Кәсіпорында атқарылған жұмыстар


Slide 1

«Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

Өндірістік практика

Орындаған: Өмірзақ Ержан

Тобы: ЗУ-20-06К

Slide 2

Кәсіпорын туралы қысқаша мәлімет

«Мұхтар - Шиелі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылдың 28 ақпан айында құрылған. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Абай 42 көшесінде орналасқан.

Директоры Әбдіраманов Гахарман Әлтәйұлы. Қоластында 10-15 жұмысшы қызмет етеді. Атом өнеркәсібі мен атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, сәулет саласындағы қызмет негізгі қызмет түрі болып табылады.

Slide 3

Одан бөлек кадастр және жерге орналастыру жобасын тағайындау бөлімшелері де қызмет атқарады.

Бөлімше жетекшісі Асқаров Ақылбек Аманбекұлы. Бөлімшеде жер кадастрлық істері, жерге орналастыру жобалаырн тағайындау, AutoCad, CoralDraw прораммаларымен жұмыс жасайды.

Кәсіпорын жекеменшік, шағын кәсіпке жатады. Шиелі ауданы бойынша көптеген қызметтер атқарады.

Slide 4

Кәсіпорында атқарылған жұмыстар

Тәжірбиелік жұмыстың ең бірінші күні мекеме бөлімшелерімен таныстым. Мен өндірістік практиканы жерге орналастыру және жер кадастрлық жұмыстарын жобалау бөлімшесінде өттім. Бұл жерде жерге орналастыру және жер кадастрлық жұмыстарымен айналысатын бөлімшеде 3 қызметкер жұмыс жасайды. Өндіріс жетекшісі Асқаров Ақылбек Аманбекұлы жер учаскелерін жерге орналастыру жобасын дайындау маманы маған жетекшілік етті.

Slide 5

ПРАКТИКА БАРЫСЫ

Жалпы өз мамандығыма байланысты жерге орналастырушылардың атқаратын қызметтері, оған керекті құжаттар, міндеттері туралы ақпарат жинадым.

Ең бірінші күні қысқаша бөлімшелердің жұмыстарымен танысып, ақпарат алып шықтым. Бөлімшедегі және далалық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстым.

Slide 6

Тәжірибенің алғашқы күндерінде ұжыммен, күн тәртібімен, еңбекті ұйымдастыру нысандарымен, меже жоспарын жасауға арналған құжаттар тізбесімен, және де қолданатын программалармен таныстым. Біз 3 курс оқу кезінде картография, ГАЖ сабақтарында ArcGIS программасымен жұмыс атқарған едік. Сол программа бойынша жасаған жұмыстарымызбен бөлістім. Бөлімшеде AutoCad және CorelDraw программаларымен жұмыс істейді.

Slide 7

AutoCad программасы - сызбалармен жұмыс істеуге арналған программа. Бұл программаны бұл жерде архитектуралық бағытта және жерге орналастыру жұмыстары барысында пайдаланады. Өндірістік практика кезінде мен бұл программа арқылы жер учаскелерін бөлу, біріктіру және кадастрлық нөмірлер беруді үйрендім.

Бұл суретте жер учаскелерін бөлу жұмыстары істелді. Бірнеше күн бұрын бір жер учаскесін үш жер учаскесіне бөліп сызбасын автокад программасы арқылы сызып беруге тапсырыс түскен. Оны бірінші GPS құрылғысымен координаталарын белгілеп қазық қағып кеткен, кейіннен сол координаттар бойынша автокад программасында сызбасын сызу жұмыстары жүргізілді.

Slide 8

СoralDraw программасы- Канадалық Corеl корпорациясының векторлық графикалық редакторы. Бұл программаға яғни земпроект, ГОСТ АКТ құжаттамаларын тағайындау үшін жер жобасын жасақтайды. Бұл жерде жердің толық ауданы, бөлінген участкі жерлері нөмірленіп, әрқайсының жеке ауданы, және осы жер участкілеріне берілген кадастрлық нөмірлер, шекаралары көрсетіледі. Автокад программасында бөлінген жер учаскесін CoralDraw программасына көшіріп, шекараларын анықтап, кадастрлық нөмірі, ауданы туралы мәліметтер енгізіп басып шығарамыз.

Slide 9

Сонымен қатар далалық жер өлшеу жұмыстарына да шығып жүрдік. Далалық зерттеу жұмыстары кезінде GPS құрылғысымен де таныстым. GPS -аралықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі. Жұмыс істегенGPS маркасы «South Galaxy G1». Көптеген жер мәселелері бойынша GPS құрылғысы арқылы жұмыс атқарылады.

GPS маркасы «South Galaxy G1»

Slide 10 Slide 11

Кадастрлық істің жасалуы жер телімін жер туралы кітапқа тіркеудің негізі болып табылады.

Кадастрлық істің мазмұны:

-жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі құжаттар тізбесі;

-жер телімін заңды түрде тіркеу туралы құжат;

-жер телімін техникалық рәсімдеу материалдары;

-жердің кадастрлық мәліметтері;

-түзету беті

1. Кадастрлық нөмір

2. Алдыңғы кадастрлық нөмірі

3. Облыс атауы

4. Ауданы

5. Елді мекен

6. Көшесі

7. Үйдің немесе учаскенің №

8. Жердің санаты

9. Орналасу сипаты

10. Пайдалану мақсаты

11. Жердің жалпы көлемі

12. Карта номенклатурасы

13. Жер учаскесінің бөлінуі жайлы

14. Ерекше жағдайлары

Slide 12

Осы тізімдеме ретімен жер кадастрлық ісі құжаттамалары тігіледі. Жетекшіміз рет ретімен көрсетіп, дайын аяқталған құжаттарды біріктіріп 2-3 күнге осы тапсырманы берді. Бұл тапсырманы орындау кезінде құжаттарды оларда жазылған мәліметтерді жақсы меңгерңіп шықтым.

Slide 13

Қорытынды

Өндірістік тәжірбиеден өту барысында жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстары туралы, олардың маңыздылығы, атқаратын қызметтері, жер қатынастары, заңдары туралы көптеген мәліметтер жинадым, таныстым. Далалық зерттеу жұмыстарына шығып, құрылғылармен және де программалармен жұмыс істеуді тереңірек үйрендім.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, оның құрылымы, қызметінің бағыттары, кәсіпорынның қызметіне қатысты жер-кадастрлық іс құжаттары, қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі қалай атқарылатыны туралы ақпараттармен таныстым. Өзімнің болашақ мамандығымның қажеттілігі мен маңызыдылығын терең түсіндім. Болашақта қандай жерде, қандай мәселелермен, қандай қызметтер атқаратынымды түсіндім.

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Бугалтерлік есепті ұйымдастыру
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫ
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУДЫ ОҢТАЙЛАҢДЫРУ
Еңбекақы есептеу
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
Біржан сал - үш бірдей өнер иесі: асқақ үнді ақын, сазгер, әнші
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Тапсырыс калькуляциялау ведомості
Мектеп - интернат тәрбиеленушілерімен педагогтың тәрбие жұмысының диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz