Қазақ фольклорының тарихы
Презентация қосу
Қазақ фольклорының
тарихы
Фольклор
• Халық • Фольклордағы
шығармашылығы, көркемдік жинақтама
яғни бейнелер арқылы
аңыздар,қиссалар,ер қоғамдық өмірдің
тегілер,мақал- әртүрлі
мәтелдер,жұмбақтар құбылыстарына
көзқарас тұрғысын
білдірген.
• Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге
ғана арналмай,өткен тарихтың басты мән-мазмұнын
көркемдік бейнесі тұрғысыдан білдіруге саяды
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында
алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен
эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз
үлгілері кездеседі.
• «Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
• Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
• Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
• Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
• «Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық
жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері
жинақталған.
• Дегенмен, қазақ фольклорының
мақсатты түрде жиналып, хатқа
түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы
мен XIX ғасырдан басталады.
П.И.Рычков, П.С.Паллас,
И.Г.Георги, И.Ф.Фальк,
И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ
фольклорына қатысты біршама
құнды мағлұматтар жинап,
жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен,
этнографиялықдеректерге назар
аударылып, таныстырушылық
сипат басым болса, XIX ғасырдың
басында ғалым-саяхатшылар,
әскери адамдар мен елшілер
фольклорлық шығармалардың
бірлі-жарым мәтіндерін жариялап,
мазмұндарын баяндады. XIX
ғасырдың 2-жартысында қазақ
фольклорының ерекшеліктері
жөнінде алғашқы ғылыми
пайымдаулар айтыла бастады.
Андреев Иван Григорьевич (1743 — 1801) — орыс этнографы,
тарихшы.
Новые ежемесячные сочинения ” деген журналда және
“Орта жүз қырғыз-қайсақтарының суреттемесі” деген
еңбегінде жарияланды. Соңғы жұмыстың 18 ғ-дың 2-
жартысындағы қазақ тұрмысы жөнінде деректер
келтірілуімен қатар этнографиялық мәні бар.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ
ағартушылары мен оқығандары:
• Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин,
• А.Құнанбаев,
• С.Бабажанов,
• Т.Сейдалин,
• С.Жантөрин,
• Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зертеушілер
• В.В.Радлов,
• Г.Н.Потанин,
• А.А.Алекторов,
• В.В.Григорьев,
• А.В.Васильев,
• И.Н.Березин,
• Н.И.Ильминский,
• П.М.Мелиоранский,
• А.П.Харузин үлкен үлес қосты.
Шын мәніндегі қазақ фальклортану
ғылымының іргетасы да осы кезеңде
қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас
кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде
белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев,
М.Көпеев еңбектері жарияланды.
Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері
ресейлік басылымдармен қатар
қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де
үздіксіз жариялана бастады. XX
ғасырдың басында халық мұрасын
жинау, жариялау ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді.
Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері
Халел Досмұхамедұлы, Қалжан
Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс
Жансүгіров, т.б. белсене қатысып,
Сырдария, Жетісу фольклорлық
экспедицияларын ұйымдастырған.
• Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
• Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
• Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928)
– қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады.
Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін
шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-
жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға
болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық
мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты.
Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-
жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын
тигізді.
40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов,
Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, кейіндеу М.Ғабдуллин, т.б.
әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры
қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды,
елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды.
Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы
Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық
аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар
өткізді. 1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі
томдық академиялық зерттеу жоспарлап, бірінші томын қазақ
фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік",
"Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады.
1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ
ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының
жұмысындағы саяси-өрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1
ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың
бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша
қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев,
Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды.
Дереккөздер
• Қазақ энциклопедиясы
• Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық
анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС,
2010 жыл.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz