АТАЛЫҚ БЕЗ ОРНАЛАСУ АНОМАЛИЯЛАРЫ КРИПТОРХИЗМ


Slide 1

Тақырыбы: Еркек жыныс ағзаларының даму ауытқулары.

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент 2023 ж.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Еркек жыныс мүшесінің және аталық бездің даму ауытқулары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Slide 3

Аталық без аномалиясымен шамамен 1, 5-5%-тей сәбилер дүниеге келеді. Ата без аномалиясының санына, құрылымына және орналасуына қарай бөледі.

Аталық без санының аномалиясы:

Анорхизм-эвнухоидизммен және гипогадизммен жүретін туғаннан аталық бездің екеуінің де болмаумен сипатталатын аномалия. Ангиографиялық және ультрадыбысты зерттеу әдістерімен дәлелденетін аталық без қосалқысының және шәует шығаратын өзектің қатар дамымауы немесе болмауы мүмкін. Емінде гормон алмастырушы терапия қолданады.

Slide 4 Slide 5

Монорхизм-туылғаннан бір аталық бездің болмауымен сипатталады.

Диагноз ультрадыбыстық және ангиографиялық зерттеу негізінде қойылады және шап өзегін шолу, лапоратомия жасаумен дәлеледенеді.

Контролатеральды орналасқан аталық бездің қызметі сақталған кезде екінші аталық бездің болмауы дүниеге бала әкелу қызметіне кері әсерін тигізбейді.

Slide 6 Slide 7

Полиорхизм-үш немесе оданда көп аталық бездің даму аномалиясы. Қосалқы аталық без дамымаған, жиі негізгі аталық безге жақын немесе сирек жамбастың басқа бөлімдерінде орналасады, қосалқылары және шәует шығаратын өзек болуы мүмкін.

Полиорхизмнің емі қатерлі ісіктің дамуына бейім болғандықтан қосалқы аталық безді алып тастауына негізделеді.

Slide 8

Аталық без құрылымының аномалиялары

Аталық без гипоплазиясы:бір және екі жақты гипоплазия кездеседі. Балаларды атабез гипоплазиясының өлшемі шамамен 5-8 мм аралығында ауытқиды.

Науқастың көбінде екі жақты ата бездің гипоплазиясы гипогонадизммен жүреді.

Тұрақты гормонотерапия ұсынылады.

Slide 9

Аталық без орналасу аномалиялары

Крипторхизм

Бір немесе екі аталық бездің уақытында ұрықтың жатырішілік даму барысында ұмаға түспеуінен дамитын аномалия. Олар біріншілік бүйректің төменгі полюсында немесе құрсақ қуысында, шап өзегінде орналасады.

Slide 10

Крипторхизм себептері

Аталық бездің ұмаға түсуіне кедергі келтіретін механикалық факторлар (ішастардың қынаптық өсіндісінің және шап өзегінің дұрыс емес бағытталуы және толық дамымауы, бағыттаушы байламның дұрыс бекіттілмеуі, ұрық шылбыры және атабезді айналасындағы тіндерге бекітетін көптеген фиброзды жабыспалар және т. б)

Шәует қызметін реттейтін гипофиздің әрекетіне жыныс бездері жауап бермейді.

Slide 11

Оң жақ криторхизм басым, екі жақты анықталады. Әдебиеттер деректері бойынша крипторхизм жиілігі 1, 1-5% аралығында ауытқиды. Ата бездің ұмаға түсуі бала туғанда, әсіресе баланың дене салмағы аз болса, 1500 гр-нан төмен болса аяқталып бітпейді. Келесі кезеңмен нәрестелердің өмірінің бірінші айында ол өз бетімен 10-20% жағдайда ұмаға түседі, келесі 6 айда 30% түседі.

Slide 12

Нағыз және жалған крипторхизм түрлері бар. Соңғысында атабезді ұмаға түсіру мүмкіндігі бар, бірақ ол қайтып өз орнына барады. Көп балаларда бұл атабез сыртқы шап өзегінен өткен. Егер нағыз крипторхизм кезінде атабез жиі жарақатқа ұшырайды. Түспеген атабез дамудан артта қалады, ол қалыптымен салыстырғанда көлемі жағынан кіші, әсіресе құрсақты түрінде, осы кезде жоғары температура әсер етеді ( құрсақ қуысында ұмаға қарағанда 2-3 градусқа жоғары) көлемі 5-7 жаста кішірейсе онда операция ұсынылады.

Slide 13

Ұмаға түспеген аталық безде айқын склероздық өзгерістер дамиды. 70% жағдайда атабездерде шап өзегіне проксималды орналасқан әр түрлі аномалиялар тіркеледі.

Эндокринді бұзылыстар, бір немесе екі аталық бездің ұмада болмауы, шап өзегінде аталық бездің түсуінің кешігуі немесе оның қысылуымен байланысты тұйық ауырсыну-крипторхимзмнің негізгі симптомдары. Екі жақты крипторхизм кезінде 12% ұлдарда эндокринді бұзылыстар тіркеледі:денесінің және мүшелернінің жұмырлығы, қасаға аймағының жамбасының бөксесінің теріасты шелмайының өте қатты дамуы, жыныс мүшелернің дұрыс дамымауы. Қарау кезнде бір немесе екі ұма жартыларының толық дамымауы табылады.

Slide 14

Шап аймағында кейде төмпешік анықталады-шаптық крипторхизм. Бұл жағдайда ұма жартыларының толық дамымауы табылады. Шап аймағында кейде төмпешік анықталады-шаптық крипторхизм. Бұл жағдайда атбез шап аймағында қозғалғыштығын сақтайды. Белгісіз жағдайда радиоизотопты сцинтиграфия, ультрадыбысты сканерлеу, лапароскопия, тестикол-артерио және венографиялық, КТ тексерулар жасау ұсынылады. Көптеген клиницистер лапароскопияға жүгінеді

Slide 15

Крипторхизм 20-80% шап жарығымен қатар жүреді. Ұмаға түспеген атабезді уақытында диагностикалау және емдеу оның герментативті және эндокринді қызметін сақтауда өте маңызды және қатерлі ісікке айналуына қауіп бар боғанына байланысты, ақырғы жағдай 15-40% -да кездеседі.

Slide 16

Жалған крипторхизм кезінде аталық без жыныс мүшесінің түбінде немесе шап аймағында табылады, пальпация кезінде оны ұмаға түсіруге болады. Осы кезде ұма қалыпты көлемде болады. Аталық бездің көлемінің кішіреүі кезінде гормоналды ем көрсетілген, оның көмегі болмаған жағдайда оперативті ем қолданған жөн. Аталық бездің эктопиясы кезінде ол әр түрлі жерде табылады, алдыңғы құрсақ қабырғасында іштің сыртқы көлденең бұлшықеттің апоневрозының алдында, қасаға аймағында, жамбаста немесе шат аймағында, жыныс мүшесінің түбінде. Емі оперативті-атабезді ұма түбіне түсіру.

Slide 17

Емнің шешуші рөлі оның орындалу уақытына байланысты. Ұмаға түспеген атабездің биоптатын құрылымдық тексеру кезінде дегенеративті өзгеріс көріністері 8-ай жасында анықталған, ал айтарлықтай өзгеріс 5-7 жасында анықталған. Сондықтан қазіргі таңда крипторхизмді емдеу уақытын 2-3 жасында өткізген дұрыс. Бір немесе екі жақты крипторхизмммен ауыратын балаларға консервативті емді айқын эндокринді ауытқыған жағдайда өткізеді. 10 жастан асқандарға 1500ЕД 1ай бойы аптасына 2 рет.

Егер ем нәтижелі болса, курсты 3 айдан кейін қайталайды. Егер ем нәтижессіз болса және емге көрсеткіш болмаса онда операция қажет

Slide 18

Аталық без эктопиясы

Крипторхизмға қарағанда аталық без эктопиясы санның шап аймағындағы тері астында, шат аймағында немесе ұманың қарама-қарсы жағында орналасады. Сәйкесінше, аталық без эктопиясы шаптық, сандық, шат және қара-қайшылық болып бөлінеді. Ең көп кездесетіні шаптық аталық без эктопиясы. АУытқу себебі-ұмаға кіруге кедергі жасайтын механикалық факторлар.

Slide 19

Туа біткен фимоз


Ұқсас жұмыстар
Еркек жыныс мүшелерінің аурулары
Дамуының қауіпті кезеңдері
Бүйректер орналасуының аномалиялары
Бүйрек аномалиялары
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Аталық жыныс жүйесі
Аномальді бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы
Аурудың белгісі
Гормондар туралы
ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ. КЛИНИКАСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz