ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
Презентация қосу
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН
ОҚУШЫЛАРҒА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН
БЕЙІМДЕУ
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі
орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар
жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың
арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу
ұсынылады:
1. оқу жоспары мен оқу бағдарламасын бейімдеу;
2. оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
3. оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4. оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5. оқыту формасын таңдау;
6. тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7. компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8. арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің,
арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың,
тифлопедагогтың);
9. педагог-ассистентің көмегі;
10. әлеуметтік – педагогикалық көмек.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
МЖМБС-да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына сәйкес оқушы оқу
пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда оқу бағдарламаларын
бейімдеу талап етіледі.
Оқу пәні бойынша бейімделген оқу бағдарламасы оқу тоқсанына құрылады, оның нәтижелері
бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама жасалады. Оқушының оқу материалын қандай
қарқынмен игере алатынын алдын ала болжау қиын, бұл жоспарланғанның ішінде ең үлкен
қиындықтарды тудырады. Сондықтан, білім беру үдерісі барысында бағдарламаны түзету
қажеттілігі туындауы мүмкін. Бағдарламаны уақытылы түзету үшін үнемі оқушының
жетістіктерін бақылау қажет. Ол үшін мұғалім мен қолдау көрсету мамандары қол жеткізген
жетістіктерді критериалды бағалауды іске асырады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;
ПМПК ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
БЕРІЛЕДІ
Тиісті үлгідегі Бейімделген
Жеке оқу
жалпы білім беру жалпы білім беру
бағдарламасы
бағдарламасы
бағдарламасы
Бейімделген • оқушының жеке
жалпы білім мүмкіндіктерін ескере отырып,
мемлекеттік жалпыға міндетті
беру білім беру стандарты негізінде
бағдарламасы құрылған оқу бағдарламасы.
• Зерде бұзылыстары бар
Жеке оқу оқушының жеке мүмкіндіктері
ескеріле отырып
бағдарламасы құрастырылған оқу
бағдарламасы.
Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы – бір тоқсанға немесе
жартыжылдыққа жоспарланады. Қиындық туғызатын пәндер бойынша
ғана оқу бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі
жалпы білім беру бағдарламасы негізінде оқытылады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу бағдарламаларын арнайы
педагог пен мұғалім бірге бейімдейді.
Жоғарғы сынып мұғалімдеріне жалпы білім беру бағдарламасын
бейімдеу үшін бастауыш сынып мұғалімдері көмектеседі. Қажет болған
жағдайда арнайы педагогтың көмегіне жүгіне алады.
2-СЫНЫП. МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
I-тоқсан
Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 2.1.1.1 — 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну;
100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал
сандар қатарындағы орнын анықтау
2.1.1.2 — екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
2.1.1.3** — екітаңбалы сандардың разрядтық құрамын
анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
5.2 Математикалық тіл 2.5.2.1 — екітаңбалы сандардың графикалық моделін құру,
разрядтық кестені пайдалану
1.2 Сандармен амалдар орындау 2.1.2.4** — біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу
кестесін құру, білу және қолдану
2.1.2.5** — біртаңбалы сандарды ондықтан
сандардыауызша қосу және азайтуды орындау
2.1.2.3 ** — қосудың ауыстырымдылық, терімділік
қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін
қолдану
Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
2.1 Сандық және әріптік өрнектер 2.2.1.6 — екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз
өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін
анықтау, олардың мәнін табу
5.1 Есептер және математикалық модель 2.5.1.1 — бір; екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба,
қысқаша жазба түрінде модельдеу
2.5.1.8** — барлық арифметикалық амалдарға берілген жай
есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және
шығару
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер 2.1.3.1 — әртүрлі өлшеу құралдары шәкілдерін бір бірінен
ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау
2.1.3.2** — ұзындық (м)/ масса (ц) өлшем бірліктерін
қолданып өлшеу
2.1.3.3** — шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса
(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін
салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4 ** — ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц) өлшем
бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
2-СЫНЫП. МАТЕМАТИКА ПӘНІ
БЕЙІМДЕЛГЕН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ I-тоқсан
Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 2.1.1.1 — КЕЛЕСІ ТОҚСАНҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ
2.1.1.2 — екітбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру: 11-20
2.1.1.3** — екітаңбалы сандардаңың разрядтық құрамын анықтау,
разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
с1.1.1.3 Біртаңбалы андардың құрамын анықтау
Білім алудағы олқылықтарды толықтыру
5.2 Математикалық тіл 2.5.2.1 — екітаңбалы 11 мен 20 сандарының графикалық моделін
құру, разрядтық кестені пайдалану
2.5.2.4 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері
Білім алудағы олқылықтарды толықтыру атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
1.2 Сандармен амалдар орындау 2.1.2.4** — КЕЛЕСІ ТОҚСАНҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ
2.1.2.5** — КЕЛЕСІ ТОҚСАНҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ
2.1.2.3 ** — 20-ға дейінгі сандар аралығында қосудың
ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеуле
жүргізу үшін қолдану
Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
Білім алудағы олқылықтарды толықтыру 1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу
кестесін құру, білу және қолдану;
1.1.2.5 ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды/ 20
көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды/
ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау
2.1 Сандық және әріптік өрнектер 2.2.1.6 — 20 көлемінде екі-үш амалды жақшалы және
жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу
тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
Білім алудағы олқылықтарды толықтыру 1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/
теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті
өрнектің мәнін табу
5.1 Есептер және математикалық модель 2.5.1.1 — бір; екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба,
қысқаша жазба түрінде модельдеу
2.5.1.8** — барлық арифметикалық амалдарға берілген жай
есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және
шығару
Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
Білім алудағы олқылықтарды толықтыру 1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерд
талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару
1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту,
айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және
шығару; кері есептер құрастыру және шығару
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер 2.1.3.1 — әртүрлі өлшеу құралдары шәкілдерін бір бірінен
ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау
2.1.3.2** — ұзындық (м)/ масса (ц) өлшем бірліктерін
қолданып өлшеу
2.1.3.3** — шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса
(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін
салыстыру және амалдар орындау (20 көлемінде)
2.1.3.4 ** — КЕЛЕСІ ТОҚСАНҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ
Оқушыларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай)
бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана
іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға
баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған
жағдайда ғана рұқсат беріледі. Зерде бұзылыстары бар
оқушыларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін
зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы
типтік бағдарламасы бойынша және баланың
мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы
құрастырылады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ
Оқушыларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай)
бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана
іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға
баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған
жағдайда ғана рұқсат беріледі. Зерде бұзылыстары бар
оқушыларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін
зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы
типтік бағдарламасы бойынша және баланың
мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы
құрастырылады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ
ПМПК ұсынысында: "Жеке оқу жоспары және жеке
оқу бағдарламалары бойынша оқыту» деп беріледі.
Жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы
үшін жеке оқу бағдарламасы жасалады. Оқу жоспарын
дараландыру оқушының қатысуы міндетті болмайтын
оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра немесе
шет тілі) айқындаудан тұрады.
ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА
СӘТТІЛІК
ТІЛЕЙМІН
!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz