Шоқан және орыс ғалымдары



Бөлім тақырыбы: Саяхат және демалыс
Қазақ тілі
5 - сынып
Сабақ-17
Тақырып:
«Шоқан және орыс ғалымдары»

Оқу мақсаттары:
5. 2. 7. 1. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет- журналдардан қажетті ақпаратты ала білу;
5. 4. 5. 5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

Бағалау критерийлері:
Газет-журналдардан қажетті ақпаратты алады;
Сұрақтарға жауап береді;
Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгісін дұрыс қолданады.
Тақырып бойынша өз пікірін білдіреді.

Сабағымызды бастамас бұрын, суреттерге назар аударайық! Суретте кімдерді көріп тұрсыздар?
Сабағымызды бастамас бұрын, суреттерге назар аударайық! Суретте кімдерді көріп тұрсыздар.

Кадет корпусында тамаша білім алып шыққан жас жігіт Шоқан Уәлиханов түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.
Шоқан 1856 жылы полковник М. И. Хоментовский басқарған әскери- ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет «Манас» эпосының ең шұрайлы бөлігі «Көкетай ханның ертегісі»жырын жазып алады. «Манас» - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы. Сондықтан ғалым оны «Дала Илиадасы» деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған ғалымдардың еңбектеріне сын айтады.
Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады. Шоқан табиғатты және ел тұрмысын жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған.
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. С. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П. С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретінде даңқын арттырды.

1-тапсырма.
Міне, мәтінді тыңдадыңдар. Ендеше, баларлар, тапсырма орындауға көшейік. Мәтінге сүйеніп, төмендегі кластерді
толтырайық.
ДЕСКРИПТОР:
- тақырып туралы білгендерімен бөліседі;
- ақпараттарды топтастырады.
Шоқан кім?

ӨЗ ЖАУАБЫҢДЫ ТЕКСЕР

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілері
1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса:
« », -
2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса:
: «»
3. Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса:
: «» -
4. Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса, автор сөзінің екі жағынан тыныс белгілері қойылады:
«, -, -»
АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ

2-тапсырма Төменде берілген сөйлемдердің төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып жазу.
«Ерлік аспаннан түспейді» дейді Б. Момышұлы. Ол «Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі» деді. «Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлап құрметтеген жан деді Б. Момышұлы халқының да қадіріне жетеді».
Дескриптор:
Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілерін ажыратады;

ӨЗ ЖАУАБЫҢДЫ ТЕКСЕР
«Ерлік аспаннан түспейді», -дейді Б. Момышұлы. Ол: «Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі» - деді. «Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлап құрметтеген жан, - деді Б. Момышұлы, - халқының да қадіріне жетеді».

3-тапсырма.
«Жұдырық-алақан» әдісі бойынша ақпараттың дұрыс, бұрысын анықта.
Сұрақтар
(дұрыс)
( бұрыс)
Шоқан Уәлиханов түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.
Шоқан 1900 жылы полковник М. И. Хоментовский басқарған әскери- ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді.
1857 жылы Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды.
Шоқан ғалым, зерттеуші, саяхатшы.
Шоқанды орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын қазақ жазушысы» деп атаған.
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. С. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты
Дескриптор:
-ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды;

Өзіңді тексер!
Сұрақтар
(дұрыс)
( бұрыс)
Шоқан Уәлиханов түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.
+
Шоқан 1900 жылы полковник М. И. Хоментовский басқарған әскери- ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді.
+
1857 жылы Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды.
+
Шоқан ғалым, зерттеуші, саяхатшы.
+
Шоқанды орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын қазақ жазушысы» деп атаған.
+
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. С. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты
+

4-тапсырма.
Мына тірек сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақта алған білімдеріңді қорытындылап «Өмір баспалдақтары» тақырыбында шағын мәтін құрап жаз!
Дескрипторы:
өз ойын дұрыс жеткізеді;
тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрайды.
Тірек сөздер:
Кадет корпусы, Ыстықкөл экспедициясы, «Манас» жыры, ғалым, Қырғыз елі, зеректік,
орыс ғалымдары,
зерттеушілік қабілет

Жауап үлгісіне назар аударайық!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz