МОРФИННІҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ




Презентация қосу
АҚ С.Ж.Асфендияров атындағы АО Казахский Национальный
Қазақ Ұлттық Медицина Медицинский Университет имени
Университеті С.Ж.Асфендиярова

АЛКОЛОИДТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ,
ЖАЛПЫ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ, ФИЗИКА-
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ
АЛКАЛОИДТЕРДІ БӨЛІП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ
ӘДІСТЕРІ, ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕГІ
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ.

Тобы: ТФП 18-010-01к
Қабылдаған: Шалқарқызы Айтолқын
Орындағандар : Оразбаева Жансая
Убайдулла Диана
Әділ Айдана
Қалмырзаева Айдана
ЖОСПАР:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
• Алкалоидтар туралы түсінік, алкалоидтардың жіктелуі
• Алкалоидтарды анықтау, бөлу әдістері
• Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар
• Алкалоидтардың адам организміне әсері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
АЛКАЛОИДТАР
Алкалоидтар дегеніміз – құрамында азот атомы
бар табиғи текті органикалық негіздер.
Құрамындағы азоты бар сілті қасиетті
органикалық зат, оның улы және емдік қасиеттері
бар. Мысалы: хинин, кофеин, никотин, эфедрин,
анабазин т.б. Қазір 5500-ден астам түрі бар.
«Алкалоид» терминің 1819 жылы фармацевт
В.Мейснер ұсынды. Алғаш анықтама берген 1910
жылы Э.Винтерштейн мен Г.Трир.

Алкалоидтар өсімдікте туындайтын, гетероциклді аминдердің ең үлкен
тобы. Олардың бәрі дерлік физиологиялық әсері күшті және басым
көпшілігі дәрі–дәрмек ретінде қолданылады. Алкалоидтардың аты алкали
деген араб сөзінен аударғанда “сілті” деген мағынаны білдіреді.
Алкалоидтар өсімдіктер әлемінде кең таралған. Қазіргі уақытта
өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған.
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ:

Алкалоидтар түссіз, ащы дәмі бар
кристалды заттар, суда ерімейді, ал
хлороформ, диэтил эфирі және бензол
сияқты органикалық еріткіштерде жақсы
ериді. Алкалоидтардың тұздары суда
жақсы ериді, органикалық еріткіштерде
ерігіштігі төмен.
АЛКАЛОИДТАРДЫ АНЫҚТАУ, БӨЛУ
ӘДІСТЕРІ

Алкалоидтар өсімдік құрамында тұздар ретінде
болады. Олар медициналық препараттардың барлық
фармакологиялық топтарында бар, мысалы, жүрек-
қан тамырларына арналған заттар(резерцин) ,
1 спазмолиттік заттар(кофеин), ұйықтатқыш және
наркотикалық препараттар(кокаин,морфин), ісікке
қарсы
препараттар(колхамин,винкристин,винбластин).
Өсімдіктерден алкалоидты негіздер түрінде
алынуы. Алкалоидтар өсімдіктерде көбінесе тұз
ретінде болады, сондықтан оларды негіздер
түрінде алу үшін дәрілік шикізатты сілтілі
ерітіндімен араластырып, (Аммиак, натрий
карбонат, гидрокарбонат) пайда болған
2 алкалоидтардың негіздерін органикалық
ерітінділер арқылы бөліп шығарады, содан соң
тазартады. Алкалоидтар күшті қышқылдармен
не металл тұздармен тұңба түзеді.
Алкалоидтарды анықтау үшін көптеген
реактивтер: Драгендорф, Вангер, пикрин,
фосфорлы вольфрам, фосфорлы молибден
қышқылдары т.б. қолданады.
БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ
ГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР

Хинин Никотин

Морфин
НИКОТИН
Никотин — өсімдіктердің Solanaceae тобында
кездесетін алкалоид. Көбiнес темекіде, аз мөлшерде
қызанақтарда, картопта, кәдiде болады. Сонымен бiрге
никотин алкалоидтары көкi жапырақтарында кездеседі.
Никотин табакта 0, 3 - 5 % мөлшерінде болады. Никотин
биосинтезі тамырда, жиналуы - жапырақтарда жүреді.
Никотин - қатты әсер ететiн күші бар нейротоксин және
кардиотоксин. Әсіресе жәндіктерге әсері қатты. Бұған
дейін никотин инсектицид есебінде кең қолданылды, ал
дәл қазiр никотинның туындыларын қолдан алуда.
Мысалы - имидаклоприд.
ХИНИН
Хинин - хин ағашының тамырынан алынатын негізгі
алкалоид. Өте қатты қышқыл дәмі бар, ыстық түсіруші
және ауруды басушы қасиеттеріне байланысты малярлы
плазмоидтардың әсеріне қарсы қолданылады. Сондықтан
ұзақ бойы хининді малярия ауруын емдеуде қолданады.
Бірақ уақыт өте келе медицинаға хининді алмастырушы
әр түрлі дәрілік заттар шығып енгізілді
МОРФИН
Морфи́н - апиынды көкнәрдін сүт сөлінен алынатын
ауырғанды басатын есірткілік зат. Ұйықтататын және
ауырсынуды басатын кұрал ретінде қолданылады.
Опиумның басты алкалоиды, құрамының 10%-ын
алады. Демек, басқа алкалоидтарға қарағанда
әлдеқайда жоғары. Морфиннің құрамында тек бір ғана
стереоизомер - (−)-морфин. (+)-Морфин синтез
нәтижесінде алынып, (−)-морфиннің фармокологиялық
қасиетіне ие емес. Морфиннің Хлорсутекті тұзын -
морфий деп атайды. Жиі морфийді морфиннің қысқаша
атауы деп береді.
Морфиннің құрылысы
Морфин молекуласында көміртектің
5 ассиметриялық атомы, хиральдық
орталығы бар. α, β, γ-мен қатар
көптеген оптикалық изомерлерге ие.
Морфиннің толығымен
зерттелгендігіне қарамастан, оның
құрамында 5 ассиметриялық көміртек
тобы бар (С5 , С6 , С9 , С13 и С14). Ол
теория тұрғысынан Морфиннің 32
изомерін туғызады, алайда оның
құрылысының сақина тәрізді болып
келуі изомерлер санын 16-ға дейін
азайтады. Оның барлығы да алынып,
толығымен зерттелген.
КОФЕИН
Кофеин - пуриндік қатардың алкалоиді. Кофе
ағашы, шай, гуарана сияқты өсімдіктер
құрамында және әр түрлі сусындар құрамында
кездеседі. Аз мөлшерде жүйке жүйесіне
сергіткіш ретінде әсер етеді. Көп мөлшерде
қолдану кофеинге тәуелділік туғызады. Ал өте
көп мөлшерде қолдану өлімге әкеліп соқтыру
мүмкін.
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ АДАМ
ОРГАНИЗМІНЕ ӘСЕРІ

Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин)
өте улы болып келеді. Алкалоидтар
туындыларының физиологиялық әсері күшті.
Соған байланысты медицинада әр түрлі
ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен
қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин,
папаверин т.б.).
НИКОТИННІҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ
Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен
өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-
түкпірін улайды. Сілекей арқылы жұтынғанда, никотин өңешке,
асқазанға өтеді. Сөйтіп, ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте
сезімтал жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан арқылы
миға жетеді, әуелі оның жүйке жасушаларын қоздырады, сосын
оларды улай бастайды. Ол түтін арқылы тыныс жолдарымен
өтетіндіктен, темекі түтіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды,
ісіндіріп, қабындырады, қан түйіршіктеріндегі оттегіні адам
ағзасына таратушы тамырларға ауыр зардабын тигізіп, қан
айналымы қиындағаннан ми, жүрек, басқа ағзалар «қорексіз»
қалады.
ХИНИННІҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ
Хининнің адам және жануар ағзасына әсері
күрделі және жан-жақты болып келеді. Хинин өте
қатты қышқыл дәмге ие. Оны қабылдау кезінде
асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді және тәбетті
ашады. Дене температурасын төмендетеді. Орта
ғасырларда хининді ыстық түсіруші және тәбетте
ашатын зат ретінде қолданған. Сондай-ақ оның
бас ауруын басатын және жүйке жүйесінің
қозуын төмендететін қасиеті бар.
МОРФИННІҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ

Морфинді қолданған соң 5-10 минутта ол миға жетеді.
Концентрациясы ең жоғары уақыт - 20 минуттан соң. Ағазаға
түскен кезде мидің рецепторларын бұзып, ұйқы және жылу
сезгізіп, эйфория пайда болады. Көптеген жағдайларда
рецепторлардың бұзылуы тәуелділікке әкеледі. Адамның ойлау
қабілеті төмендеп, ол айналадағы болып жатқан оқиғаға мән
бермейді. Белгілері:
Көздің көрінерліктей тартылуы, кішкене қызарып сәл
жылтырауы; көз асты көгеруі, үзік, баяу тыныс; мұрын
қышынуы; әлсіреу және ұйқылы көзқарас; енжарлық және жалпы
релаксация; өзінен басқаларға немқұрайлы қарау; эйфория және
ұқыпсыздық; шамадан тыс батылдылық; ашуланшақтық.
КОФЕИННІҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ
Жоғары сапалы. әрі еритін кофе емес,
ұсақталған табиғи дәндерінен қайнатып
жасалған кофе мөлшермен ішсе пайдалы.
Құрамында антиоксиданттар өте көп. Күніне
бір кеседен артық пайдаланбаған жөн
Соған қарамастан, кофе шаршаңқылықты
жояды, депрессия кезінде пайдасы мол, яғни
серотонина гармоны арқылы адамға бақыт,
қуаныш, өз-өзіне сенімділік алып келеді.
ҚҰРАМЫНДА АЛКАЛОИДТАРЫ БАР
ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-
2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-
18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен
өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні,
сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі
биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады.
Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы
өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты.
Олардың ең көп түрі —гетероциклді қосылыстар.
Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы
болып келеді. Алкалоидтар туындыларының
физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты
медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде
кеңінен қолданылады (м\ы: морфин, эфедрин,
атропин, папаверин т.б.)
ҚҰРАМЫНДА АЛКАЛОИДЫ БАР
ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен
ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай
деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетінде
қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың
ашылуы медицина үшін маңызы сондай маңызды».
Алкалоидтардың көп санының ішінен бір бөлігі ғана
оқып танылғандықтан бөлініп алынған заттар
ғалымдарға дәл классификациясын беруге мүмкіндік
бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г.
фармакологиялық классификациясын ұсынды. Мысалы:
спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке,
гипертонияға қарсы т.б.
Мемлекеттік фармакопеяда 738
мақалалардың ішінде 83 мақала 11%
алкалоидтарға арналған. Қазіргі кезде
өндірістік көлемде 100-ден астам
алкалоидтар өндіріледі. Кейбір
алкалоидтар синтез арқылы алынады:
атропин, кофеин, эфедрин, теобромин,
сальсолин т.б. Қазіргі уақытта 5000-нан
астам алкалоидтардың қосылыстары
белгілі.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Гетероциклді қосылыстардың көпшілігі биологияда,
медицинады, ауыл шаруашылығында маңызы зор. Олар
маңызды табиғи өнімдердің құрамына енеді. Мысалы, қандағы
гемде және өсімдіктердегі хлорофиллде, нуклеин
қышқылдарында, көптеген дәрумендерде, антибиотиктерде,
және алкалоидтарда кездесуі мүмкін. Бүкіл фармацевтикалық
химияны гетероциклді қосылыстардың химиясы деуге болады.
Әдетте, өсімдіктерде бір – біріне ұқсас бірнеше
алкалоидтардың түрлері кездеседі. Көпшілігі биологиялық
әсерімен танылады, ағзада көп мөлшерде болуы улы болып
саналады, ол аз мөлшерде дәрі ретінде пайдаланылады.
Алкалоидтар өсімдіктер құрамында әдетте органикалық
қышқылдарының – қымыздық, алма, шарап, лимон
қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және
физколлоидтық химияның тәжірибелік зертханалық
сабақтарына қолданба, Шымкент, 2006.
2. Ділмағамбетов С.Н. Биоорганикалық химия: оқу
құралы/ С.Н.Ділмағамбетов, Ж.Ж.Гұмарова,
С.К.Бурамбаева. Ақтобе, 2008.
3. Попков В.А. Жалпы химия: терминдер сөздігі:
приложение к учебнику / В.А. Попков,
С.А. Пузаков; пер.С.Н.Ділмағамбетов; ред.
Ж.Ж.Гұмарова.

Ұқсас жұмыстар
Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар
Дәрілік тәуелділік шақыратын заттар
Алкалоидтар туралы түсінік, алкалоидтардың жіктелуі
Тыныстың тежелуі
Ингаляциялық наркоз
Нитраттармен уланғанда - полиурия, гематурия
Алкалоидтардың бастауы ретінде
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
Дәрілік зат
Трансгенді майлар
Пәндер