Қазақстан Республикасының азаматтығы: түсінігі, алу мен тоқтату тәртібі, балалар азаматтығы және мемлекеттік органдардың өкілеттігі


Slide 1

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Slide 2

Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасы азаматтығының түсінігі

2. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу тәртібі.

3. Азаматтықты тоқтату негіздері

4. Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы

5. Қазақстан Республикасы Президентінің және мемлекеттік

органдарының азаматтық мәселелер жөніндегі өкiлеттiгi

Slide 3

Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 20 желтоқсандағы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

Slide 4

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты.

Slide 5

Қазақстан Республикасының азаматтары:

Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға;

мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Slide 6

Мына адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады:

Азаматтық заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар.

Slide 7

Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.

Slide 8

Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.

Slide 9

2 Сұрақ. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу тәртібі.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) тууы бойынша;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша.

Slide 10

Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады

Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды.

Slide 11

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:

1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Slide 12

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.

Slide 13

Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Slide 14

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты Қазақстанның отбасы құқығын қолдану және шетел актілерін мойындау
Қазақстан Республикасының Парламенті мен прокуратурасы: құрылымы, өкілеттігі және прокурорлық қадағалау актілері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ант беру тәртібі және қағидалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мағыналары, авторлары және қолданылу тәртібі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінің құрылымы мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: түсінігі, пәні, жүйесі, әдістері мен функциялары
Мемлекеттік органдардың құрылуындағы сайлаудың маңызы мен рөлі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификациялау жүйесіндегі нан, нан-тоқаш, макарон өнімдері мен ашытқыны сертификаттау тәртібі
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу: рәсімдер, талаптар және бас тарту негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz