Mumtaz мейрамханасының құрылымы




Презентация қосу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті
Экономика факультеті
6B11103 - Қонақ үй және мейрамхана ісі

Өндірістік практикадан өту есебі

РДГБ-41 тобы

Орындаған: Али Сымбат Жолдасбекқызы
Практиканың мақсаты мен міндеттері

-Тәжірибе өтетін кәсіпорынның тарихын,
құрылымын, құжаттарын зерттеу.
-Кәсіпорынның өндірістік бөлімімен және
коммерциялық үй-жайларымен таныс болу.
-Тағайындалған лауазым бойынша кәсіпорында
ұқыпты қызмет атқару.
-Кәсіпорынның маркетингтік бөлімін және
қызметін талдау.
-Мейрамхананың стратегиясын және қызмет
көрсеткіштерін жақсартуға ұсыныс тастау.
Практиканың өтілу мерзімі
2023 жылдың16-қаңтарынан және 25-наурызға дейінгі
аралықты қамтиды.

Кәсіпорынның орналасқан жері
ЖШС “АБАДАН-2030”, “Mumtaz” мейрамханасы
Мекен жайы: Астана қ, Қорғалжын тас жолы, 6.
Практика жетекшісі: Мұсахан Дулатхан Адилханұлы
Кәсіпорынның байланыс құралдары: 8-778-962-22-40,
www.mumtaz.kz

Тәжірибе сипаттамасы

Жалпы өндірістік тәжірибе біздің 4 жыл бойы алған білімімізді
көрсететін әрі дәлелдейтін процесс болып табылады. Ірі
кәсіпорындарда оқу орнымыздың атынан тәжірибе өтіп,
қызмет көрсету үлкен жауапкершілік. Және мен оны жоғары
дәрежеде орындай алдым. Қонақжайлық саласында соның
ішінде әсіресе тамақтану орындарында атқарылатын
функциялармен таныс болу, жаңа дағдыларды меңгеру біздің
тәжірибе барысындағы басты міндетіміз. Тәжірибе өтетін
кәсіпорында тек қана қызмет процесстерін үйреніп қана
қоймай сондай-ақ оған табыс пен артықшылық әкелетін
ұсыныстармен идеялармен бөлісі маңызды.
Сондықтан оқу орнында алған білімімді тәжірибеде толықтай
пайдаландым. Ұжыммен де тіл табысып өзіме жүктелген
міндетті абыроймен атқара білдім.
“Mumtaz” мейрамханасы шамамен 2014 жылдан өз жұмысын бастаған.
Қазіргі таңда мейрамхананың 7 астам желісі бар. Оның төртеуі Астана
қаласында болса, біреу Көкшетауда, Шымкентте сондай-ақ Түркияда
орналасқан. Жақын арада тағы бір желісінің Дубайда ашылынуы
жоспарланып жатыр. Жұмыс уақыты: 10:00 - 00:00. “Mumtaz” мейрамханасы
негізі ұлттық стильдегі мейрамхана. Асханасы шығыс және еуропалық
стильге бағытталған. Және тамақтану орнының іші ұлттық нақышта оюлар
мен шаңырақпен безендірілген. Мұнда түскі және кешкі ас ішу залынан
бөлек, VIP-зал және банкет өткізуге арналған үлкен залдар қарастырылған.
Балаларға арналған ойын бөлмесі мен караоке кабинасы бар.

Ұйымның қызметін
талдау
Мейрамхананың ішкі және сыртқы
интерьері

“Mumtaz” мейрамханасының құрылымы
“Mumtaz” мейрамханасында практиканы аспаздың
көмекшісі және даяшы лауазымына тағайындалып өттім.
Мейрамханада, мынадай бөлімшелер бар екендігімен
таныстым: көкөніс, ет және балық бөлімшелері.

-Қоймалар. Оларға көкөністерді, құрғақ тағамдарды, сүтті, етті
сақтауға арналған тоңазытқыш, сондай-ақ сатып алынған
тауарларды, сусын (қымыз) өнімдерін сақтауға арналған
шағын бөлме кіреді.
Тәжірибені мейрамхананың асханасынан бастадым. Мұнда түрлі
дәмдеуіштермен таныстым және тамақ жасау технологиясын
меңгердім. Асханада қауіпсіздік ережелерімен танысып,
мұндағы құрал жабдықтарды ұалай пайдалану керектігін
үйрендім.
Сондай-ақ Коммерциялық үй-жайлар - сауда алаңы,
вестибюль, гардероб, келушілерге арналған түстену
залында, даяшы болып қызмет атқардым. Және Iiko (Айко)
автоматтандырылған бағдарламасында жұмыс жасауды
үйрендім. 20 адамға арналған VIP-залда келушілерге қызмет
көрсеттім. Бар сөресінде сусындарды дайындауды, ұсынуды
меңгердім.
Кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі жайлы ақпарат
алдым. Өрт сөндіру құралдарымен және олардың
орналасу орнымен таныстым. Және қауіпсіздік
ережелерімен санитария талаптарын талдадым.
Мейрамхананың маркетингтік бөлімін зерттеу
барысында мейрамхана әлеуметтік желілерде өте
белсенді екенін анықтадым. Әсіресе: Инстаграм,
фэйсбук, 2 гис, ватсап желісінде. Күнделікті
мейрамхана жайында ақпараттар желіге жүктеліп
отырады. Гугл платформасында мейрамхананың
орналасқан мекен-жайы карта бойынша көрсетілген.
Сонымен қатар суреттер мен мәзірлер әлеуметтік
желілерге толық жүктелген. Және де желідегі
сауалнамалардың барлығы оң көрсеткіштерді
көрсетіп отыр.
Қорытынды:

Тәжірибе өткен кәсіпорында мен неге қол жеткіздім ?
-Тамақтану орнының жұмыс істеу стратегиясын зерттедім
және таныстым.
-Мейрамхананың маркетингтік бөлім жұмысын талдадым.
-Кәсіпорынның асхана, коммерциялық үй-жайларында
қызмет көрсеттім.
-Бар сөресінде келушілермен коммуникация орнату процесін
меңгердім.
-20-40 адамға арналған банкетте сервировка жасаудың
жаңа тәсілін үйрендім.
-

Ұқсас жұмыстар
KFC және McDonalds стратегиялық жоспарлары
Қобда көпсалалы колледжі
Біз екеуміз - екеумізге екеу
Субадтар қолында
Сипайлар көтерілістері
Бизнес жоспар құру. Металл есіктер,әйнек торлар өндіру цехын құр
Сабақтың типтері, құрылымы
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру
СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Жүрек концептісінің фреймдік құрылымы
Пәндер