аурушаңдықты алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz