Табын шегіртке зиянкестері


Slide 1

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ

Орындаған::

Мирамғалиев Бердібек

Жетекші:

Бекенова. Ш. Ш

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Агрономия факультеті «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

Slide 2

Зерттеу жұмыстары жүргізілген жер

2

Сурет 1. Қостанай облысы, Амангелді ауылы

Slide 3

3

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық және қуаң. Қаңтардың орташа температурасы -16--22°С, шілдеде - 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері - 250-350 мм. Топырағы солтүстік пен солтүстік-шығыста қоңыр, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында ашық қоңыр. Сортаң топырақ та кездеседі. Ауданның Торғай және оның саласы Жалдама өзендеріне дейінгі солтүстік бөлігін жусан аралас бетегелі, селеулі, жусанды, көкпекті шөп өскен құрғақ дала алып жатыр. Оңт-ндегі шөлейт аймақта ақ жусан, көде, еркек шөп, қара жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Өзен жағалауында, ойпаңдарда галофит өсімдіктері аралас бидайықты, өлеңшөпті шалғын өседі. Жабайы аңдардан: қасқыр, түлкі, киік-сайғақ, борсық, ондатра, жабайы шошқа, қоян, дала бүркіті, көкек, қарға, ұзақ, сауысқан, жабайы көгершін, тоқылдақ, аққу, тырна, дуадақ, кекілік, бөдене тағы да басқа түрлері бар. Су айдындарында шортан, алабұға, ішінара, тұқы, сазан балық түрлері тараған.

Қостанай облысы Амангелді ауданының климаттық жағдайы

Slide 4

4

Ауа райына байланысты агрометеорологиялық сипаттамасы

Күзгі-қысқы маусым 2010-2011 жылдар. Өзгермелі күз 2010 жыл болды. Қыркүйекте түнгі ауа температурасы -6, 0°С төмендесе, күндізге уақытта +30°С көтерілді. Қыркүйекте ауа райы жылы, құрғақ болды. Тек қана соңғы күндері ауаның түнгі температурасы -6, 0°С түсті. Қыркүйекте орташа ауа температурасы +11, 7°С болды. Ауаның орташа ылғалдылығы 59% болса, жауын-шашын мөлшері 12, 3 мм-ге дейін түсті. Солтүстік-батыстағы жел бағытының жылдамдығы 1-6 м/с жетті. Жалпы қыркүйек айы жылы ауа райымен сипатталады. Аумақтарда құрғақ болады.

Slide 5

5

Қостанай облысы Амангелді ауданында шегіртке зиянкестерінің таралуы

Шегірткелер аз қозғалады, бір-бірінен алыс қашықтықта өмір сүреді. Дегенмен шегіртке миграциясы жиі байқалады, яғни олар біріге бастайды және дене тұрқы сәл өзгеріске ұшырап, қанаттары ұзарып, қатты(қуатты) бола бастайды. Сонымен қатар олар өте агрессивті болып келеді.

Зиянкес шегірткелердің орналасқан орындары мен аудандарында бірнеше жылдар бойы, бір маусым бойы немесе бір тәулік бойы зиянкестілігі кенеттен өзгеруі мүмкін. Шегірткелердің басқа көптеген зиянкес насекомдардан айырмашылығы кенеттен төтенше көбеюі және зияндылығы. Шегірткелердің әр түрлілерінің жаппай көбеюі 2-3 жылдан кейін, жиірек 5-10 жылдан, кейін сирек

Slide 6

6

Итальяндық прустың дернәсілдерінің пайда болуы мамыр айының екінші жартысында басталады, одан бірнеше аптаға созылады, соңғы дернәсілдер тамыз айларында пайда болады. Толықтай алғанада туылуы бір қалыпты, жиірек көктемде және жаздың басында болады. Дернәсілдің 1 жастан 2 - ші жасқа көшуі 6 - 9 күн аралығында болады.

Барлық өзінің аймақтарының ареалына итальяндық прус өсімдік топтарын қоныстандырады және барлық артықшылықты жусанды мен бетегелі - жусанды формациялы жерге береді. Солтүстік аймақтарда ол ең жылы және құрғақжерді алады: орман жиегі мен қарғай орман алаңын, жас шоғырлар борлы тауларды және т. б. Керісінше оңтүстік аймақтарда олардың тіршілік етуі өзен алқаптарының құнды өсімдіктеріне үйретілген. Орталық ареал аймақтарында көп мөлшерде ол жусанды - егістік далаларда кездеседі.

Slide 7

7

Азияттық көшпелі шегіртке - Locusta migratoria Дернәсілі мен имаго топтық түрде егіске, арпа, жүгері, күріш, тары, жоңышқа, беде, асбұршақ, бұршақ, соя және басқада бұршақ тұқымдастар, асхана мен қант қызылшасы, 4 картоп, темекі, көкнәр, қырыққабат, тарна, қыяр, қарбыз, қауын және асқабақ, күнбағыс, сора, құлмақ, қарақұмақ, мақта, майкене, көкөніс пен басқада мәдени жас көптеген өсімдіктерге, орман алқаптарына, шабынды даларға, жайылым жерлерге зиян келтіреді.

Үлкен зиянкестерінің аталығының ұзындығы 35 - 50, аналығының ұзындығы 45 - 50 мм. Маңдайы тік. Мандибуласы көкшіл.

Slide 8

8

Табын шегіртке зиянкестері

Slide 9

9

Slide 10

10

Тексеру жоспары бойынша текшелер бойынша итальяндық прус 2, 0 мың га, іс жүзінде 2, 0 мың га зерттелді, 0, 8 мың га алаңда қоныстанды, оның ішінде тығыздығы бойынша 1 шаршы метрге 1-ге дейін, алаңда 1, 1 мың га алаңда 1, 1-2, алаңда 2, 1 - 5-0, 2 мың га, 5. 1-10 алаңда 0, 3 мың га, алаңда 10 - нан астам-0, 3 мың га. текшедегі жұмыртқалардың орташа саны 33-34 дана, оның ішінде зардап шеккен текшелер-0%. Зерттеу Алтын Дала ГПР жерінде жүргізілді. Тексеру мерзімі 16 сәуірден 27 сәуірге дейін

Көктемде 1 жастағы дернәсілдердің көбеюі 17 мамырдан бастап Алтын Дала ГПР аумағында 20+27 кезінде өтті. Туған шегірткелер бірінші жаста. Сигналдық хабарлама аудан әкімдігінің а/ш бөліміне, а/ш аумақтық инспекцияларына, а/о әкімдеріне ұсынылды.

Қостанай облысы Амангелді ауданында шегіртке зиянкестерін тексеру жұмыстары

Slide 11

11

Амангелді ауданы аймағында таралған шегіртке зиянкестерімен тиімді күресу шаралары

Шегірткелерге қарсы күресу шаралары үйірлі шегірткелердің жаппай қаулап көбейіп кетуіне жол бермеу үшін олардың негізгі ұялайтын мекендерінде профилактикалық бағытта, ал саяқ шегірткелерді егіс маңайында және басқа учаскелерде шоғырланатын жерлерінде жою үшін жүргізіледі. Күрес шараларын жоспарлау үшін алдын ала шегірткелердің жайылған учаскелерінің көлемін және олардың сан мөлшерін анықтау керек. Ондай мағлұматтарды арнаулы бақылаулар мен тексеру жұмыстарының орындалуы нәтижесінде ғана алуға болады.


Ұқсас жұмыстар
Энтомология ғылымы және зиянкестердің түрі
АТБАСАРЛЫҚ САЯҚ ШЕГІРТКЕ
Каусар
Бунақденелер. Шегіртке оның құрылысы. Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Қосқанаттылар
Етістік сөз табы
Абай Шегіртке мен құмырсқа
Итальяндық шегіртке
Зиянды шегірткелер туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz