Ежелгі Қазақстанның сәулет өнері және тарихи кесенелер


Slide 1

Ежелгі қазақстан жәдігерлері. Сәулет өнері

Slide 2

Мақсаты:

Сәулет өнері туралы түсінік беру Туған жеріміздегі сәулет өнерінің шығу тарихымен танысу.

Slide 3

Жоспары:

Ерте дәуірдің архитектурасы

Архитектура, сәулет өнері

Айша бибі кесенесі

Қарахан кесенесі

Тектұрмас кесенесі

Ақыртас кесенесі

Домалақ ана кесенесі

Slide 4

Ерте дәуірдің архитектурасы. Қәзіргі Қазақстан терриоториясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда болатын. Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген, адамзат мәдениетінің ірнгесі жасалып, құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған, өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен, табиғатпен күресу қиыншылығымен жаншылып келген еді. Өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды.

Slide 5

Архитектура, сәулет өнері - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен - қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.

Slide 6

Қазақ архитектурасы. Қошқар Ата қүлпытасы. Атырау облысы

Арыстан баб кесенесі, 12 ғ.

Slide 7

Айша бибі кесенесі - ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ. ) Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938 - 39 жылы А. Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.

Slide 8

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

Slide 9

Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі. Кесене сәулетшісі мен құрылысшылары белгісіз. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді төртбұрышты имарат. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа Тараз қаласына қарап тұр. Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады, қабырғаларда сылақ іздері бар. Г. А. Пугаченкова кесенені XIV ғасырға жатқызады.


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Мысыр мәдениеті мен өнері: кескіндеме, сәулет, қолөнер және жазу
Ежелгі Иран сәулет өнері: сарай дәстүрлері және Исфаһан, Рази, Хорасан және Әзери стильдері
Ежелгі Рим мәдениеті: сәулет, бейнелеу өнері, театр және музыка тарихы мен ықпалы
14-15 ғасырлардағы Қазақстанның сәулет және қолданбалы өнері: 7-сынып сабақ жоспары
1920-1950 жж. Қазақстанның сәулет өнері және қала құрылысының қалыптасуы
Ежелгі Грекия мен Рим өнері: тарихи-мәдени шолу
Орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның сәулет өнері
7-сыныпқа арналған ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстанның сәулет өнері бойынша сабақ жоспары
Қазақстанның жеті кереметі: тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне шолу
Ежелгі Грек-Рим өркениетінің тарихи-мәдени типі: қалыптасуы, даму кезеңдері және өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz