Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы қуыс


Slide 1

Адам эмбриологиясы. Гаструляцияю. Ұрық жапырақшасының дифференциясы, органогенезі, гситогенезі

Slide 2

Гаструляция кезеңі

Бөлшектену процесі бластуланың құрылуына əкеледі. Бөлшектенуден кейін клеткалардың көптеген морфогенетикалық топтары жіктелу қозғалыстарын бастайды. Осының нəтижесінде екі қабатты ұрық гаструла пайда болады. Бұл процесті гаструляция деп атайды.

Гаструланың сыртқы қабатын - эктодерма, ішкі қабатын энтодерма дейміз. Гаструляцияның жолдары əр түрлі болып келеді. Олар бластуланың құрылысымен байланысты. Гаструляцияның негізгі 4 (төрт) жолы бар

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Иммиграция

клеткалардың көшуі, ауысуы арқылы болады, яғни, бұл ең төменгі сатыдағы жол. Оны 1884 жылы И. И. Мечников кейбір гидромедузалардан ашып тапқан. Бластуланың қуысы бластуланың қабырғасынан ауысып шыққан клеткалармен толады. Сол клеткалардан гаструланың екінші ішкі қабаты - энтодерма құралады.

Slide 6

деламинация

Деламинация жолында бластуланың қабырғаларындағы клеткалар бөлініп, ұрықтың екінші қабатын құрайды. Ішкі қабаты энтодерма, сыртқы қабаты - эктодерма деп аталынады.

Slide 7

Инвагинация

Целобластулаларда кездеседі. Инвагинация жолында бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцельдің ішіне қарай көмкеріледі. Гаструляция нəтижесінде вегетативтік бөлік екі қабатты ұрықтың ішкі қабатын энтодермасын құрайды. Бластуланың анималдық жағынан эктодерма құралады. Құралған гаструланың қуысы гастроцель деп аталады. Гастроцель - алғашқы ішек қуысы. Ал гаструланың тесігін бластопор дейміз. Бластопор алғашқы ауыз болып табылады. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы қуыс алғашқы дене қуысы деп аталады.

Slide 8

Эпиболия

Ұсақ анималдық клеткалар тез, жылдам бөлініп, вегетативтік клеткаларды сыртынан қоршап өседі. Вегетативтік клеткалар сары уызы көп болғандықтан тез қозғала алмайды.

Slide 9

Басқаларға қарағанда, қарапайым жол - инвагинация -бластула (бластодерма) бөлігінің ұрық ішіне қарай бластоцелъге тартылуы. Бұл гастроцель - қуысы бар гаструланың пайда болуына әкеледі. Гастроцель екі қабатты қабырғамен шектелген (ішінен біріншілік энтодермамен, сыртынан біріншілік эктодермамен) . Гастроцельді архентерон деп те атайды (біріншілік ішек), ал сыртқы ортамен байланысатын тесікті - бластопор немесе біріншілік ауыз дейді, оның шеттерін орналасуына карай дорсалды, вентралды және латералды ерін деп атайды.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Нейрула

Нейрула - организмдердің жеке дамуының бір түрі. Нейрула сатысы кезеңінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Мысалы, эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады. Бұл түтік- ми мен жұлынның бастамасы. Мидың дамуына байланысты іле- шала эктодерма қабатынан бокал тәрізді екі көз, тері жабын мүшесі, есту мүшесі және иіс сезу мүшелері пайда болып, ұрықтың дамуы жеделдей түседі. Энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелердің бастамасы, ас қорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқы безі және т. б. дамиды.

Slide 13

Ұрықтан тыс мүшелер, амнион, саруыз қапшығы, аллантоис, хорион, плацента, кіндік бауы

Ұрықтантыс мүшелер - тек эмбриогенезде ғана жетіліп, ұрықтың дамуын қамтамасыз етеұлпа уақытша мүшелер. Гаструляция процесінің

соңына қарай, ұрық жапырақшалары толық дамып жетілген кезде, олардың

шеткі жақтарында тұлғалық қатпар пайда болып, ұрық жапырақшаларын

ұрықтық жəне ұрықтантыс бөлімдерге бөледі. Ұрық жапырақшаларының

ұрықтық бөлімінен эмбрионның денесін құрайтын ұлпалар, мүшелер,

мүшелер жүйелері, ал ұрықтантыс бөлімінен ұрықтантыс мүшелер (ұрық

қабықтары) : сарыуыз қапшығы, кағанақ (амнион), несепқабық (аллантоис),

сірқабық (сероза) жəне бүрліқабық (хорион) дамиды.

Slide 14

Ұрықтан тыс мүшелер

Slide 15

Амнион (гр. amnion - сулы қабық, қағанақ) - адам мен қағанақты омыртқалы жануарлар ұрығын (құрсақтағы шарананы, іштегі төлді, жұмыртқадағы балапанды) сыртынан тікелей қаптап жатқан жұқа қабырғалы, қуысы қағанақ сұйығына толған, пішіні көпіршікке ұқсас ішкі ұрық қабығы

Slide 16

Сарыуыз қапшығы - ұрықтантыс энтодерма мен мезодермадан дамиды. Дамудың алғашқы кезеңінде сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алуы мен қоректенуін қамтамасыз етеді. Сарыуыз қапшығының қабырғасында ұрық организміндегі алғашқы қантүзілу процесі қалыптасып, ол қантүзу мүшесінің қызметін атқарады. Ұрық организміндегі алғашқы жыныс жасушалары - гонобласттардың дамуы да сарыуыз қапшығы қабырғасында жүреді.

Slide 17 Slide 18

Аллантоис (allantois; грек. alias - шұжық, eidos - түр) - ұрықтың артқы ішегінен жетіліп, ұрықтық зәр жиналатын ұрық қабығы. Несепқабық - ішкі ұрық қабығы - қағанақ(амнион) пен сыртқы ұрық қабығы бүрліқабық (хорион) аралығында орналасады.

Slide 19 Slide 20

хорион

Бұл сыртқы ұрықтың мембранасы, оның бетінде виллалар пайда болады, оның міндеті функционалдық бетті арттыру болып табылады. Хорион босану кезінде емес, мерзімінен бұрын ажыраса, бұл плацентаның бөлінуі сияқты қауіпті жағдай.

Хорион, плацента сияқты, жүктіліктің дұрыс өтуінде маңызды рөл атқарады. Ол екі мезодермальды және эктодермальды қабаттардан тұрады және ұрықтың ең сыртқы қабығы болып табылады

Slide 21 Slide 22

плацента

Плацента - бұл ана мен ұрықты байланыстыратын уақытша орган. Жатырдың шырышты қабығында, әдетте артқы қабырғасында орналасады.


Ұқсас жұмыстар
Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Онтогенездің генетикалық негіздері
Аналық жыныс жасушалары
Шырышты эпителийдің қызметі
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
Жалпақ құрттар Жалпақ құрттардың Сорғыш құрттар өкілі Жалпақ құрттар типіне жататын ішекқуыстылардан жәндіктердің негізгі айырмашылығы ерекшеліктері
Жануарларда Өзге жүйе мүшелері
Жыныс жүйесі. Эмбриональдық даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz