Йодтың ашылуы




Презентация қосу
Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ
тобындағы химиялық элемент. Йодтың 53 электроны
бес электрондық қабаттарға бөлініп орналасады,
сыртқы қабатындағы валенттік электрондарынын,
формуласы - 5s25p5.Галогендер тобына жатады, ат. м.
126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С;
қайнау t 184,350С. Йод галогендердің ішідегі
белсенділігі төмен элемент болып табылады. Оған
бірден булану, яғни қатты күйден сұйық күйге
айналмай, бірден газтектес күйге өту және керісінше
бірден қатты күйге айналу тән. Йод суда нашар,
этонолда, бензолда, толутолда, хлорофомда,
күкірткөміртекте жақсы ериді.
Йодтың ашылуы
Йод (I2) грек тілінен
«иодес» күлгін деген
мағыныны білдіреді.
Йодты 1811 жылы
француз кәсіпкері Куртуа
ашты. Жер қыртысында
0,0001 % йод бар.
Негізінен, йод тірі
организмдерде болады.
Йод қосылыстары теңіз
суларында мұнайлы
аудандардың бұрғылау
суларында және
т.б.кездеседі.
Физикалық қасиеттері
Йод – өткір иісті, металдық жылтыы бар, қара сұр,
кристлдық зат (ρ-4,93 г/см³). Оны қыздырған
кезде балқымай бірден буға айналады, суыған
кезде йод буы қайтадан кристалдар түзеді. Қатты
заттың бірден газ күйіне айналуын бірден
булану (возгонка) дейді. Йодтың буының түсі
күлгін болады, соған орай бұл элемент йод деп
аталған. Йод суда нашар ериді. Судағы ерітіндісі
йод суы деп аталады. Йодкалий КI ерітіндісінде
және органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Химиялық қасиеті
Йод химиялық белсенді элемент, ол металдармен әрекеттесіп,
йодидтер түзеді:
2Na+I₂=>2NaI
Йод пен алюминий ұнтақтарының қоспасына катализатор
ретінде су тамызса, реакция қопарылыс түрінде жүреді:
2Аl+3I₂=>2AlI₃
Йодтың тотықтырғыш қасиеті бром және хлорға қарағанда
төмендеу. Оның қосылыстарына концентрациялы күкірт
қышқылымен әсер еткенде йод тотықсыздандырғыш болып,
өзі тотығады:
2H₂SO₄+2NaI=I₂+Na₂SO₄+SO₂+2H₂O
АЛЫНУЫ
Йодты йодидтерден, олардың ерітінділеріне
хлормен әсер ету арқылы алады:
2NaІ+СI₂=I₂+2NaСI
Реакция йод І иондарының бесендірек элемент
болып саналатын хлормен тотығуына
негізделген.
Қолданылуы
Йодсутек тұздарының ішінде
көбірек қолданылатыны–
калий йодиді. Ол
медицинада бірқатар
ауруларды емдеуде
қолданылады. Йод
тұндырмасы деп аталатын 5-
10%-дық йодтың спирттік
ерітіндісін медицинада
микробқа қарсы зат ретінде
пайдаланады. Органикалық
қосылыстардың йодты
туындылары да белгілі
фармацевтикалық
препараттар алуда
қолданады
Йод - өмірлік маңызы бар элемент.
Ол қалқанша без үшін құрылыс
материалы (қалқанша без – йод
жинақтаушы орган). Өкінішке орай,
бұл микроэлемент ағзада
жасалмайды, адам оны тек ас,
тағам арқылы алады. Сырт
қарағанда йод жетіспеушілік
білінбейді, ал тапшылық сезілсе
түрлі ауруларға шалдықтырады,
яғни шаршау, түрлі жұқпалы
ауруларды тез қабылдағыштық,
белсіздік және ақыл – ой кемістігі.
Йод жетіспеушілігіне
байланысты ауруларды емдегеннен
гөрі алдын – алған жөн. Адам
күнделікті өсімдік және
жануартекті өнімді қабылдағанмен,
ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен
мен микроэлементтердің орнын
толтыра алмайды. Ағза йодты
синтездей алмағандықтан, тршілік
үшін күнделікті йоды бар
тағамдарды пайдалану есебінен
қажет мөлшерін толтыру қажет.


Ұқсас жұмыстар
Биелер мен сиырдың цервициті
ЙОД. Адамның ағзасындағы жетіспеушілігі
Йод жетіспеушілігі
Қалқанша бездің қызметі бұзылған жағдайда туындайтын аурулар. Оларды алдын алу және емдеу шаралары Қалқанша бездің қызметі бұзылған жағдайда туындайтын аурулар. Микседема
Қалқанша безі
Йодтың адам ағзасындағы артық мөлшері
Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және арттық салмақтың зияндылығы туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту
Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеу
Микробтарға қарсы заттар
Май
Пәндер