Сақтардың коғамдық құрылысы


Slide 1

Ерте көшпенділер дәуірі

Slide 2

Б. з. б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында

құрғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық

жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды. Ұлы Даланың барлық

белдеуінде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері

тұрақты қоныстардан бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпелілікке ауысты. Қоныстар мүлдем бос қалды немесе маусымдық

қонысқа айналды. Осыдан бастап малшаруашылығы басты шаруашылық түріне айналды.

Ерте көшпенділер дәуірінің пайда болуы

Slide 3

Сақтардың коғамдық құрылысы

Сақтар (сақалар) - б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Оларды көне гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.

Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды.

Slide 4 Slide 5

Сақ атауының бірнеше мағынасы бар:

Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы - «құдіретті еркектер»;

Иран жазбаларында сақтар - «жүйрік атты турлар»;

Грек деректерінде сақтар - «азиялық скифтер» деген атпен белгілі болды.

Slide 6

парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

хаомаварга (хаома сусынына байланысты берілген) - Ферғана алқабын мекендеушілер;

тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) - Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Slide 7

Сақтардың қоғамы 3-ке бөлінді:

Абыздар-ақ түсті киім киді, олар ерекше бас киімі мен ағаш тостағанымен ерекшеленді;

Жауынгерлер-қызыл, сары-қызыл түсті киім киді, үнді-иран тілінде ратайштар, яғни арбада тұрғандар деп аталды;

Малшылар мен егіншілер-сары немесе көк түсті киім киді, оларды сегіз аяқталар деп атады, яғни соқаға жегілген екі өгізі бар дегенді білдірді.

Slide 8

Сақтардың саяси тарихы

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Б. з. б. 519-518 жж. сақтарға қарсы Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, баса-көктеп кіргенін жазады. Бұл жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген ақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермафоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста өз өнерлерін көрсетеді.

Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменид мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. д. 330-327 жж. Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді.

Slide 9

Сақ тайпалары мекендеген территория аумағы

Slide 10

Өзеннің қарсы бетінде гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды алып кеткен”. Александр бұйрығы бойынша, Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек пункті ретінде салынады. Александр Македонскийдің Яксарт (Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-талабы сәтсіз аяқталады.

Орта Азия мен Орта Шығыста сақтар бұдан былай маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б. з. б. 3ғ. -б. з. д 3ғ аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.

Slide 11 Slide 12

«Аң стиліндегі» әшекей бұйымдардың жасалу мерзімі үш кезеңге бөлінеді

Бірінші кезең-

көне

Екінші кезең-

гүлденген

Үшінші кезең-

құлдырау

Бейнеленген жануарлардың бір орнында қаз қалпында жеке тік тұруы.

Жануарлар әр түрлі қимыл-әрекет жасап тұрған күрделі бейнелері көрсетілген.

Бұл кезеңде аң стилі ою-өрнекке айнала бастауы. Полихромдық стильдегі өнер туындылары пайда болды.

Slide 13

«Алтын адам» - 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында - сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970жылдары археолог К. А. Ақышев тапқан.

Slide 14

Тиллә тепеден табылған алтын әшекейлер

Пазырық обасынан табылған аттылы сақа кескіні

Slide 15

Қорытынды

Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері - қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологиялық зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді. Сақ тайпасынан мұраға қалып отырған жәдігерлер қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы болып табылады. Себебі, бұл жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың бізге қалдырған өсиеті деп айтсақ қателеспейміз.


Ұқсас жұмыстар
САҚ ҚОҒАМЫ
Дарий бастаған парсылар
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымы
Парсы патшасы
Сақ тайпаларының мекендеген дәуірі
Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті мен оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Сақтардың шығу тарихы
АНДРОНОВТЫҚ ӘСКЕРИ АРБАЛАР
САҚ ПАТШАЛАРЫ
Көшпенділер туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz