Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы


Slide 1

МҚК Талдықорған Медициналық колледжі

Жүрек қантамыр

бұзылыстары

ұсынады!

Slide 2

Жүрек қан

тамырлар

жүйесінің

ауруы

Slide 3

Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл бүкіл организмге әсер етеді.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т. б. Жүрек ақауы - жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т. б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды.

Slide 4

Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы - жалпы невроз (неврастения, истерия, т. б. ) . Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы - гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады.

Slide 5

Жүрек және қан тамырларының нығаюына, органимзнің барлық мүшелері мен ұлпаларының қанмен қамтамасыз етілуіне, әр түрлі ауруларға қарсыласуына дене жаттығулары, еңбек және белсенді өмір салты септігін тигізеді.

Slide 6

Шектен тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып жүрек ауруларын туғызуы мүмкін екенін ескеру керек. Жүрек және қан тамырлары жұмысына темекі тарту мен алкоголь ішу зор зиян келтіреді. Олар жүрек бұлшық еті мен жүйке жүйесін уландырады. Темекі тартатын және алкоголь ішетін жас адамның тамырлары тромбпен бітеліп, тамыр өткізгіштігі нашарлайды, соның салдарынан жүректің қандайда бір бөлігі жансызданып, яғни жүрек инфарктіне шалдығуы мүмкін.

Slide 7 Slide 8

Қан кетудің капиллярлық, веналық және артериялық үш түрін ажыратады. Капиллярлық және веналық қан кету кезінде жарақатты иодтың спирттегі ерітіндісімен өңдеп, таза дәке таңғышын салу керек. Артериялық қан кету кезінде қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшеленеді.

Slide 9

Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып, жгутпен қысу керек. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті екі сағаттан артық ұстауға болмайды, тез ауруханаға жеткізу қажет.

Slide 10

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.

Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары

Slide 11

Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.

Slide 12 Slide 13

Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Slide 14 Slide 15

Ақ қандылық

Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан) . Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

Slide 16

Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін.

Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.

Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.

Мұрыннан қан кеткен кезде - басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.

Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б. ) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.

Slide 17

Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері

Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.

Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.

Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.

Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады.

Slide 18

Гипертония, гипотония

Артерия қан қысымы көтеріліп, ішкі мүшелердің (мидың, жүректің, бүйректің т. б. ) қан айналымын әлсірейтін кеселді гипертония ауруы деп атайды. Жылдан-жылға гипертония ауруымен ауыратын науқастардың саны көбеюде. Жалпы, гипертония ауруы орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына байланысты болғандықтан әлеуметтік өзгерістер оған тікелей әсерін тигізуде.

Орталық ми қан тамырлары түскен ауыртпашылықтардың әсерінен біресе тарылып, біресе кеңейіп, соңында тұрақты тарылу жағдайына келеді. Ал мидың қан тамырының тарылуы жалпы артерия қан қысымын арттырады.

Артерия қан қысымының көтерілу себетеріне тамаққа ас тұзын мол қолдануды жатқызуға болады. Қалыпты жағдайда адам ағзазына тәулігіне 6-7г тұзы жеткілікті. Тұздың адам денесінде көбеюі бүйректің қан тамырларының тарылуына және нейро-гормондық өзгерістерге жеткізеді. Атап айтсақ, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қызметі бұзылып қанның құрамында ангиотензин ІІ көбейеді. Ангиотензин ІІ қан тамырларын тарылтып қан қысымын көтереді.

Slide 19

Гипертонияның негізгі себептерінің біріне тұқым қуалаушылықты да жатқызуға болады. Ол ұрпақтың кальций ионы каналдарының генетикалық өзгерістеріне байланысты. Сондықтан да көп жағдайда жүрек-қан тамыр ауруларын, әсіресе гипертония ауруын бір отбасы мүшелерінде көптеп кездестіруге болады. Оның басқа артерия қан қысымының көбеюіне бүйрек, без, қан тамырлары аурулары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себепкер болады. Егер қан қысымының мөлшері сынап бағанасы бойынша 140/90 мм-ден асып кетсе, өнда гипертония ауруы болып саналады.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Жүрек тамыр аурулары
ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ
Махаматиллаева Умида
Жүрек пен өкпе
Қан тамырлары
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Жүрек қан тамырлар аурулары
Жүрек және қан айналымы патологиясы
ЖҮРЕК АҚАУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz