Науқастарды оқыту




Презентация қосу
Науқастарды оқыту

Орындаған: Оспанова Айсулу Алихановна 116 топ
Науқасты оқыту үрдісі

- бұл медбике мен науқасқа
қажетті мақсатты жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін
жол.
Мотивация
-бұл науқастардың қажетті
әрекеттерді үйренуге және орындауға
деген саналы ұмтылысы.
Оқыту міндетті түрде
мақтау мен мақұлдау элементтерінен
(оң кері байланысты) және қате жауаптарды
түзетуді (теріс кері байланысты) қамтиды.
Науқасты оқыту мақсатының құрылымы
3 сфераға бағытталуы керек:
- танымдық;

- Эмоционалдық;

- Психологиялық.
Мақсат құрылымы мынадай ситуацияда көрінуі
мүмкін:

- Танымдық сферада- науқас су балансы туралы
біледі және түсінеді (2 күн ішінде)
- Психологиялық сферада- науқас су балансын
анықтауға психологиялық дайын болады
- Эмоционалдық – науқас су балансын бақылаудың
маңыздылығынтүсінеді.
Мақсат қойғаннан кейін медбике оқыту
мазмұнын мен тәсілін жоспарлайды.

Оқыту мазмұны әртүрлі болуы мүмкін:

- Денсаулық сақтау;
- Денсаулық деңгейін қалыпта ұстау;
- Өмір сапасының деңгейін қалыпта ұстау.
Медбике оқыту жоспарын
құруға пациентті және
туыстарын қатыстыруы
қажет.
Осы жағдайда медбике
пациенттің жеке ерекше
- лігіне, әлеуметтік және физикалық деңгейіне мән
беруі қажет.
Оқыту кестесі 5 этаптан құралады:

1.Керекті ақпаратты беру;
2.Пациент есте сақтағанша қайталау;
3.Пациент игеру керек іс –шараны көрсету;
4.Пациенттің қайталауы;
5.Пациенттің іс – шараны қайталап көрсетуі.
Пациентті оқытуда тиімді нәтижеге жету үшін келесі
әдістерді қолдануға болады:

- демонстрация - медбике пациентке Өзіне- өзі күтудегі іс –
машықтарды көрсетеді (тіс тазалау,артериалдық қан қысымын
тексеру, т.б) және қайталау оқыту мақсатының нәтижелілігіне
жеткізеді.
- консультирование - медбике пациент іс –әрекетін бақылайды
және қиын этаптарында пациентке кеңес береді.
- ролдік ойын - пациентті оқытудың тиімді жолы. Мұнда
медбике пациентке қиынға соғатын іс – әрекеттерді көре
алады.
Оқыту барысында науқас қызығушылығын ояту
қажет және әңгімелесуде сұрақ – жауап болғаны
дұрыс.
Әрбір этап пациент толық
игергенше қайталануы мүмкін. Медбике
науқасқа берген ақпаратты дұрыс
түсінгеніне көз жеткізу керек.
Науқастарды топтық оқыту

- дың бірқатар маңызды артықшылықтары бар.
Топта оқу ауруды дұрыс қабылдауға көмектесетін
белгілі бір атмосфераны қалыптастырады,
жалғыздық сезімін азайтады. Науқастар басқа
адамдардың мысалында тәжірибе алмасуға, қолдау
алуға, ауру кезінде оң динамиканы байқауға
мүмкіндік алады.
Топта оқытудың эмоционалды компоненті күшейеді, бұл
қабылдауды жақсартады және науқастардың емделуге
келісімін арттырады.
Ең жақсы нұсқа-5-7
адамнан тұратын топ.
Дегенмен, топтық
оқыту нақастармен жеке
жұмысты жоққа шығар
-мауы керек.
Айта кету керек, әр адамда белгілі бір сезім мүшелерін
қолдану басқаларына қарағанда басым болады. Қандай сезім
органы басым және ақпаратты жақсы игеруді қамтамасыз
ететініне сүйене отырып, қабылдауды бірнеше арналарға
бөлуге болады.
Визуальді арна.
Көрнекі бейнелерге шоғырлану арқылы жаңа
ақпаратты қабылдауға бағытталған.
Адамда қабылдаудың осы арнасы
жетекші болған жағдайда,
ақпаратты жақсы түсіну, әдетте,
оқу арқылы жүзеге асырылады.
Аудиальді арна.
Бұл жағдайда ақпаратты игеру есту бейнелеріне
назар аудару арқылы жүзеге асырылады. Бұл есте
сақтау үшін ақпарат алудың ең жақсы тәсілі-оны
тыңдау.
Кинестетикалық арна.

Адам өзінің физикалық
сезімдеріне, жанасу мүшелеріне сүйене
отырып, ақпаратты игереді. Иіс, дәм,
тактильді сезімдері және оларға өзіндік
реакциясы басым кинестетикалық арнасы
бар адам үшін өте маңызды.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Талаптардың кездейсоқ процестері мен ағындарын моделдеу
Асқазан ойық жарасы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік көмек
Пульмонология бөлімшесінің мейіргерінің міндеттері
Пневмония мен ауыратын науқасты оқыту
Емдеу алдын алу мекемелері
Емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмысты ұйымдастыру
Реабилитацияның түрлері
Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы
Жедел психиатриялық көмек
Қабылдау бөлімі
Пәндер