Алғашқы қауымның тарихи - мәдени маңызы




Презентация қосу
* Алғашқы қауымның
тарихи-мәдени
маңызы
* Алғашқы қауымдық
мәдениет
Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология бойынша
адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық
мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады.
Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 - 40 мың жыл
бұрын) "нағыз адам" пайда болуымен, қару-жарақтар мен қарапайым
еңбек құралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның
нәтижесінде отбасы және рулық қауымның қалыптасуымен, діннің,
өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен
түсіндіріледі. Ауызекі тіл қарымқатынастық, сабақтастық
функцияларын атқара бастайды. Осының негізінде мифтік сана пайда
болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды
реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің қоғамдық
жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-
нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге
ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы
Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін
туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті
халықтардың "архетиптік жадында" сақталып қалған.[1]
*Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ
даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс
адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық
жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі
болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға
созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде
адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының
пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт
өткендігін айтсақ та жеткілікті.
*Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан
археологиялық жұмыстардың нәтижесінде
алғашқы адамдардың қоныстары ашылып,
олардың тастан жасалған құрал-саймандары
көптеп табылуда. Олай болса, археология
ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы
тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін
емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы
қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар:
тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас
дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше
кезеңдерге бөлінеді.
*Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос»
— көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі
(мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы
саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан.
Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып,
біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына
дейін созылған.
*Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың
нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың
тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай
болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы
тас құралдардан басталуыда тегіннен-тегін емес сияқты.
* НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің көшпелілік типтері
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы
Қазақстанның тас дәуірінің кезеңдері
Алматы – әсем қала жайлы
Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы
МӘДЕНИ МҰРА
Қазіргі қазақ әдеби тілі
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдылықтары
Пәндер