Археологиялық ескерткіштер




Презентация қосу
Еліміздегі тарихи-мәдени
ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол
жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық
мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса
керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп.
Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан
мен Отырар –міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде
және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана
кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен
Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы –
Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты
мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштерді жатқызуға болады.
Туризмді дамыту қазіргі кез­де кез келген
өркениетті мемлекет­т­ің басты міндеттерінің
бірі. Туризм ХХ ғасырдың екінші жар­­тысында
көптеген елдердің эко­но­микасының елеулі
секторына айналды. Бұл саланы дамыта біл­ген
мемлекеттер туризмнен түсетін пайданың
экологияны ластайтын мұнай өнеркәсібінен
түсетін пайдадан жоғары екеніне көздері
әбден жетті.
Туризмнің дамуын Түркіс­тан облысындағы
Отырар ескерт­кіштеріне келіп-кетушілер саны­
ның артып отырғанынан байқауға болады.
Ең көп саяхаттайтын нысандар Қожа Ахмет Ясауи
кесенесі, Арыстан баб, Домалақ ана, Ақмешіт үңгірі,
Ақсу-Жа­бағылы қорығы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін
өткен жылы 1 млн­­адам тамашалапты.
Тарихи-мәдени ескерткіштер
келесідей бөлінеді:

1) Архитектуралық орындар,
тарихи жерлер

2) Археологиялық ескерткіштер

3) Монументтер
Шетелдік туристерді әлемдік тарихи тұлғалармен
немесе әлемдік тарихи оқиғалармен байланысты
жерлер қызықтырады. Мысалы Отырар – Фараби
туған жер, Әмір Темір дүние салған қала.
Туризмді дамытуда музейлер­дің рөлі ерекше.
Көп жағдай музей­лердің туристік нысандар­ды
көпшілікке тартымды ұсы­нуына, таныстыруына
байла­нысты. Шетелдік туристер қазақ­тың
тарихи тұлғаларын тани бер­мейді. Оларды
тартымды ету үшін жергілікті тарихты қы­зықты
етіп әлемдік деңгейдегі оқиғалармен
байланыстыра жеткізу керек. Мысалы
Отырарда аты әлемге әйгілі Әмір Темір дү­ние
салған. Еуропа халқы оны жақсы біледі. Себебі
оны осман түріктерінен Еуропаны құтқар­ған
тұлға ретінде таниды.
Табиғи нысандардың ішін­де Түркістан облы­сы, Бәйдібек
ауданындағы Ке­ңес­­төбе ауы­лы­нан бірнеше ша­қырымда ор­
наласқан Ақмешіт үңгірін ерекше айту керек. Бұл орын Шымкент
қаласынан 90 шақырым жерде ғана. Үңгірдің ұзындығы шамамен
250 м, ені – 65 м, биіктігі – 30 м. Алып үңгір. Бір қызығы үнгірдің күн
нұры түсетін жерінде ағаштар өсіп тұр. Шілденің шіліңгір
ыстығында үңгір іші салқын, ал қысқы аязда жылы болып келеді.
Осы үң­гірдің ғылы­ми сараптамасын алып, ерек­шелігін көрсете
алсақ, керемет туристік нысанға айналар еді.
Бәйдібек ауданының орталығы – Шаянда
сақталған шығыстық үлгідегі медресе
ғимараты Қа­зақ­станның басқа бірде-бір
аймағында жоқ. Қайталанбас сәулет өнері
туындысы, қазақ да­ла­сында байырғы медресе-
университеттер осылай болған деп музей
ұйымдастырса болады. Оны да жарнамалауды,
туристік кәдеге жаратуды ойластыру қажет.
Айша Бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII
ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті
ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл
ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.
Сырты керамикалық плиталармен қаланып,
ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен
сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа
мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде
оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған
кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң
қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің
уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында
сақталған.
Қожа Ахмет Иассауи

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында
XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық
ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін
халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған
кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене
мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Жошы хан кесенесі
Жошы хан кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-
шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің
жағасында орналасқан көне архитектуралық
ескерткіш.
Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға
Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын,
қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б.) қатысқан.
Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің
жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған.
Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға
1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек.
Қарахан кесенесі
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған
сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс
шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан
Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына
орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт
қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос
мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін
сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей
бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене
салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент
ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі
салынған кесене алғашқысына ұқсамайды.
Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда
аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді
дүниежүзіне таныта аламыз.

Ұқсас жұмыстар
Археологиялы ескерткіштер
Тарихи­Археологиялық туризм
Этнопедагогиканың зерттеулерін талдау
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарла
АРХЕОЛОГИЯ
АРХЕОЛОГИЯ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫ
Қазақ этнопедогогикасының зерттеу әдістер
Этнопедагогикалық зерттеу әдістері
Қазақстандағы археологиялық қазба - ескерткіштер
Сақ археологиясы
Пәндер