Ұлы Жібек жолының тарихи мен дамуы




Презентация қосу
Амангелді Диас
Тобы -ФКС23-9
Қабылданған:Есенгелъдиева.С

Ұлы Жібек жолының
тарихи мен дамуы
Ұлы Жібек жолының
тарихы
• Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда
болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында
орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-
ойрандардың куәсі болды.
• Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,
Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және
дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
• VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам
(Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар
тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Бағыттары мен тармақтары
• Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның
Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы
арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың
осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап
осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір
кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала
жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз
маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп
жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет
алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады
екен.
Тың мәліметтер
• Ұлы Жібек жолының қашықтығы 12 000 шақырымды құрады.
Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп
өтпеген. Көп жағдайда олар ауысумен жүріп, жолдың
ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған.

• Қытай императорының сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін
жіберген арнайы дипломатиялық керуені Қытайға 13 жылдан
кейін бір-ақ оралған.
• Жібек жолы сүрлеуін жылқы салған.

• Жібек жолы арқылы көп жағдайда жүзім мен мақта, жылқылар
мен азықтық дақылдар жеткізілді.

• Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер
шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді. Шеберлер темірден
жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін
Батыстан үйренді.
• Қытай аңыздарында жібек жіпті ең алғаш болып Си Линг-чи патша ханым алған
елінген. Аңызға сүйенсек, патша ханым шай ішіп отырған кезде оның шыныаяғына
ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді. Сөйтіп, патша ханым құрттың жібін
тарқатып алып, осылайша алғашқы жібек жіп алынады.
• Тасымалдың қарқындылығы Жібек жолындағы кейбір қалалардың арнайы уақыт
кестесін белгілеп отырғанын дәлелдейді. Мысалы, керуендер Қытайдың Лоян
қаласынан алдыңғы керуеннің шыққанына бір апта өткеннен кейін бірақ қозғалған.
• Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер
туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес,
жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы
өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана
Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды.
Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда
болды.
Сарайшық

• Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ
жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық)
қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда
қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала
Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында
орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар,
моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда
хандары жерленген қасиетті орынға айналған.
Тараз
• Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы
дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань
Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII
ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына
айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға
баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси
былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал
сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені
бар ірі бекіністі қала». Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын
алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н.
Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін,
құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның
нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін
өмір сүрген деген қорытынды жасалды.
Саудакент
• Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік
беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан.
Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.)
деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың
солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі
сауда мен қолөнердің орталығына айналған. Қаз.КСР Ғылым
академиясының Орталық Қазақстан археологиялық
экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен
қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан
табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның
VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
Мәдениеттердің өзара қарым
қатынасы
• Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
шаруашылық, мәдени және саяси байланыс
• Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих
ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер
көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың
арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу
әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл
атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-
қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады.
«Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар,
не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де
жиі кездеседі
Қортынды
• Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол
бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын
ұлғайту қайта 0олға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас
конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің
халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия,
Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка,
бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер
мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар
бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы
Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы
Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени
байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолы. 7 сынып
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы жібек жолының рөлі
Ұлы Жібек жолындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің қалыптасуы
Жібек жолы бағдарламасы
Ұлы жібек жолы бойында сауданың дамуының арқасында
Орхон ескерткіші
Жібек жолымен араб
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
САБАҚ ТАРИХИ БИЗНЕС КЕЙСІ
Пәндер