Тұрақты - жағымды стиль


Slide 1

«Тарих және педагогика» факультеті

«Замануи педагогика және психология» кафедрасы

ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

Тақырыбы:«Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас.

Орындаған: Шакайдар А

Бектасова Балнұр

ТП-18-2К1

Қабылдаған: Нуридинова Г. А

Slide 2 Slide 3

Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек

Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте маңызды.

Slide 4

Мұғалімнің сыныпқа деген қарым-қатынасының 3 стилі

Slide 5

Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді:

Slide 6

В. А. Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтаған:

Slide 7 Slide 8 Slide 9

«Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынаста мұғалім бойындағы бірнеше қасиеттер

Slide 10

Баланың жан дүниесін түсіну. В. А. Сухомлинскийдің «Тандаулы педагогикалық шығармалар» атты еңбегінде «Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» деген. Шынында да, әр бала қоршаған ортасын тани бастағаннан, оның отбасындағы, қатарластары арасындағы қарым-қатынастан оның жандүниесінде өзіндік бір қасиеттер қалыптасады. Қазақ халқымыз да ертеден қанатты сөздердің көмегімен баланың рухани дүниесіне, адамгершілік сезіміне, ерекше көңіл бөлген. Мұғалімнің әрдайым жақсы сөздермен баланы қуантуы, көңілін көтеруі, сезімін оятуы оның іске деген белсенділігін арттырады.

Slide 11

Оқушының қызығушылығын, қандай да бір іске икемділігін, бейімділігін бақылау. Бұл орайда мен В. А. Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды» деген сөзіне сүйенемін. Оқушының бейімділігіне сай бағытын таңдауына мумкіндік берілсе, оқушының ойлау, өз дегенін қорғай білу, өз ойын жеткізе білу қабілеттілігі қалыптасып дамиды. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық арқылы оқушының еркін сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Slide 12

Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың негізі әрине қарым-қатынасы. Әр мұғалім жеке тұлға ретінде оқушылармен жұмысын көздеген мақсатына жету үшін өзінің жеке қасиеттеріне, біліміне және жинақтаган тәжірибесіне сай ұйымдастырады. Мұғалімнің оқушылар мен қарым-қатынасының ең басты құралы сөз болып табылады. Сөз мәнерін шебер ұйымдастыруы арқылы мұғалім балалар сеніміне ие болады. Оқушының жасырып жүрген сырын немесе жан дүниесіндегі пікірін бөлісе білгенде, мұқият тыңдап, кеңес бере отырып, баланың жүрегіне жол таба алады. Оқушы мен мұғалім арасындағы ашық әңгіме өзара түсіністікке әкеледі. Баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Мұғалім баланың жас ерекшелігін, мінез-құлқын ішкі сезімін ескере отырып, балалар мен олардың өз тілінде сөйлесуі керек

Slide 13

Оқушыларға қиыншылық туындаған кезде көмек көрсете отырып, олармен сырлас, дос болу керек. Оқушы оқуда да, достары арасындағы қиыншылықтарға кезігеді. Осы жағдайда оқушы үшін мұғалім көмегінің маңызы зор.

Slide 14

Баланың жетістігі үшін қолдау жасау, мадақтау. Оқушының белгілі бір жасаған жетістіктері үшін оны сыныптастары алдында мадақтаса, оны басқаларға үлгі тұтса, оқушы бойында өз күшіне сену сезімі туады.

М. Жұмабаевтың «Баланы өзі күшіне сендіріп үйрету керек» дегеніндей, баланың болашағына сенім артып, өз күшіне сендіру онын келесі басар қадамдарын батылырақ басуына түрткі болар еді. Баланың сабаққа деген құлшынысын, ой-пікірлерін, ұсыныстарын қолдау арқылы жүзеге асыруға болады.

Slide 15

Ұстаз мәдениеті. Мұғалім оқушы алдында өзін-өзі ұстауға, ашуын оқушыдан алмауға, сөйлеу мәнері мен ұғымдарды түсінікті етіп жеткізуге, оқушы құқығьна қол сұқпауға міндетті. Мұғалім неғұрлым оқушы алдында өзінің беделін көрсете білсе, ол жайында оқушы санасында жақсы пікір қалыптасады.

Аталмыш қасиеттерді өзінің кәсіби өмірінде қолдана білген мұғалімнің өз шәкірттерінің биік шьңдардан көрініп, еліміздің беделді азаматтары болуына зор ықпалы тиері анық. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жасау барысында, мұғалім мұнымен қатар бала тәрбиесінде орны бар мүшелермен де бірлесе жұмыс жасауы тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Тұрақсыз стиль
Киімдегі сән бағытының көрініс табуы
Классицизмге тән негізгі ерекшелік - көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру
Ақпаратты жеткізіп
СТИЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Педагогикалық қарым қатынас стилі
Киім сұлбасы
Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
ЖОСПАР ИМИДЖ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ ҰҒЫМЫ
Стиль түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz