Электрондар қозғалысы


Slide 1

Тақырыбы: электрондардың қозғалысы

Орындаған: Айтбай ұлдай

Тексерген: амантай нұрлыбек

Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы

Жоғары көпсалалы колледж Зейнеп

ЛОБАНОВО 2023

Slide 2

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Электрондар қозғалысы

Электрондардың құрылымы

Орбитальдың электрондармен толу қатары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

кіріспе

Электронейтрал атомдағы протон дар саны электрон дар санина тең болады. Электрондар ядроның маңында энергетика- лық деңгейлерде қозғалады. Энергетикалық деңгейлер деңгейшелерге, олар ұяшықтарға бөлінеді. Электрондардың қозғалысы төрт квант санымен сипатталады.

Slide 4

Негізгі бөлім

Электрондар қозғалысы

Атом өте ұсақ бөлшек болғандықтан, ондағы электронның қозғалысы микродүниенің қозғалу заңдылықтарына бағынады. Электрондар ядро сыртындағы кеңістікті біртіндеп толтырады, электрондардың орналасу заңдылықтарын білу элементтің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау үшін қажет.

Электрондардың құрылымы

Атомның өзі де күрделі бөлшек екенін, ал ядро мен электрондардан тұратынын білдік. Енді осы электрондар ядроның төңірегінде қандай заңдылықтармен орналасатынына тоқталайық. Атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады дедік. Алайда, осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмайды, олар ездерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады, осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды. Ол N әрпімен белгіленеді, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сан мәндерін қабылдайды, N-нің мәні элементтің орналасқан периодының нөмірімен анықталады. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар саны N = 2n2 формуласымен анықталады.

Slide 5

Орбитальдың электрондармен толу қатары

Орбиталь (лат. orbіta - жол, із) - атомда, молекулада немесе басқа кванттық жүйелерде бір электрон күйін сипаттайтын толқындық функция. Орбиталь белгіленген жүйесіне қарай атомдық, молекулалық, кристалдық түрлерге бөлінеді. Атомдық орбитальдің пішіні әр түрлі болып келеді. Электрондар ядроны орбиталь бойымен қозғалып жүріп, электрондық қабат немесе деңгейлер құрады. Оны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарымен нөмірлеп, кейде бас әріптермен де белгілейді. Деңгейлерді орбитальдар деп атап, ондағы деңгейшелерді s, p, d, f кіші әріптерімен көрсетеді. Әрбір деңгейшедегі орбиталь саны да әр түрлі. Паули принципіне сәйкес әр орбитальда екі электроннан артық болмайды. Егер орбитальда электрон біреу болса - жұптаспаған, екеу болса -жұптасқан электрондар деп аталады. Электрон бұлттарының пішіні де әр түрлі: s - шар, p - гантель тәрізді, ал d, f күрделі. Молекулалық орбиталь электронды молекуладағы барлық ядролардың өрісін және қалған электрондардың ортақ өрісін сипаттайды. Онда қарапайым аналитикалық тұжырым болмайды, атомдық орбитальдың сызықтық комбинациясы түрінде жазылады. Молекулалық орбиталь молекуладағы электрон тығыздығын сипаттайды, теор. химияда көптеген құбылысты түсіндіреді. Орбиталь түсінігі химиялық байланыстың түзілуін суреттеп, молекула құрылысы өзгергенде электрон тығыздығының таралуын түсінуге мүмкіндік береді

Slide 6

Қорытынды Атомда электрондар ядроны айнала қозғалуынан басқа өз білігінен де айнала алады, Жердің Күнді айналуымен бірге өз білігінен де айналатыны сияқты. Электронның өз білігінен айналуын спин деп атайды, электрон сағат тілінің қозғалыс бағытымен немесе оған қарама-карсы бағытта қозғалады, ол формулада бір кванттық ұяшыкта екі электронды орналастырғанда бағдаршаларды қарама-қарсы жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы: H 1s1 дара бір электрон болса, ал гелий атомында 1 s2. Осындай формулалар атомның электронды-құрылымдық формуласы деп аталады.

Slide 7

Пайдаланылған әдебиеттер

Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. / Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN 9965-34-887

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н. Нұрахметов, А. Ниязбаева, Р. Рысқалиева, Н. Далабаева. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. - 336 бет. ISBN 9965-36-416-8

Балалар Энциклопедиясы, II- том

Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т. Н. Жұмағалиев, Б. М. Куандықов. - А. : АРНGroup, 2000. - 328 бет.

Slide 8

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Металдардағы электр тогы
Электр тоғының физиологиялық әсері
Электр тогы туралы түсінік
Тәжірибенің мақсаты - металдардағы электрондардың инерциялық қозғалысын байқайтын тәсілді табу
Атом бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек
Атомның ядролық моделі
Шалаөткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері
Жартылай өткізгіштер табиғатта
Металдардың электр тогын өткізуі
Атомның кванты - механикалық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz