Брахмандар Абыздық варна


Slide 1

Үнді Философиясы

Орындаған: Айтқожа Кәмшат, Тажибаева Аружан, Рысбек Ақжан, Рымханқызы Гүлғасыл, Сабитова Арайлым, Усман Сара.

Slide 2

Үнді Пәлсапасы

Үнді пәлсапасы б. з. д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді.

Slide 3 Slide 4

Үнді қоғамының бөлінуі

Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

Брахмандар Абыздық варна

Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары

Вайшьялар Егінші-варналар

Шудралар Төменгі варна

Slide 5

Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б. з. д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:

Slide 6

Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б. з. д. 1, 5 мың жыл шамасында) . Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.

Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.

Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.

Упанишадтар Б. з. д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім».

Slide 7 Slide 8

Астикаа ілімдері

Вайшешика- атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з. д. VI-Vғ. ғ. п. б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері - жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды.

Ньяя-носеологиялық мектеп. Ол б. з. д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған.

Slide 9

Йога - адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б. з. д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.

Миманса - таным мәселесімен айналысты. Ол б. з. д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.

Санкхья - қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Slide 10

Настикалық ілімдер

Slide 11

Буддизм - Үндістанда б. з. д. VII - Vғ. ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

Азаптану.

Азаптанудың себебі.

Азаптанудан босану.

Азаптанудан босануға апаратын жол.

Slide 12

Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:


Ұқсас жұмыстар
Ньяя - гносеологиялық мектеп
Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
Үнді философиясы
Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
Ортодоксалды мектептері
Ежелгі Үнді философиясы туралы
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Ману заңдары
Индуизм философиясы
Үнді мифологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz