Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті




Презентация қосу
Андронов және
Беғазы-Дәндібай
мәдениеті

Мұғалімі: Нуртазаева А. Б
Орындаған: Асқанбек С.
Институт: ПСМИиК
Мамандығы: 5в073000

Алматы-2014 жыл
Андронов мәдениеті
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде
Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен
айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен
қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі
Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола
дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж.
Б.Г. Андронов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан
жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов
ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми
айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927
жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс
Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері
Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.
Жер аумағы
Кезеңдері
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте
қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола
б.з.д. 12-8 ғ.ғ.. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д.
17-9 ғ.). Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914
жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде
орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің
ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А.
Теплоухов болды. Әсіресе, М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор,
ол 30-жылдарда-ақ Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс
ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінін
хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы
кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының
Андронов мәдениетіне хронологиялык топтама жасады, оны
бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде
мынадай аттар берді:
Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі —
б. з. б. XV — XII ғасырлар, Замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII
ғасырлар. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезендерге
бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола
дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған
аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның Андронов
мәдениетің кезендерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А.
Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар
айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезендерге бөлуі
қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың,
Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана
түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен
энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының
және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының
мәдениеті жағынан, әрі шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының
табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді.
Ерекшелігі
Андроновтық тұрғындарды басқа
тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты
этнографиялык белгілері : жерлеу ғұрпы,
геометриялык өрнегі бар балшық қьш
ыстардың өзінше бір жиынтығы, металл
бұйымдардың түрлері болып табылады.
Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас
қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік
бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып
қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал
өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген
тайпалас адамдар өртелді, не ерекше әдіспен
бүйірінен жатқызылып, қол- аяқтары бүктеліп,
тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе
қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып
Жерлеу ғұрпы
Діні мен өнері
Өліктер қабырда бастары батысқа немесе
оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл
о дүниемен байланыс жасайтын құдайға
қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт
бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті
өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан
шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық
шалудан басталған. Оған сүт толы
ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті
балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй
едені астына көмген. Үйдің ошағы
отбасының ең қасиетті жері болды.
Шаруашылығы
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін,
бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды.
Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар,
орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды рөл атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе,
ірімшік жасаған, ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына
құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы.
Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың
жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. Шоқтығы
орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килограммға дейін
жететін жылқылар. Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке,
сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін
болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер
болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді.
Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп
тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос
өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. І мыңжылдық басында
андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан.
Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан
жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен
ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін
өсірумен айналысты.
Беғазы-дәндібай
мәдениеті
Беғазы-Дәндібай
Беғазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек
айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. Мандаты «Беғазы»
деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған.
Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет
қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның
тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды
облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Бұл
тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым
- әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы
ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Беғазы - Дәндібай мекенін 1947-1949
және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан
тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды
ғылыми қорытындылар жасалды.
Ерекшелігі
Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақталғандай, бұл
обалар біздің заманымыздан бұрынғы IX-IIX ғасырларға, яғни қола
дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей
Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі -
ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын
жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі,
саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған,
алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың
болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл
тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс
тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген.
Назар
аударғаныңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы
Қазақстан тарихының кезеңдері
Қола дәуірі туралы түсінік
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
Топ ұжымын бағалау
Қола дәуірінің ерекшелігі
Қола дәуірі
Қазақстан тарихына кіріспе
Қола дәуір
Пәндер