Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы




Презентация қосу
“Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер”
кафедрасы

ЖОБА
Қазақстан Республикасының әлеуметтік
бағдарламаларын іске асыру
Жоспары:
Негізгі бөлім:
1.Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі
2.Рухани жаңғыру бағдарламасы
3.Интеллектуалды ұлт – 2020» бағдарламасы
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әлеуметтік даму бағдарламасы - бүкіл қоғамның немесе
белгілі бір құрылымдық бірліктің нақты уақыт бөлігіндегі
әлеуметтік дамуының мақсаттары мен көрсеткіштері жүйесі
бейнеленген құжат.
Бағдарламалардың маңыздылығы-елдегі әлеуметтік
жағдайды жақсарту,біліи беру,жұмыспен қамту және
денсаулық сақтау салаларын жақсарту.
Қазіргі таңда әлеуметтік бағдарлмалар барлық елдерде ең
маңызды шара.
Әлеуметтік бағдарламалар арқылы елде жәрдемақылар, әлеуметті
көмектер, кедейшілік мәселелер шешіледі.Сонымен қатар әртүрлі
әлеуметтік салалардың орындалу жүйелерімен сапасы
жоғарлайды,әлеуметтік бағдарламалар бүкіл әлемде әрқашан
жаңданып тұрады.
Президенттің «Интеллектуалды
ұлт – 2020» бағдарламасы және
оның маңызы. Қазіргі білім беру
моделі
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда
"Интеллектуалды ұлт - 2020"
мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Бұл бағдарламаның
негізгі мақсаты туралы мемлекет
басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда
"Болашақ" бағдарламасының
стипендиаттарына арналған
форумда мәлім еткен еді. Оның
негізгі мақсаты - қазақстандықтарды
жаңа формацияға тәрбиелеу,
Қазақстанды бәсекелестікке
қабілетті адам капиталына бай елге
айналдыру.
Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.
Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне
бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой,
алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен
инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды
түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция
болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші
жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып
аймақтық университет ашу.
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде
тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала
отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани
тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.
Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні
“Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да
салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр.
Соңғы жылдары Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі мен әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жетістіктер Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің даму параметерлеріне мейлінше жақындай
түсуге мүмкіндік жасады. Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес, біздің еліміз кірісі орта деңгейден жоғары
мемлекеттердің тобына енгізілді.
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) адам дамуы жөніндегі деректеріне қарағанда, 2006 жылы
Қазақстандағы адам дамуының индексі (АДИ) 0,774 құраған. 2007 жылы Қазақстан адам дамуы деңгейі
бойынша әлемдік рейтингте 117 мемлекеттің ішінде 73 орынды иеленген.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Назарбаев Н. Инновационная индустрия науки и знаний – стратегический ресурс
Казахстана в ХХІ веке

https://egemen.kz/article/147421-el-ertenhi-intellektualdy-urpaq-qolynda
© egemen.kz
Назарбаев Н. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы
https://www.inform.kz/kz/intellektualdy-azamat-kalyptastyru-gylymi-kauymga-zhukteledi-g-sultanbae
va_a2853445

Қазақстан тарихы — Оқулық (екі тілде)
Авторлар: С. Ахметова, А. Ибраева, А. Құлымбетова, А. Мағзұмова, А. Марқабаева
Басып шығарылған жылы: 2017

Ұқсас жұмыстар
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы
Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалар
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы
Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық бағдарламасы
Мемлекеттік бағдарлама
Рухани жаңғыру бағдарламасы
ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжірибе нәтижелері туралы
Республикасының кеңесінің төрағасы президенті
Пәндер