Аналық жыныс жасушалары


Slide 1

Адам эмбриологиясы. Гаструляция. Ұрық жапырақшасының дефференциясы, органогенезі, гистогенезі.

Практикалық сабақ №2

Slide 2

Адам эмбриологиясы

Эмбриология­­­ - баласын ішінен тірідей туатындарды ұрықтану кезеңінен бастап туу мерзіміне дейін, ал жұмыртқадағы ұрықтың дамып, жарып шығуына дейінгі мезгілін зерттейтін ғылым. Ұрықтың дамуын- эмбриогенез дейді.

Адам ұрығының эмбриогенезі онтогенездің бір бөлігі де, бірнеше сатылардан тұрады.

I- ұрықтанудың нәтижесінде зиготаның пайда болуы.

II- пайда болған зиготаның бөлшектенуі, осының нәтижесінде бластоцистаның пайда болуы.

III- гаструляция, ұрық жапырақшаларының түзіліп, одан ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы.

IY- гистогенез бен органогенез немесе ұрықтың тіндері мен мүшелерінің дамуы бұлармен қоса ұрықты қоршаған, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы.

Y- Жүйелердің дамуы системогенез.

Slide 3

Аналық жыныс жасушалары

Аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезеңдерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезеңдерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жұмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі

Slide 4

Жыныстық цикл- тәулікте, жыныс жасушалары пісіп жетіледі. Бұл овуляция деп аталды.

Құрылысы цитоплазмасы мөлдір, жылтыр және фолликулярлы қабықтармен қоршалған.

Ерекшелігі жасуша орталығы болмайды.

Slide 5

Аталық жыныс жасушалары.

Сперматогонияның шамамен пісіп жетілуі 72 тәуліктей. Қозғалысы құйрығының көмегімен жүзеге асады. Бұл қозғалысы хемотаксис және ретотаксис қасиеттеріне байланысты.

Құрылысы: ұзындығы 70 мкм, басы мойыны және құйрығы бар. Сырты цитолеммамени қоршалған, басында гликозилтрансфера дейтін рецепторы болады.

Басында ядросы борын алады, сперматозоидтың қозғалысына ph ортасы мен дене температурасының атқаратын рөлі көп

Басында акрасома деп аталатын қапшық тәрізді құрылым орналасқан. Акрасома гольджи аппаратының туындысы болып табылады.

Құйрық бөлімі

Аралық

Негізгі

Терминальды

Slide 6 Slide 7

Ұрықтану және зиготаның пайда болуы

Сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушасының қосылуын ұрықтану дейді. Аталық жыныс бездерінен шамамен 300 млн-дай сперматозоидтары бар 3-5 мл шәует бөлінеді. Сперматозоидтың біреуі ғана жатыр түтігінде жұмыртқа жасушасымен қосылады, қалғандары жойылады. Сперматозоидпен қосылған жұмыртқа жасушасының сыртынан қабықша түзіледі. Ол қабықша жұмыртқа жасушаға басқа сперматозоидтардың енуінен қорғайды. Ұрықтанбай қалған жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтар жатыр түтігінде жатырда лейкоциттердің әсерінен жойылады

Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан біржасушалы ұрық - зигота пайда болады. Зигота жатыр түтігі арқылы жатырға өтіп, бөліне бастайды. Жасушалардың хромосомаларында өзгерістер болады. Адамның дене жасушаларында хромосома саны тұрақты 46 болатыны мәлім. Жетілген жыныс жасушаларында - 23. Ұрықтанғаннан соң аталық және аналық жыныс жасушаларының хромосомалары жұптасып саны 46-ға жетеді

Slide 8 Slide 9

Бөлшектену, бластуланың түзілуі

Бөлшектену бластулалардың құралуымен аяқталады. Бластула көпклеткалы бірқабатты ұрық. Бастулаларды құрайтын клеткалар бластомерлер деп аталады.

Бөлшектену кезінде ядролардың саны тез көбейеді де, цитоплазманың көлемі өзгермейді. Мұның өзі ұрықтық клеткаларының ядролықцитоплазмалық қатынасын соматикалық клеткаларына жақындатады.

Slide 10 Slide 11

Бақаның бластуласы. Гематоксилин-пикрофуксин. х 40.

1 - бластуланың түбі, 2 - төбесі, 3 - бластоцель, 4 - шеткі аймағы.

Slide 12

Бөлшектенудің екі түрі болады:

1) толық бөлшектену (голобластикалық) ;

2) жартылай бөлшектену (меробластикалық) .

Толық бөлшектену біркелкі (теңіз кірпілерінде, ланцетникте) жəне біркелкі емес бөлшектену (қосмекенділерде) болып бөлінеді. Жартылай бөлшектену: диск тəрізді бөлшектену (құстарда, бауырмен жорғалаушыларда) жəне зиготаның беткі бөлшектенуі болып бөлінеді (бунақденелілерде) . Бөлшектену нəтижесінде бластула құралады (18 сурет) . Бластуланың қабырғасы бластодерма деп аталады. Ішіндегі қуысын бластоцель дейміз. Бластуланың үстіңгі анималдық жағы - төбесі болады, астыңғы вегетативтік жағы - түбі.

Slide 13

Гаструляция

Гаструляция - гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс.

Эмбриогенездің гаструляция кезеңінің алғашқы кездерінде бластуланың бірқабат жасушаларынан тұратын бластодермадан екі қабат ұрық жапырақшаларынан құралған ұрық - гаструла дамиды. Оның сыртқы ұрық жапырақшасы - эктодерма ektos - сыртқы; derma - қабық, тері), ішкі ұрық жапырақшасы - эндодерма (грек, endon - ішкі және қабық) .

Slide 14 Slide 15

Бөлшектену морула мен бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін клетка материалының қозғалып орын алмасуының нәтижесінде бластомерлердің көп санынан (ланцетниктерде 3000 шамасында, құрбақаларда бірнеше жүзден) тұратын бірқабатты ұрық бластула екі қабатты ұрыққа-гаструлаға(грекше gaster-қарын) айналады.

Slide 16

Эктодерма даму процесі кезінде нерв түтігі, ганглиялық пластинка, плакодалар( эктодерманың қалыңдауы), терінің эктодермасы және ұрықтан тыс эктодерма сияқты эмбриондық бастамаларды береді. Осы эмбриондық бастамалардан мына ұлпалар мен органдар пайда болады: нерв түтігінен ми мен жұлынның макроглиясы мен нейрондар, көздің тор қабығы. Ганглиялық пластинкадан дене және вегатативтік нерв жүйесінің ганглияларының макроглиясы мен нейрондар, нервтердің макроглиясы, бүйрекүсті бездердің жұмсақ қабаты, эктомезенхима т. б. пайда болады.


Ұқсас жұмыстар
Аналық жыныс бездері туралы
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Гаметогенез жә не ұрықтану процесі
ГАМЕТОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ
Қосарлы ұрықтану
Жыныс жасушаларының құрлысы және дамуы
Тозаңның түзілуі
Аталық және аналық жыныс жасушалары
Малдың жыныстық жетілуі
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz