Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті




Презентация қосу
Қазіргі әлемдік үдерістер
аясындағы қазақ
мәдениеті
Орындаған:Бұхар Ақмарал
Қабылбаған:Ахметова Гүлмира
Жоспар

1.Қазақстандағы мәдени қайта жаңғыру
2.Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалы
Қазақстандағы мәдени қайта
жаңғыру.
Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия
орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты
толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-
азаттық күреске бүкіл Ресей империясын камтыған революциялық
және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда
Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен
болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі
қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу
туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс
халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып,
күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі
өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын
эстондар мен араб- парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың
арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.
Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика
немесе саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде
өзіндік мәдениет нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі
сезіну, өзіндік сананы түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам
болмысының өлшемсіздігі мен тереңдігін білдіреді.Осының
барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек:
"американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик
болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі
бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін
ұштастырып қолдануымыз қажет. Жаппай вестеризация, рухани
азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың
биік мәдениетін, философиясын емес, азғындық жағын насихаттау
басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған.
Сөйтіп қана зиялылары, басшылары ұлтты дағдарыстан алып шыға
алады.
Кесімділік пен аяқталғандыққа шешім шығармай-
ақ, қазіргі мәдениеттің мынадай қиындықтарын
атап өтейік:– руханилық пен материалдықтың
арасындағы ажыратылу;– эскапистік және
дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі;–
нонконформизм, конформизм мен девианттық
қылықтың өрістеуі;– рационалдықты шектеу,
тылсым сана қабаттарымен манипуляциялар
жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық
сенімдерінің өрістеуі;– стандартты
қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын
жасанды ұсыну.Төлтума мәдени типтің ділін
айқындау үшін шығыстық, батыстық және қазақи
дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың
ерекшеліктерін кестелік тәсілмен келтірейік:
Батыстық
Шығыстық тип тип Қазақы тип
Макрокосм
Микрокосм
Жарық дүние
Рационалдық
Виртуалдық АдамгершілікСубъект-
Субъект-объект
Интросубъект объект
Өзгермелік
Біртұтас дүние АдамдандырылатынЭк
дүние
Психология ология
Технология
Мистика Тұйық ЭтикаСұхбаттастық
Ғылым Ашық
қоғам Өзін тануДін қоғам Адам
қоғам
Тағдыр Идеализм болуДәстүр Қарым-
Табиғатты тану
Поэзия Егіншілік қатынас
Философия
СинкретизмЭпос
Белсенділік
Қауымдық.
Материализм
Проза
Урбанистік
Қазақстандағы батыстық
мәдениеттің ықпалы.
Қазақстан исламдық елдер қатарына жатады
ма және вестернизацияға қарсы ислам туын
көтеруге болады ма? Әрине, ел халқының 70
пайызынан артығы мұсылмандар
құрастырғандықтан және төлтумалық мәдени
ерекшеліктерден Қазақстанды ислам өркениеті
аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл
жерде бірнеше нақтылы жағдайларды ескеру
керек. Исламдық түсінік бойынша, мұсылман
ұлты дегеніміз «умма» болып табылады және
діни ортақ сезімді ұлттық төлтумалықтан
жоғары қоюға болады. Осымен бүкіл
қазақстандықтар келісе қояма екен? Оның
үстіне Қазақстан республикасы діни емес,
зайырлы мемлекет болып табылады.
Нарық рухани мәдениетке әзірше онша қолайлы болмай тұр.
Өркениетті елдерде мәдениет әр уақытта қоғам мен
мемлекет тарапынан көмекке сүйенеді. Мәдениетке қаржы
мынандай көздерден түседі: 1) мемлекет бюджеті; 2)
халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер; 3) ұжымдар мен
жеке азаматтардың жәрдемдері. Міне, осы іс бізге
жетіспейді. Қаржы тапшылығына қарамай мемлекет пен
азаматтық қоғам мәдениетке қарай бетбұрыс жасау өте
қажет. Бұған қосымша мынандай шаралар ұсынамыз: а)
халықтың, оның әртүрлі әлеуметтік және демографиялық
нақтылы әрі шынайы мәдени талап мұқтаждарын зерттеу
және анықтау керек.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тілі
Тіл мәдениеті - студенттерге тән рухани құндылықтар көзі
Мәдениет тілдері
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ мәдениетінің бастаулары
Қазақ мәдениеті. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты
Музыка мәдениеті
Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Халық тарих толқынында бағдарламасы
Пәндер