Алғашқы қадам бағдарламасы


Slide 1

Ерте жастағы балаларды (бірден 3 жасқа дейінгі) тәрбиелеу мен оқытудың «Алғашқы қадам» бағдарламасы («Первый шаг») - мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың жаңа ҚР МСТ талаптарына сәйкес құрастырылған соңғы әдістемелердің бірі

«Алғашқы қадам» бағдарламасы

Орындаған:

Нұрманқұл Несібелі

Slide 2

Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру ерте жастағы балалардың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жас кезеңіне үйлесімді өтуіне ықпал етеді. Онда бала өмірінің екінші және үшінші жылдарындағы дене және жүйкелік-психикалық дамуына сипаттама беріліп, балалар тыныс-тіршілігін топта ұйымдастыру, пәндік-дамытуша орта қалыптастыру, мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығы бойынша ұсынымдар берілген.

Slide 3

Бағдарлама түсіндірме жазбадан, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруды баяндаудан, балалардың жас мүмкіндіктеріне, үлгілік күн тәртібіне, базалық мазмұны ұйымдасқан «Денсаулық», «Қарым-қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» оқу қызметтерінде жүзеге асырылатын бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнына сипаттамалардан тұрады. «Алғашқы қадам» бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне, ата-аналарға, педагогика институттары мен колледждерінің студенттеріне, мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілеріне, әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне арналған

Бағдарлама құрылымы:

Slide 4

«Алғашқы қадам» бағдарламасында балалар тәрбиесі мен даму міндеттері бес білім беру саласы: «Денсаулық», «Қарым-қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтің» үйлесімді бірігуі арқылы жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысы өзінің мақсатты бағыты бар дербес бөлімдерден тұрады.

Slide 5

TITLE

TEXT

«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтаудағы жете білушілікті, балалардың денсаулығын нығайтуды, бала ағзасының қызмет ету мүмкіндіктерін, өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, тәндік сапаны жетілдіруді қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс мақсаттары, міндеттері, мазмұны белгіленген.

«Таным» білім беру саласында қоршаған әлемде баланың бағдарын кеңейту және байыту, сенсорлық эталондар жүйесін, тексеру әрекеттерін, пәндік қызметті, баланың танымдық хабардарлығын қалыптастыру тұрғысындағы педагогикалық жұмыс мақсаттары, міндеттері, мазмұны айқындалған. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдасқан оқу қызметінде іске асырылады: сенсорика; құрастыру; қоршаған әлеммен танысу.

Slide 6

«Қарым-қатынас» білім беру саласының мазмұны бала сөйлеуін дамытуға, коммуникативтік-тілдік хабардарлықты қалыптастыруға, енжар және белсенді сөздікті, сөйлеудің грамматикалық қатарын, дыбыс мәдениетін, баланың байланыстыра сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.

«Қарым-қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдасқан оқу қызметінде іске асырылады:

сөйлеуді дамыту;

көркем әдебиет;

қоршаған әлеммен танысу.

Slide 7

«Әлеумет» білім беру саласы балалар бойында әлеуметтік хабардарлықты, ересектермен және қатарластарымен араласу дағдыларын, сондай-ақ өзі, әлеуметтегі негізгі мінез-құлықтың адамгершілік негіздері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстың сабақтаса күрделенетін міндеттері мен мазмұны тізбесінен тұрады.

«Шығармашылық» білім беру саласы балалар бойында шығармашылық біліктілікті, әлемге деген эстетикалық қатынасты қалыптастыруды әрі оларды классикалық және халық өнері құралдарымен көркем дамыту, балалар көркем шығармашылының алуан түрлерін шоғырландыруды қарастырады. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдасқан оқу қызметінде іске асырылады: сурет салу; жабыстыру; жапсыруы жоқ апликация; музыка.

Slide 8

Үлгілік күн тәртібі. Аптадағы үлгілік бөлулер мен балалардың ұйымдасқан қызмет түрлері (1, 3 қосымшалар) .

Бес білім беру саласының тәрбие мен оқытудағы негізгі міндеттері.

Балалардың ұйымдасқан қызметтерінің тақырыптары (2, 4 қосымшалар) .

Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму сипаттамасы.

Дамытушы орта: экологиялық-гигиеналық жағдай. Педагогтер мен ата-аналар.

Бағдарлама төрт бөліктен тұрады:

Slide 9

Жұмыс бағыттары: Міндеттерді шешудегі балабақшаның педагогика ұжымы мен отбасының күш-жігерін біріктіру. Тәрбиеленушілер отбастарымен өзара түсіністік және сенім. Ата-аналармен кеңес беру-ағарту жұмысы.

Жұмыс түрлері: отбасында баланы тәрбиелеуді зерделеу бойынша сауалнама; баланың ата-анасымен және отбасы мүшелерімен балабақшада және үйде қарым-қатынас жасауына байқау жасау; электрондық және қағаз жеткізгіштеріндегі ата-аналарға арналған педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналарды балалар ұжымы жағдайына баланың бейімделуі ерекшеліктерімен таныстыру маңызы, бұл оларға балалары мектепке дейінгі ұйымға келуден толықққанды психологиялық қанағаттана алуын пайымдауға көмектесу үшін қажет. Балалалр ұжымында және үйде бала үшін ойын ортасын жасауда бірыңғай талаптар қойылуы қажет.

Slide 10

Қорытынды:

«Алғашқы қадам» бағдарламасы мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде сапалы жаңа тәсілдерді ұсынады және балаларға тек ұйымдасқан оқу қызметі үрдісінде ғана емес, күнделікті өмірде күні бойы педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің мәні зор екендігін көрсетеді. Онда балаға жеке тәсілдер арқылы қадам жасауға, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, әлеуметтік мінез-құлық пен араласу дағдыларына, баланың қызығушылығын, жалпы адамзат құндылықтарын, қазақ халқының дәстүрін ескере ұйымдастырылатын қарым-қатынас, ойын, қозғалыс белсенділігі секілді ерте жастағы балалар қызметінің түрлерін дамытуға бөлінеді.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары
Автокад бағдарламасы
Дидактикалық ойынның маңызы
PHOTOMOD - РЕСЕЙДЕ ӘЗІРЛЕНГЕН БІРІНШІ САНДЫҚ ФОТОГРАММЕТРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Түркістан қаласында қазақтардың нешінші
ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Мәліметтер қосу әрекетін таңдау
Бағалау үдерісі
РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz