Нәрестелердегі гипотрофия


Slide 1

Қабылдаған: м. ғ. д. проф. Жақсыбергенов. А. М.

Орындаған: Әбу Жәудір

Тобы: ЖТД-617

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

Нәрестелердегі гипотрофия;

Этиологиясы;

Патогенез;

Клиникалық көріністері;

Диагностикасы;

Емдеу тактикасы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Гипотрофия - торланудың созылмалы бұзылысының салмақ кемістігімен көрінісі. Ағылшын американ әдебиеттерінде гипотрофия термині орнына malnutricion қолданылады, яғни жетімсіз, бұрыс тамақтану.

Жеткіліксіз тамақтанудың ең негізгі, әрі жиі вариантты - белоктық-калориялық жетімсіздік. Әдетте, мұнда балалар организміне витаминдер мен кейде микроэлементтер түсуінің кемістігі де болады.

Slide 4

Этиологиясы

Туғаннан кейінгі БКЖ себептері:

Алиментарлық факторлар - тамақ берудің сандық жетімсіздігі не тамақ берудің сапалық жетімсіздігі.

Инфекциялық факторлар - құрсақішілік жайылмалы инфекциялар, сепсис, пиелонефрит пен зәр жолдарының инфекциясы, ішек пен тіндерге тағамдық заттарға орайласуын бұзуға, гиповитаминозға әкелетін жайлар.

Мырыш пен басқа микроэлементтер, темір жетімсіздігі, гиповитаминоздар, токсикалық жағдалар.

Анорексия - перинаталдық не басқа ми аурулары, сыртқы ортанын қолайсыз жағдайлары, невроздар салдары.

Ауыз, ас қорыту жолдарының іштен біткен ақаулары, соларға баланысты құсулар.

Ішектің мол резекциясынан кейінгі “қысқа ішек” синдромы.

Мальабсорбция синдромдары, целиакия, муковисцидоз, ашішектің әр түрлі бөлігіндегі түктердің атрофиясы.

Тұқым қуалайтын зат алмасу ауытқулары мен иммунды тапшылықтар.

Slide 5 Slide 6

Патогенезі. Гипотрофияға соқтыратын себептердің түріне қарамастан, ауру балаларлың барлығына да тағамдақ заттардың ішек және тіндерде қорытылуы бұзылады. Барлық ауруларды салмақ пен бой кемісітігіне тікелей сәйкес зәрмен шығатын азоттық заттар көбейіп мочевина мен зәрдің жалпы азоты арасындағы қатынас бұзылады.

Әдетте гипотрофиясы бар балаларда асқазан, ішек, ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі төмен. Бұл көрініс салмақ пен бой кемістігіне тура пропорционалды болғандықтан, гипотрофияның II-III дәрежесінде сау балаларға деген адекватты тағамдық жүктеме науқас баланың жедел ағымды ас қорыту бұзылысына әкеледі. Ішек ұзарып, кететіндіктен іштің қатуы да тән.

Slide 7

БКЖ кезінде гуморальдық иммунитетте заңды бұзылыстар байқалмағанымен нетрофильдермен макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігінің өзгерістері, Т - лимфоидтық жүйесінің тежелісі мен лимфоцитопения болады.

Заттек алмасу бұзылыстарының ең көрнектілері: гипопротеинемия, гипоальбунемия, аминоацидурия; қант қисықтары жазық, гипогликемияға бейім; ацидоз. Калий мен натрий өзгерістері, мүмкін бүйрекүсті бездерінің белсенуінен болуы.

Әр салмақ көлеміне шаққанда дене көлемінің өсуіне сай, әрі осыған сәкес жылу жоғалту жүретіндіктен гипотрофиямен аурыратындардың салқындауы оңай.

Slide 8

Жіктелуі.

Жіктелуі. Ауырлық дәрежесіне қара гипотрофия 3 дәрежеге бөлінеді. Диагнозда негізгі этиологиясы, қосалқы аурулар, асқынаулары көрсетілуі тиіс. Гипотрофия біріншілік және екіншілік деп те ажыратылады. Біріншілігі негізгі диагнозда да, қосалқы да болуы да мүмкін, әдетте, ол тамақ жетімсіздігі салдары болады. Екіншілік гипотрофия негізгі аурудың асқынуынан болады.

Ағылшын - американ әдебиетінде гипотрофияның I-II-дәрежесін жеңіл және орташа белок-калориялық жетімсіздігідеп, ал III-дәрежесін алиментарлық маразм немесе квашиоркар деп атайды.

Slide 9

Клиникалық көрінісі.

Гипотрофияның I-дәрежесінде дененің барлық жерінде, ең алдымен іште, теріастының шел қабаты азаяды. Чулицкая толықтықиндексі бойынша 10-15тең. Май қабаты болбыр, тіндер тургоры мен бұлшықет тонусы төмен. Тері мен шырышты қабаттың шамалы бозғылдығы, терінің серпімділігі мен эластикалығының төмендеуі байқалады. Бойы тетелестерінен қалыспаса да, салмағы қалыптан 11-20%-ға азаяды. Салмақтың өсу сызығы жазықтау. Баланың жалпы көңіл - күйі қанағаттарлық. Психомоторлық дамуы жа бо сына са, дегенмен ашушаң, мазасыз, тезшаршап, ұқысы бұзылады. Лоқсуға, құсып жіберуге бейім.

Slide 10 Slide 11

Гипотрофияның II дәрежесі. Шел қабаты кейде кеудеден жоғалып, аяқ - қолында өте азаяды, тек бетінде ғана сақталады. Чулицкаяның толықтық индексі - 0 -10. Терісі бозғыл - сұрғылт, құрғақ, оңа қыртыстанады. Сау балаларға тән санның ішкі жағындағы терінің көлденең қатпары жойылады, көлденең қатпары жойылады, санның ұзына бойына жаңадан болбыр қатпарлар пада болып, қалталанып тұрады.

Салмақ қалыпқа қарағанда 21-30% -ға кем, бой өсуінде де қалыстық болады. Салмақ қосу сызығы жазық. Тәбеті төмен. Тағамға толеранттылық төмен. Әлсіз, тітіркендіргіш, мазасыз, жылауық, әрі бос, төңірекке зеіні немқұрайлы.

Балалардың көбінде отит, пневмония, пиелонефрит және басқа инфекциялық аурулар орын алады, бірақ бұлардағы пневмония мен отит белгілері анық болмайды.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Гипотрофияның III-дәрежесі. Біріншілік гипотрофияның III-дәрежесі аса арықтау көрінісімен сипатталады: баланың сыртқы тұрқы терімен ораған қаңқаға ұқсайды. Терінің шел қабаты барлық жерден де жоғалған. Тері бозғылт-сұр, құрғақ, кейде ал-қызыл көк, аяқ қолы салқын. Тері жазылмады, себебі оның серпімділігі мүлдем жоғалған.

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Емі

Гипотрафияның ішінде пренатальды гипотрафияларды емдеу қиынырақ, алдымен гипотрафияның себептерін анықтап оны жою қажет, содан кейін барып ем жүргізіледі.

1-ші дәрежелі гипотрафиялармен баланы үй жағдайында емдеуге болады:

- баланың тамағы жасына сәйкес, мөлшері нормада болу керек салмағына есептеліп беріледі;

- дәрілерден витаминдер және ферменттер тағайындалады;

- баланың күтімін жақсартып, тазалықты қатаң сақтап, таза ауаға шығарып тұру, жиі шомылдырып тұру қажет.

Slide 19

2-3-ші дәрежелі гипотрофиялармен балалар стацонарда емделуге тиісті. Бала мүмкін болса бөлек боксқа жатқызылып, ерекше тәртіпте күтіліп, емделуі керек:

- бала жатқан бөлменің, төсек орнының, жеке басының тазалығына қатты көңіл бөлінеді;

- емнің ең негізгі бөлігі бұл диетотерапия, 2-3- ші дәрежелі гипотрофияларда баланы тамақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар: тамақтандыру жиілігін көбейтіп, 1 емізгендегі тамақ мөлшерін азайту қолданылады.

- 2-ші дәрежесінде әр 3-3, 5 сағат сайын.

- 3- ші дәрежесінде 2-2, 5 сағат сайын тамақтандырылады. Тамақтың жалпы мөлшерін анықтаған кезде 2 фазалық тамақтандыру принципі қолданылады.

Slide 20

- дәрежелі гипотрофияда сүт көлемі баланың нақты салмағына Б, М, К (белоктар, майлар, көмірсулар) баланың нормада болу керек салмағына есептеледі.

- дәрежеде- сүт көлемі нормадағы мөлшерінің 2\3 бөлігі Б, К нормада болу керек салмағына, ал майлар қазіргі нақты салмағына есептеліп беріледі.

- дәрежеде-тәуліктік сүт көлемі нормадағының 1\2 бөлігі, Б пен көмірсулар нормаға жуық салмағына (нақты салмақ+нақты салмақтың 20%), ал майлар нақты салмаққа есептеледі.

Slide 21 Slide 22

Дәрілермен емдеу

Орталық нерв жүйесі тарапынан байқалатын өзгерістерге қарсы тыныштандыратын дәрілер(валерианка, пустырник, бром препараттары) беріледі.

Құсуга пипольфен 2, 5% - 2 мл +0, 25% новокаин 100, 0 тамақтану алдында 15-20 минут бұрын 1ш. қ. х 3 рет;

1% пепсин;

- фестал 0, 075;

- панкреатин 0, 1;

- абомин 0, 2; т. б ферметтер тағайындалады ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін бифидумбактерин 2-5 дозадан №3-4; линекс жасына қарай беріледі.

Slide 23

- Ауыр гипотрафияларда - плазма, қан, гаммаглобулиндер егіледі.

- Қорғаныш күштерін арттыру мақсатымен - массаж, гимнастика, УКС тағайындалады.

- Ішек - қарын жиырылуын жақсарту үшін каротин қоспасы 10%; көк шәй 1ш. 3-4 рет беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Гипотрофияның III - дәрежесі
Нәрестелердегі сарғаю синдромы
Нәрестелік кезең аурулары. Нәрестедегі сары ауру
Түскен кезіндегі шағымдары баланың жағдайы қанағаттанарлық
Балалар мен нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы
Азықтандыру ережелерінің бұзылуынан пайда болатын аурулардың ішінде өте жиі кездесетін зат алмасу және эндокрин ағзаларының аурулары
ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ҚАТЕРЛІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
ВИТАМИНДЕР ОРГАНИЗМГЕ ТАҒАМДАР
Балалардағы гиповитаминоз
Сүт қоспалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz