Егу күнтізбесі


Slide 1

ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі

Slide 2 Slide 3

Жеке ауруларға қарсы вакциналық препараттардың сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2295 қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі:

БЦЖ

ОПВ, ИПВ

ВГВ

АКДС

АДС

АД-М

АДС-М

Акт-ХИБ

ҚҚП

Превенар 13

Slide 4 Slide 5

БЦЖ немесе Кальметта-Герен бацилласы (Bacillus Calmette-Guérin, BCG) - туберкулезге қарсы вакцина, ол жасанды ортада арнайы өсірілген адам үшін вируленттілігін жоғалтқан Mycobacterium bovis BCG, тірі әлсіреген туберкулезді бацилла. Вакцина құрғақ түрде шығарылады. Қолданар алдында стерильді физиологиялық ерітіндімен араластырылады. Егу үшін арнайы тубиркулинді шприц қолданылады (көлемі 1мл) .

Slide 6

Полиомиелитке қарсы екі түрлі вакцина бар: ИПВ және ОПВ.

ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатысады. Бұл вакцина полиомиелит толық жойылмаған елдерде қолданылады (соның ішінде Ресей және ТМД елдері) . ОПВ ерекшелігі: вакцинді вирус егілген баланың ішегінде дамиды кейіннен қоршаған ортаға түседі, ол касакатты «вакцинация» және «ревакцинация» әкеледі, осыған байланысты популяциялық иммунитет дамиды.

Slide 7

ОПВ арзан вакцина және қолданылуы оңай (тамшы түрінде шығарылады, ауызға тамшы ретінде қолданылады) . Сонымен қатар ОПВ қолданудың кемшіліктері мен шектеулері бар:

Қарым-қатынас арқылы вакциналық вирус алған кейбір балаларда ауыр асқынулар -вакцинамен ассоцирленген полиомиелит, кей кезде табиғи инфекциядағы сияқты салдану дамуы мүмкін;

ОПВ-ны сақтау (-20С0) шарттары және нақты мөлшерлеу мүмкін болмауына (еңгізілген вакцинаның жартысы организмнен нәжіс арқылы шығарылады) байланысты оның тиімділігі төмендейді;

Омырау жасындағы балалар көбінесе ОПВ- ны ашты дәміне (ересек жастағы балаларға көбінесе нанға немесе қантқа тамызып береді) байланысты лоқсиды және түкіріп тастайды. Бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді, сондықтан да ата -анаға, балаларға және дәрігерге қолайсыз. Егер балада ішек бұзылыстары болса, ОПВ еңгізілмейді, бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді.

Slide 8 Slide 9

ИПВ вакцинасы осы айтылған кемшіліктерден арылған. Вакцина арнайы шприц - доза ретінде шығарылады. ИПВ құрамында өлтірілген полиомиелит вирусы бар, бұлшық етке немесе тері астына еңгізіледі.

ИПВ тиімділігі жоғары деп саналады. Оның тиімділігі дәл мөлшерлеу (себебі тікелей инъекция арқылы) және стандартты сақтау шарттары, температура өзгерістеріне төзімділігі арқылы жүзеге асырылады.

ИПВ қауіпсіз, себебі егілген балалардың жүйке жүйесіне әсер етпейді. Жағымсыз реакциялары жоқ, ішек бұзылыстарын шақырмайды және ішектің қалыпты микрофлорасымен бәсекелеске түспейді.

Осы жағдайға байланысты біздің еліміздің жопарында келешекте егудің ұлттық күнтізбесінде ОПВ ИПВ -ға ауыстырылады.

Slide 10

ВГВ - Бұл вакцина ашытқы жасауша культарасынан жасанды өндірілген, оның құрамына вирусты гепатит В-нің беткей ақузы - HbsAg кіреді. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене - Aнbs түзіледі. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене - AНbs түзіледі.

Slide 11

АКДС - ең бірінші рет шетелде 40 жылдарың соңында қолдана бастады. АКДС - вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар АКДС екпесіне өте күшті патологиялық реакция береді, соған байланысты дәрігерлер АКДС вакцинациясынан бас тартуы тиіс. Дегенмен, сіреспе және дифтерия ауруларын алдын алудың өмірлік маңызы бар. Сезімтал және әлсіз балаларды инфекциядан сақтау үшін АДС вакцинасы шығарылды. АДС вакцинасы АКДС вакцинасы құрамындағы ең ауыр - инактивирленген көкжөтел таяқшасы компонентінен айырылған.

Slide 12

АДС-М - құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин. АД-М-анатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95% балаларда 7-10 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады.

Slide 13

Акт-ХИБ (Act-HIB) . Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады.

Slide 14

Гемофильды инфекциядан сақтанудың ең негізгі тәсілі - егу.

Вакцина Акт-ХИБ құрамында тірі микроорганизм жоқ, сол себепті егуден кейін ауыру қаупі мүмкін емес, вакцина гемофильды таяқша антигенімен байланысқан сіреспе анатоксинінен тұрады.

Акт-ХИБ бір реттік қолданбалы түрде, арнайы шприц дозада шығарылады және оның инесі ауырсынуды басатын арнайы құраммен өңделген. Соңғы уақытта шетелдерде комбинирленген 4-5-6- компоненттік препараттар қолданылады, оның құрамында бірнеше вакцина кіреді:

«Тетраксим»- АКДС+ ИПВ

«Пентаксим» - АКДС+ ИПВ+ Хиб

«Гексавак» немесе «Инфанрикс Гекса» - АКДС+ИПВ+ гепатит В+ Хиб

«Тринтатрикс Геп В» - АКДС+ гепатит В.

«Тетракок» -АКДС+ ИПВ

«ТетрАкт-Хиб» -АКДС+Хиб

«ПентАкт-Хиб» -АКДС+ ИПВ+Хиб

Бірнеше жыл көлемінде Қазақстанда мына препарат жиі қолданлылады - «Тринтатрикс Геп В».

Slide 15

ҚҚП және ҚПҚ. Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында.

ПКВ 13 (Превенар -13) Пневмококк (Streptococcus pneumonia) - грамм оң диплококк, полисахаридті капсуламен қапталған. Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т. б.

Slide 16

Пневмокк инфекциясы ауа - тамшылы жолымен және ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан қарым-қатынас арқылы жұғады. Пневмоккты этиологиялы аурулар тыныс алу жүйесі ауруларының құрылымында маңызды рөл атқарады және қатаң медико-әлеуметтік мәселе болып табылады.

Сонымен Казақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдың соңында қосылған соңғы вакцина - пневмококк вакцинасы. Қазакқстанда осы вакцинаның үш түрі тіркелген: ПКВ 7, ПКВ 10 және ПКВ13.

Қазіргі кезде ПКВ13 (Превенар-13) қолданылады.

Slide 17 Slide 18

Профилактикалық екпелерді өткізу мерзімдері және енгізу тәсілдері

БЦЖ - туберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі. БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы 4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі. Вакцинация неонатологпен қаралғаннан кейін, жаңа туған нәресте тарихына екпеге рұқсат берілгені жазылғаннан кейін ғана жасалуы керек. БЦЖ вакцинациясы перезентханадан шығару эпикризіне және екпе паспортында жазылады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Вакцинация және егу күнтізбесі
Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы
БЦЖ вакцинасы
Вакциналардың түрлері
Францияның күнтізбесі
Балалар инфекциясының эпидемиологиясы және алдын алу
Бірінші жүктіліктен туылған бала
Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар
Тыныс алу органдары
Салық кодексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz