Химиялық технология ғылымы


Slide 1

Химия және химиялық технология кафедрасы

Жалпы химиялық технология

Лектор: х. ғ. к., Убайдулаева Н. А.

Slide 2

Тақырып: Силлабусты таныстыру. Кіріспе. Химиялық технология ғылымы.

Қарастырылатын сұрақтар:

Оқытылатын пәннің қысқаша мазмұны, мақсаты мен оқу нәтижесі, тақырыптық жоспар мен сабақтың ұзақтығын баяндау.

Химияның қоғамдағы ролі. Химиялық технология ғылымы. Химиялық және механикалық технология туралы түсінік.

Химия өндірісінің жіктелуі.

Химиялық технологияның дамуының негізгі бағыттары.

Slide 3

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курста химиялық - технологиялық процестердің жүру заңдылықтары, экономикаға, энергетикаға, шикізатқа, дайын өнімге қойылатын талаптар, оларды таңдау мен кешенді қолдану, химиялық өндірістердегі судың маңызы және оны дайындау, табиғатты қорғау мен өндірістік тастандыларды тазарту, химиялық технология салаларының қазіргі жағдайлары, олардың қолданылу аймақтары мен халық шаруашылығындағы алатын орны мәселелері қарастырылады.

Оқыту мақсаты: химиялық технологияның жалпы жағдайы және теориялық негіздерін меңгерту, химияның халық шаруашылығында қолданудың негізгі аймақтары мен химиялық технологияның дамуының жаңа бағыттарын зерделей білуді қалыптастыру

Химиялық технология - табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық әдістер арқылы тұтыну өнімдеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.

Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:

бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т. б. )

органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т. б. ) заттар технологиясы.

Slide 4

Химиялық технологияның классификациясы

Slide 5

Химиялық технология

Slide 6

Химиялық технологияның негізгі ұғымдары

Химиялық өндіріс - арнайы машиналар мен аппараттарда орындалатын химиялық түрлендірулер арқылы шикізаттан қажетті өнімді алу процесстерінің жиынтығы.

Химия-технологиялық процесс - бастапқы затты өнімге айналдыру кезіндегі химиялық және физико-химиялық процесстердің тізбегі.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Химиялық өндірістің компоненттері

Slide 10

Химиялық технологияның басқа ғылымдармен байланысы

Қазіргі химиялық технология ғылымы алғашында тәуелсіз өндіріс технологияларының интеграциясы нәтижесінде пайда болды.

Slide 11 Slide 12

қорытынды

Химиялық технология - кем дегенде бір сатысында заттың құрылымы, құрамы және қасиеті өзгеретін өндірістік процесстерді зерттейтін ғылым. Химиялық өндіріс барысында түрлі физикалық, физика-химиялық және механикалық процесстер жүретіндіктен, химиялық технология ғылымы өзге ғылым салаларымен терең байланыста және солармен сабақтастықта дамиды.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Термодинамика заңдары, изопроцесстер
Органикалық заттар өндірістері
ҒЫЛЫМНЫҢ САЛАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Менеджмент ғылымы
Химияның басқа ғылымдармен байланысы
Жаратылыстану апталығы
Химиялық технология
Логика ғылымы
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ
Процестің үздіксіз принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz