Құлақ аурулары



«Тарих және педагогика» факультеті
«ПСИХОЛОГИЯ және АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» кафедрасы
ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
Тақырыбы:Адам өміріндегі есту қабілетінің маңызы, есту анализаторының қызметі, есту гигиенасы
Орындаған: Бектасова Балнұр
ТП-18-2К1
Қабылдаған: Калыбекова Сауле Кураловна

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді. Құрылысы: есту мүшесі - құлақ.

Есту тепе-теңдік мүшесі
Сыртқы құлақ
Ортаңғы құлақ
Ішкі құлақ
Құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы
Дабыл жарғағы мен есту түтігі
Есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары

1 - завиток; 2 - балғашық; 3 - төс сүйекшесі; 4 - үзеңгіше; 5 - жарты шеңберлі өзектер; 6 - ұлу; 7 - кіреберіс; 8 - сыртқы есту жолы ; 9 -қалқанның шиыршығы; 10 - ішкі құлақ; 11 - ортаңғы құлақ; 12 - дабыл жарғағы; 13 - сыртқы есту жолы; 14 - қалқан бүртігі; 16 - құлақ шеміршегі; 17 - есту түтігі; 18 - сыртқы құлақ
Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ

Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0, 05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі.

1 - балғашықтың басы; 2 - үзеңгіше сүйекшенің қысқа аяғы; 3 - үзеңгіше сүйекшенің ұзын аяғы; 4 - төсше сүейекше; 5 - есту түтігі; 6 - дабыл жарғағы
Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелері

Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады) . Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
Қызықты мәлімет

Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады.

Құлақ аурулары - құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т. б. жатады.

Құлақ аурулары
Ішкі
Сыртқы
Ортаңғы
Отит, перихондрит, отогематома, құлық
Есту жүйкесінің невриті мен отосклероз

Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша, қызамық, т. б. ) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады.

Балаларда жиі кездесетін сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. түрі -

Есту гигиенасы
Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып түру керек. Әдетте, құлақтың сырткы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып калуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауың-ауың тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін.

Дыбыс жайлы таңғаларлық дерек
1. Олардың деңгейін децибелмен (дБ) өлшейді. Адамның есту қабілеті көтере алатын ең жоғарғы шама (ауру сезімі тудыратын), бұл 120-130 децибел аралығы. Ал 200 децибилден өліп кетеді.
Қарапайым әңгіме - бұл шамамен 45-55 дБ.
Офистегі дыбыс - 55-65 дБ.
Көшедегі шу - 70-80 дБ.
Басқышы бар мотоцикл - 85 дБ-ден жоғары.
Реактивті ұшақ старт кезінде 130 дБ-ге жететін дыбыс шығарады.
Ал ракета - 145 дБ-ден жоғары.
2. Дауысымыздың таспада өзгеше болып шығуы, ол біздің «өзге құлақпен» тыңдайтынымыздан. Бұл біртүрлі естілгенімен, бірақ дәл солай. Біз сөйлеген кезде дауысымызды екі жолмен қабылдаймыз - сыртқы (есту каналы, дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақ) және ішкі (дыбыстың төменгі жиілігін күшейтетін бас тіндері арқылы) .
Ал сырттан тыңдаған кезде тек сыртқы канал жұмыс істейді.

3. Кейбір адамдар көз алмасының айналғандағы дыбысын ести алады. Сонымен қатар тынысын естиді. Бұл ішкі құлақтың ақауынан болады, оның сезімталдығы қалыптыдан аса жоғары екенін білдіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz