ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ




Презентация қосу
13 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫ
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
Дәріс жоспары(1 сағат)
Қаржы тұрақтылығының абсолюттік көрсеткіштері. Қаржы тұрақтылығының үш факторлық моделі. Қаржы тұрақтылығының
салыстырмалы көрсеткіштері
Қаржы тұрақтылығы коэффициенттеріне интерпретация жасау.Қанағатсыз құрылымға ішкі және сыртқы баға беру
Компанияның абсолютті төлемқабілеттлік түсініктері. Несие қаблеттілікті талдау
1. Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз
және дағдарыстық болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
- бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие
қабілеттілігін сақтай отырып, табысты
өсіру негізінде қаржыны тарату мен
пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын
көрсететін қаржы реурсының жағдайы
Тұрақты қаржылық жағдай өндірістік
жоспарлардың орындалуына және өндіріс
қажеттіліктерін керекті ресурстармен
қамтамасыз етілуіне оң ықпалын тигізеді
Талдаудың басты мәселесі – қаржылық
қызметтегі кемшіліктерді уақытында
айқындап алу және жою, кәсіпорынның
қаржылық жағдайын және оның төлемге
қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.
КҚЖ-ның тұрақтылығын бағалау үшін келесі
көрсеткіштердің өзгерістерін сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:
кәсіпорынкапиталының орналасуы және
пайда болу көздері бойынша құрылымын;
оныпайдалану тиімділігін және
қарқындылығын;
кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және
несиені өтеу қабілеттілігін;
оның қаржылық тұрақтылығының запасын.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері
1. Меншік айналым құралдарының үлесі .

МАҚ=МК – АЕА
2. Меншік және ұзақ мерзімді қорлар мен олардың құрылу
көздерінің қалыптасуының үлесі .(МҰМҚ)
МҰМҚ = МАҚ + ҰМП
3.Қорлардың және олардың құрылу көздерінің негізгі жалпы
сомасы (ЖК):
ЖК= МҰМҚ + ҚМЗҚ

МК- меншік
АЕА- айналымдық емес активтер
МАҚ - меншікті айналым құралдары
ҰМП- ұзақ мерзімді пассивтер
МҰМҚ- меншіктік және ұзақ мерзімді қорлар мен, олардың құрылу көздері
ҚМЗҚ – қысқа мерзімді займдық құралдар
Талданатын кәсіпорынның салыстырмалы
көрсеткіштерін мыналармен салыстыруға
болады:
тәуекелдік
дәрежесін бағалау үшін және
банкроттық мүмкіндігін болжау үшін
жалпыға бірдей «нормалармен»;
басқа
кәсіпорындардың ұқсас деректерімен,
өйткені бұл кәсіпорынның күшті және әлсіз
жақтарын, сонымен қатар, оның
мүмкіндіктерін айқындауға рұқсат етеді
2.Барлық қаржылық тұрақтылыққа қатысты көрсеткіштер екі
топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – айналым құралдарының жағдайын
анықтайтын көрсеткіштер.
меншік құралдарымен қамтамасыз ету коэффициенті;
материалдық қорлардың меншіктік айналым құралдарымен
қамтамасыз ету коэффициенті;
Негізгі құралдардың ұтқырлық (маневренность)
коэффициенті;
Екінші топ – негізгі құралдар ( ұзақ мерзімге тартылған
займдық құралдар коэффициенті, тозу коэффициенті,
мүліктің нақты құны коэффициенті) мен қаржылық
тәуелсіздік дәрежесін ( автономия коэффициенті; займдық
құралдар мен меншік құралдарының арақатынас
коэффициенті) сипаттайтын көрсеткіштер.
3. Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып төлем
қабілеттілік табылады.
Төлем қабілеттілік – кәсіпорынның саудалық, несиелік
және басқа да төлем операцияларсипатында өзінің төлем
міндеттерін уақытында жабу қабілетін айтамыз.
Төлем қабілеттілік келесідей мәліметтермен негізделеді:
есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарының, қысқа
мерзімді қаржылық салымдардың болуы. Есеп айырысу
шоттарындағы ақша қаражаттарының көп болуы,
кәсіпорынның ағымдағы төлемдер мен міндеттемелерді
жабуға қабілетті екенін көрсетеді.
Уақыты өтіп кеткен міндеттемелер мен төлем
ұсталымдарының болмауы;
уақытында несиелердің жабылыуы;
Несиегерлік қабілеттілігі (несиені төлеу
қабілеттілігі) кәсіпорын болып алынған
несиелерді уақытында қайтару және
қосымша пайыздарды меншік ресурстары
арқылы жабу. Кәсіпорын алған табысы арқылы
тек қана банктер алдындағы міндеттемелерді
емес , сонымен қатар бюджеттің, сақтандыру
компаниялардың және басқа кәсіпорындар
алдында міндеттемелерін жаба алады және де
меншік құралдарын инвестиция ретінде сала
алуы мүмкін.

Ұқсас жұмыстар
Қаржылық талдау мақсаты және міндеттері
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
Қаржылық тәуекелдер мәні, олардың сыныптамасы
Бизнесті жоспарлау процесінің кезеңдері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Бухгалтерлік есеп беру
Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
Қарызды басқару
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
Пәндер