Реабилитацияның түрлері



Реабилитация Реабилитацияның түрлері

Реабилитация-лат. “Habilіs”-қабілет “rehabilis” қабілетті қалпына келтіру. Бұл термин әр түрлі мағына береді. Орыс сөздігінде 1987 жыл үш түрлі мағына береді: “дұрыс орналаспаған бет сүйектерін қалпына келтіру”, “қабілетті бұрынғы қалпына келтіру”, “жарақаттан белгілі бір ауру түрінен кейін денсаулық қабілеттілігін және еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру”.

Реабилитация адамдардың, жалпы қоғамның денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған ғылым саласы болып табылады.
Реабилитацияның мақсаты - адамның физикалық немесе экономикалық тәуелділігін бағалау.

И. К. Шхвацапая 1978 жылдан бастап реабилитацияны көп жоспарлы қайта қалпына келтіру деп түсіндірді. Ол реабилитацияның түрлерін бөліп қарастырды:
Медициналық
Психикалық
Кәсіби және қоғамдық-экономикалық
Физикалық

Медициналық реабилитация
Медициналық реабилитация немесе емді қалпына келтіру, күрделі процесс. Бұл науқастарды денсаулығын қалпына келтіріп, оларды өмірге, қоғамға жанұясына қайта оралуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар медициналық реабилитация дәстүрлі емді емес, аурудың ерте кезеңінен бастап, емді бастау болып табылады.

Медициналық реабилитация жасауға көрсеткіштер:
Функционалды қабілеттің төмендеуі;
Қоғамдық қатынастың бұзылуы;
Еңбекке қабілеттің бұзылуы.

Медициналық реабилитация
Физиотерапия
Емдік денешынықтыру
Психотерапия
Емдәммен емдеу
Дәрілік емдеу
Косметикалық және қалпына келтіру хирургиясы
Комплементарлық әдістері (акупунктурлық емдеу, мануалдық емдеу, фитотерапия, гомеопатия) болып табылады

Қазіргі кезде 6 негізгі реабилитационды аспект бар:
Психологиялық: психикалық жағдайды емдеу.
Медициналық -емдік: диагностикалық сұрақтар.
Физикалық: емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы.
Профессионалды: жаңа профессия таңдау.
Әлеуметтік: науқас- отбасы» т. б сұрақтарды шешу.
Экономикалық: реабилитация өткізуге кеткен шығынын есепке алу.

Медициналық реабилитация ұйымының кезеңдері:
стационарлы
санаторлы
емханалық болып жіктеледі

Стационарлық реабилитация міндеттері
Стационарлық емдеу арнайы бөлімшелерде немесе реанимация бөлімшесінде, интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізіледі. Реабилитацияның стационардағы маңыздылығы оның госпитализациясы, диагностикасы, интенсивті терапия және де, бұзылған мүшені тезірек қалпына келтіру үшін медикаментозды емдеу әдістерін қолдану болып табылады.
Бұл этаптың міндеттері:реабилитациялық шараларды жүргізуді қажет ететінін дәлелдеу, бастапқы кезеңде пациенттің физикалық реабилитация бастауда жеке бағдарлама құру, прсихологиялық ауытқулар бар жоғын анықтау. Реабилитациялық шараларды жасауда пациент және оның отбасыларын оқыту.

Санаториялық реабилитация міндеттері:
Жұмыс қабілеттілігін науқас еңбеке қабілетті деп танылғанша қалпына келтіру.
Науқастардың психологиялық реадаптациясын:
Науқастарды өз-өзіне күтім жасау қабілетіне ие болғанға дейін қалпына келтіру.

Емхана міндеттері
Адамның физикалық қабілеттерін әрі қарай жалғастыруын қолдау.
Екінші реттік профилактиканы ұйымдастыру.
Еңбекке қабілеттілікті анықтау
Мүгедектік анықтау дәрежесі
Жұмыспен қамту;

Медициналық қайта қалпына келтіру кезінде бірнеше қағидаларды ескеру қажет
Реабилитацияның бастапқы кезінде емді толықтыратын процестерді шектеу.
Жеке оңалту жоспарын құру. Реабилитациялық шараларды ұйымдастырар алдында науқастың бұзылған мүшесіне байланысты арнайы қауіпсіз және әсерлі емді таңдау.
Топтастырылған реабилитациялық шаралар науқастың ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылады. Реабилитациялық шараларды құрастыру кезінде медицина қызметкерлерінен басқа әлеуметтік қызметкер, ЕДШ маманы, мұғалімдер, психологтар жұмыс жасайды.

Науқасқа жеке реабилитация бағдарламасын құруда оның бір этаптан келесі этапқа өтуін, еңбекке қабілеттілігі қалпына келетін уақытты белгілеуін ұжыммен бірлесіп шешеді.
Реабилитациялық шараларының арасында үзіліс болмауын қадағалау. Яғни стационардағы шаралар санатори мен емханаларда жалғасуы керек.
Этаптар арасындағы байланыстың болуы. Науқас жөніндегі толық ақпарат және де, қандайда бір реабилитациялық шараларға реакция болғандығы жөнінде келесі мекемелерге беріліп отыруы керек.
Ауру түріне байланысты науқастарды топтау. Науқастар өзінің ауруын басынан кешірген адамдармен тілдескен кезде нәтиже болады.
Еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру. Бұл этапта емдеуші дәрігердің рөлі зор.
Реабилитацияны қажет ететін барлық жандарға қолжетімділік.

Дәрігер - реабилитолог бағыт- бағдар жасауы қажет:
реабилитацияның деңгейі - компенсация, реадаптация
реабилитацияның фазасы - ерте, кеш
реабилитацияның варианттары- курстық, үзіліссіз

Медициналық реабилитация бөлімшесінің міндеттері
Пациентті аурудан немесе жарақаттан кейінгі қоғамдық ортаға және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
Өз-өзіне күтім жасауды, көшеде жүруді, қоғамдық көліктермен жүруді, кәсіби әдеттерді қалыптастыруды үйрету.
Науқасқа әлеуметтік күтім көрсетуді үйрету.

Медициналық реабилитацияның тиімділігін бағалау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz