Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері


Slide 1

Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:

1) ел экономикасының типі;

2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;

3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;

4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;

5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;

6) елдің халықаралық еңбек белінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.

Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері

Slide 2

Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) . ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткйптері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік - АҚШ доллары пайдаланылады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ жетекші орынға ие болды.

Slide 3

Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады.

Қазақстанда 2017 жылы сатып алу қабілетін ескергеде ЖІӨ көлемі ресми бағам бойынша 478 млрд АҚШ долларын құрады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші 26 252 долларға тең болды.

р\с

ЖІӨ деңгейі жоғары елдер

ЖІӨ мөлшері

АҚШ долл.

р/с

ЖІӨ деңгейі төмен елдер

ЖІӨ мөлшері

АҚШ долл.

1

Катар

124 529

1

Мадагаскар

1 551

2

Люксембург

106 374

2

Оңтүстік Судан

1 489

3

Сингапур

93 905

3

Либерия

1 354

4

Бруней

78 196

4

Йемен

1 287

5

Ирландия

75 538

5

Мозамбик

1 244

6

Норвегия

71 831

6

Малави

1 167

7

БАӘ

67 741

7

Нигер

1 164

8

Кувейт

66 163

8

Конго ДР

790

9

Щвейцария

61 422

9

Бурунди

735

10

АҚШ

59 501

10

Орт. Африка Республиеасы

677

Slide 4 Slide 5

Дамыған елдер - индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.

Slide 6

Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Чили, Франция

Қытай, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Ливия, Нигерия

Бразилия, Бангладеш, Чад, Руанда, Эфиопия

Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг, Аустралия

Қытай, Үндістан, Канада

Израиль, Жаңа Зеландия, Аустралия, ОАР, Украина

Куба, ШриЛанка, Гондурас, Гаити, Алжир

Мальта, Кипр, Панама, Багам аралдары, Сауд Арабия

Нидерланд, Дания, Бельгия, Швейцария, АҚШ

Slide 7

Үй тапсырмасы

Slide 8

Артығын тап. « Неге?» деген сұраққа жауап бере отырып пазл құрастырады (әр дұрыс жауап «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деген сөз құралады.

1. Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Чили, Франция (Үлкен Жетілік елдері)

2. Қытай, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Ливия, Нигерия (ОПЕК)

3. Бразилия, Бангладеш, Чад, Руанда, Эфиопия (кедей мемлекет)

4. Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг, Аустралия (жаңа индустриялы ел)

5. Қытай, Үндістан, Канада (жетекші дамушы ел)

6. Израиль, Жаңа Зеландия, Аустралия, ОАР, Украина (қоныс аударған капитализм елдері)

7. Куба, Шри-Ланка, Гондурас, Гаити, Алжир (плантациялық шаруашылық елдері)

8. Мальта, Кипр, Панама, Багам аралдары, Сауд Арабия (жалға пәтер беруші елдер)

9. Нидерланд, Дания, Бельгия, Швейцария, АҚШ (Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері)

Үй тапсырмасы

Slide 9

Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер әлемдік нарық пен халықаралық еңбек бөлінісінде жетекші рөл атқарады. Барлық халықаралық ұйымдар нарықтық экономикасы дамыған елдер қатарына 40 шақты елді жатқызады. Олардың 35-і әлемдік тауар өндірісі мен қызыметтің 60% ы тиесілі болатынтобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше болып табылады.

Slide 10

Дамудың алғы шарттары

Экономиканың нарықтық жолмен дамуы

Қызымет көрсету саласының басымдылығы

Әлеуиеттік базаның жоғары деңгейде сапалы дамуы

Экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін саяси жүйе

Жетілген заңдардың болуы

Қоғамда тұрақты қалыптасуы


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман ұғымы
Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық интеграция
Өсімдік шаруашылығы
Минералды шикізат рессуртарын пайдалану
Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы
Азимуттық проекция
Президент Н. Ә. Назарбаев
Оңтүстік - Шығыс Азия халықтарының қауымдастығы
Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері
Ислам даму банкі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz