Хандық билік


Slide 1

Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы ХҮ-ХҮІІ ғ. ғ.

Slide 2 Slide 3

1. Ауылдық басқару

Бұл ұйым туыстас жақын бірнеше отбасынан құралады.

Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атаған.

Міндеті:

Ауылдастарының шаруашылығын басқару;

Көші-қон уақытын белгілеу;

Ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды дұрыс шешіп отыру;

Жоғарыдан келген бұйрықтарды өз уақытнда орындар отыру.

Slide 4

2. Ата-аймақ.

Бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралады.

Ата-аймақты басқаратын адамды “ақсақал” деп атаған.

Міндеті:

Ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т. б. мәселелерді шешуге құқылы болды.

Жеті ата арасындағы дау-жанжалдарды реттеп, кінәлі жағын жазалады.

Slide 5

3. Рулық басқару.

Он немесе он бас аймақтан құралатын болған.

Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атаған.

Міндеті:

Ақсақалдарға ақыл-кеңес берген;

Жоғарыдан келген бұйрықтарды өз уақытнда орындар отыру.

Өзінің рулық аймағында кездесетін дау-жанжал болса, оны әділдікпен шеше білген.

Slide 6

4. Ұлыстық билік.

Ұлыс бірнеше рудан құралады. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда 10 мыңдық жасақ шығара алды. Ұлысты басқару ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды.

Ұлысбасы хан немесе сұлтандар билер кеңесіне сүйенген.

Slide 7

5. Жүздік билік.

Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің биін ордаби деп атаған. Басқарушысы хан.

Міндеті:

Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған.

Slide 8

6. Хандық билік

Хандық үш жүзден құралады. Билеушісі хан. (Түркі дәуірінде оны қаған деп атаған) . Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған. Хандар ешбір руға жатпаған.

Міндеті:

Елін, жерін сыртқы жаудан қорғауға міндетті;

Әскери қолбасшылық етуге міндетті болды;

қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтауға міндетті;

Slide 9

7. Құрылтай (немесе Мәслихат)

Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі. Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматтары түгел қатынасады.

Міндеті:

Көрші елдермен соғысу немесе одақ құру т. б. бойынша шешімді бекіту не бекітпеу мәселесі қаралған.

Slide 10

Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

Феодалдар

Қарапайым халық

Қараша

Қара кісі

Шаруа

Бұқара

Құл-құтан

Сұлтандар

Билер

Батырлар

Ақсақалдар

Бай-шонжарлар

Қожалар

Ақсүйектер

Қарасүйектер

Құлдар, күңдер - бас бостандығы жоқ адамдар

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Көктеу (2 ай) - Жас төлдердің

жағдайына байланысты күніне

8-10 шақырымнан аспай

көшу қозы көш деп аталған.

Жайлау (2 ай) -жазғы көш, мамыр

айының басында басталады.

Күніне 15 шақырым жүрген.

Күзеу (2 ай) Күзгі көш, суық

басталысымен көшеді. Күніне

25-30 шақырым жол жүрген.

Қыстау (6 ай) - қысқы көш,

қарашаның

ақырғы күндері қар жауып, мұз

қата бастағанда көшеді.

20-25 км

100-1000 км

Slide 14

Маусымды көші-қон дегеніміз не?

Маусымды көші-қон неше мезгілге бөлінеді?

Қыстау не себепті қазақ халқының негізгі тұрақты қоныстарының бірі болды?

Шаруалар қыстау үшін қандай жерлерді пайдаланған және не үшін?

Қыстаудағы қорық деген не және оны қандай мақсатта пайдаланған?

“Жұт” деген не?

Көшпелілерде “бай бір жұттық” деген мақал неге байланысты айтылған?

Қыстау мен көктеудің арасы не себепті ұзақ болмаған?

Жайлауда қазақтар қандай дәстүрлерді орындаған?

Қазақ халқының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейтін қандай деректер бар?

Slide 15

Ғалымдар мен жазба әдебиетінің өкілдері

Авторлары

Еңбектері

1.

Рашид-ад-дин (1247-1318 )

“Оғызнама”

2.

Жүсіп Баласағұни (1021-1075)

“Құтты білік”

3.

Махмұт Қашғари (1030-1090)

“Диуани-лұғат-ат түрік” (Түркі тілдерінің сөздігі)

4.

Қ. А. Иассауи (1103-1167)

“Диуани хикмет” (Даналық кітабы)

5.

Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ. )

“Дүниенің ақыры” (Ақыр заман)

6.

Ахмет Жүгенеки (Югнаки) (белгісіз)

“Хибат-ул-хакайк” (Шындық сыйы)

7.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

“Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы ”“Ғылымдар энциклопедиясы”, “Даналықтың жауһарлары”, “Музыка туралы үлкен кітап”.

8.

Әбу Райхан әл-Бируни

“Астрономияның кілті”

9.

Қадырғали Жалайри (1530-1605)

“Жамиғат тауарих” (жылнамалар жинағы)

10.

Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551)

“Тарихи Рашиди”

Slide 16 Slide 17

Қазақ хандары тарихынан

Хандар

Билік құрған жылдары

Негізгі оқиғалар

Қасым хан

1511-1518 жж

Монғол шапқыншылығынан кейін қазақ халқы бірінші рет барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті

Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн-ға жетті

Алғаш рет орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды

Алғаш рет заңдар жинағы “Қасым ханның қасқа жолын” шығарды

Мамаш хан

(Қамаш)

Өзара тартыс барысында қаза тапты

Тақыр (Тахир)

1523-1533 жж

Тақыр асқан қатыгездігімен ерекшеленді және дипломатиялық, әскери де таланты болмады.

Көрші мемлекеттердің шабуылы күшейді.

Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып ала алмады.

Бұйдаш хан

1533-1534 жж

Қазақ хандығындағы өзара тартыстар тоқтаған жоқ. Осыны пайдаланған өзбек ханы Убайдуллах Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты. Қазақ әскері жеңіліп, Бұйдаш хан қашып құтылды.

Хақназар хан (Ақназар)

1538-1580 жж

Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіріп қалған хандықты қайтадан нығайтты.

Деректерде Хақназарды “қазақтармен қырғыздардың ханы” деп атайды.

Орыс мемлекетімен саяси және сауда байланыстары дамыды.

Хан билігі күшейді.


Ұқсас жұмыстар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы ақпарат
Қазақстанда отарлау кезеңінің басталуы
Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
Сабақтың көрнекілігі
Шыңғысханның Ұлы «Жасақ»қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізімен танысу
Салқам Жәңгір хан 1610-1652
Генерал - губернаторлық
Моғолстанға билік еткен хандар
Жоңғар хандығы
Құрылуы 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz