Саяси қозғалыс



Саяси қозғалыс
Орындаған: Жамбыл Ж. Е.
Қабылдаған: Ақтамбердиева З. С.

Саяси қозғалысдеп үкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Қоғамдық ұйымдарга халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп



Қазақстанның қоғамдық өмірінде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар: партиялар, кәсіподақтар, әйелдердің, жастардың ұйымдары, діни ұйымдар, клубтар, одақтар, ассоциациялар, құқыққорғау бірлестіктері және басқалар. Қоғамдық қозғалыстар термині мақсаттары мен міндеттері жақын барлық ұйымдар мен одақтардың, сонымен қатар, олардың ұқсас бағыттарымен болған көпшілік акциялардың жиынтығын өзіне біріктіреді. Қазинформ ақпараттық агенттігінң хабарлауынша Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі Комитетінің берген мәліметтері бойынша ресми түрде 9 саяси партия және 87 қозғалыстар тіркелген.
Қазақстандағы тұңғыш жалпыреспубликалық ұйым «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы болды. Қозғалыс 1989 жылдың соңында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Олжас Сүлейменовтың бастамасымен ұйымдастырылды және республикаға тез тарады. Оның жетістігінің басты факторы полигонды өз халқына жасалып отырған ұлттық қасірет ретінде әділ қабылдаған республиканың қазақ тұрғындарының жаппай қолдау қозғалыстары еді. Мұхтар Шахановтың бастамасымен Арал маңы тұрғындарына көмек көрсету үшін Арал мен Балқаш проблемалары бойынша комитет ұйымдастырылды. Комитет Арал теңізінің экологиялық апатты жағдайына әлемдік қоғамдастықтар мен КСРО үкіметінің назарын аударуда өте көп жұмыстар атқарды. 1989 жылы сәуірде қазақстандық еркін тарихи-ағартушылық «Әділет» қоғамы құрылды, олардың мүшелерін ізгілік, адамгершілік қағидалар, адам мен халықтардың құқықтарын кемсітушілікті, заңсыздықтарды болдырмау, адамдардың азаматтық ар-намысын, абыройын қалыптастыруға тырысу, қоғамдық мәселелер мен әлеуметтік шиеленістерді шешудің құралы ретінде жөнсіздікті айыптау сияқты ұстанымдар біріктіреді.



Жоғарыда аталғандардан мынадай қорытындыға келуге болады: Қазақстанда азаматтық қоғам институттары негізінен құрылған және өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ та, жалпы алғанда Батыстың демократиялық елдері ұстанған бағытта дамуда; билік азаматтық қоғамды қоғамды демократияландыру мен оны қалыптастыру үрдістерінің және дамуы әрқашанда мемлекеттен қолдау тауып отыратын маңызды элементтердің бірі ретінде қарастырады.

Қазақстанның мемлекеттік саясатының ерекшелігі әрі қарай демократияландырудың, азаматтық қоғамды дамытудың жаңа құрылымдары мен әдістерін іздеу болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекетте негізгі назар Мемлекет басшысының бастамашылығымен жүріп жатқан және демократиялық реформалар бағдарламасын жасау мен нақтылау бойынша Мемлекеттік комиссияның қызметі шеңберінде пысықталған саяси өзгертулер мен қайта құруларды үрдісін заңнамалық-құқықтық қамтамасыз етуге аударылуда. Мемлекеттік комиссияның құрылуы қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруға ерекше көңіл аударып отырғандығын көрсетеді
. Мемлекеттік комиссияның құрамы мен өкілеттілігінің кеңеюі, сонымен қатар, оның мәртебесінің көтерілуі жалпыхалықтық диалог үрдісінің жаңа сапалы кезеңге аяқ басқанының айқын дәлелі болып табылады. Аталған құрылымның жұмыс өнімділігінің көрсеткіші саяси жүйені нақты бағыттар бойынша реформалаудағы жұмыс тобының жүйелі және үйлестірілген қызметі, сондай-ақ, Мемлекеттік комиссияның жұмысына саяси партиялардың қатысу тұрпатының кеңеюі болып табылады.

Әдебиеттер .
1. Жамбылов Д. " Саясаттану егіздері " Алматы 2000ж.
2. Керімбеков О. " Саяаттану негіздері" Алматы 1994ж.
3. Нысанбаев Е. " Саясаттану" Алматы 1997ж.
4. Смагулов Е. М. " Основы политологии" Астана 2001ж.
5. Қапесов К. "Саясаттану негіздері" Алматы 1995ж.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz