Натрий оксибутират наркозы


Slide 1

Астана Медицина Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: НАРКОЗ

Орындаған: Жарқынбек Ж.

Факультет: Жалпы медицина

Группа: 319

Slide 2

Наркоздық заттар

Slide 3

Кіріспе

Наркозға арналған заттарға жалпы сипаттама

Наркоз (грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.

Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық (дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар.

Slide 4

Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі.

Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат

(электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.

Slide 5

Наркоз аспабы. Қүрделі операция алдында ауамен немесе оттекпен қосылған еліткіш затты тыныс жолдарына жіберіп, ештеңе сезбейтіндей, (қозғалтпау, ауыртпау, бұлшық еттерді босаңсыту) жағдайға келтіретін құрал.

Slide 6

Наркотикалық заттарды енгізу жолына байланысты

Slide 7 Slide 8

Ұшқыш сұйық заттар:

Slide 9 Slide 10

Тері

астына

Күре

тамыр

арқылы

Бұлшық

етке

Тік

ішекке

Ингаляциялық емес наркоздың түрлері

Slide 11

Әсер ету уақытына байланысты ингаляциялық емес наркозды мынадай уш топқа бөлеміз:

-Аз уақыт әсер ететіндер (10-15 мин) пропанидид, кетамин.

-Орташа уақыт әсер ететіндер (20-40 мин) гексобарбитат, тиопентал натрий.

-Узақ уақыт асер ететіндер (60 мин) нартий оксибутират.

Slide 12

Күретамырлық анестезия

Күре тамырлық анестезия - күре тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудын түрі.

Негізгі артықшылыгы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Күре тамырлық наркозды жүргізу үшін келесі заттар қолданылады: барбитураттар, гексенал, тиопентал натрий, пропанидид, натрий оксибутираты, кетамин, диприван қолданылады.

Slide 13

Орталық аналгезия.

Орталық аналгезияда морфин, фентанил, иснтазоцин препараттары қолданылады. Бұл препараттар ауру сезімін тарататын рефлекстердін қызыметін бұзу арқылы асер етеді.

Slide 14

Нейролептаналгезия (НЛА)

Нейролептаналгезия - веналық анестезия әдісі. Ол күшті нейролептикті және наркотикалық анальгетиктерді қосып қолдануға негізделген. Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады, хирургиялық агрессияға реакциясы томендейді және науқаста қоршаған ортаға деген немқұрайлық пайда болады.

Slide 15

МИОРЕЛАКСАНТТАР (КУРАРЕ ТЕКТЕС ДӘРІЛЕР)

Миорелаксанттар - жүйке-ет талшығы синапсындағы холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтармалы параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияда қолданады.

Кураре-Ориноко және Амазонка үндістерінің жебе ұшының уы жылан уы қосылған Itrychnos toxifera мен ағаштарының шырындарының және экстракттары қоспасы. Кураренің әсер етуші заты - d тубокурарин алколоиды.

Slide 16

Дитилин, Н-холинорецепторларды қоздыра отырып, қаңқа еттерінің ұшындағы пластинкаларында қайтымсыз, тұрақты деполяризацияға әкеледі. Бұл әсер потенциалын өткізуді бұзады. Дитилин енгізген алғашқы кезде еттердің фасцикуляциясы, кейін әлсіз паралич дамиды.

Деполяризация кезінде қаңқа еттері калий иондарынан айырылып, ет әлсіздігінің себебі болып, әрі аса жоғары гиперкалиемия байқалады.

Соңғысы жүрек тоқтауына жүрек шамасыздығы бар, жүрек гликозидтерімен зәр айдаушы дәрілер қабылдаушылар, сонымен қатар күйікте, жарақатта, рабдомиолизде, жұлын жарақаттанған ауруларды әкеледі.

Slide 17

Миорелаксанттарды қолдану

Өңеш пен жұтқыншақ еттерін ингаляциялық наркозды жеңілдетумен өкпені жасанды желдету үшін босаңсыту үшін (қысқа әсерлі миорелаксант - дитилин қолданылады) .

Шығуларды салу, сүйек сынықшыларын репозициялау (дитилинді тыныс мускулатурасының параличіне әкелмейтін аз мөлшерде салынады) .

Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдендіру жүргізілетін наркозда (наркоз терңдігін тек естен айырылу мен рефлекстер тоқтау шегіне дейін ғана береді) .

Тырысқақ, ауыр тырыспа ұстамалары электротырысу терапиясы.

Пирамида мен экстрапирамида жүйесі жүмыстары бүзылғанда, арахноидитте, энцефалитте, Парксинсон ауруларында тырысуда.

Slide 18

Миорелаксанттарды қолданғанда болатын асқынулар

Тубокурарин хлорид вегетативті ганглийлерді тоқтатып, артериалды гипертензия секрециясы тежелуінен артериалды гипотензия байқалады. Танкуроний бромид басқа миорелаксанттарға қарағанда М-холинорецепторларды күштірек тежеп, тахикардия мен артериалды гипертензия дамытады.

Slide 19

Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар

Ингаляциялық емес наркозға: тиопентал-натрий, этомидат, пропанидид, кетамин, предион, натрий оксибутираты, альтезин жатады.

Slide 20

Тиопентал-натрий наркозы. Дозасы 200-300 мг 1% ертінді. Пулс пен қысымды бағалап, жай енгізеді. Премедикация және анестезия барысында атропин енгіземіз. Наркоз 3-5мин болады. Препарат гипотензия мен брадикардияны шақырады, сондықтан АҚ төмен болса препаратты қолданбаймыз.

Slide 21

Этамидат наркозы. Дозасы 0, 3-0, 5 мг/кг. Хаотикалық қозғалыстардың алдын алу үшін 50-100 мкг дозасында фентанил енгізу керек. Терең наркоз 5 минутқа созылады. Оянудан кейін есі тез қалпына келеді. Гемодинамикаға әсер етпейді.

Slide 22

Пропанидид наркозы. Дозасы 250-500 мг. Наркоз 20-40 с кейін басталып, 3-5 мин созылады. Керек кезде тағы енгізіп ұзартуға болады. Егер анамнезінде аллергиясы болса пропанидидті қолданбаймыз.

Slide 23

Предион наркозы. Препаратты тамыр ішіне 10-12 мг/кг дозасында енгіземіз. Наркоз 15-40 мин созылады. Предионды басқа бір наркотикалық затпен күшейту керек деген ойлар бар. Предион наркозын сирек қолданады, өйткені ол флебитпен асқынуы мүмкін.

Натрий оксибутират наркозы. Препаратты тамыр ішіне 70-120 мг/кг дозасында жай енгіземіз. Наркоз 15-20 мин болады. Басқа бір препаратпен үшейту керек.

Slide 24

Альтезин наркозы. Препараты тамыр ішіне 10% 0, 05-0, 1 мг/кг дозасында жай енгіземіз. Наркоз 30-40 сек басталып, 3-8 мин дейін созылады. Аллергия кезінде альтезинді қолданбайды. Наркоздың ингаляциялық әдістері: фторотанды, үшхлорэтиленді, метоксифлуранды қолданады. Эфирлі наркоз қолдануға келмейді, өйткені наркозға жету 15-20 мин қамтиды. Рауш-наркоз да қолданылмайды, өйткені эфир концентрациясы жоғарлап кетуі мүмкін. Циклопропанды наркоз жарылғыштығымен қауіпті.

Slide 25

Фторотанды наркозды қолдану үшін арнайы буландырғыш қолданылады. Кірісулік наркозға фторотанды 1-1, 5 бұр % оттегімен қосып наркозды аппараттың маскасы арқылы жібереміз. Жалпы анестезияны бір қалыпта ұстау үшін препараттың концентрациясын 0, 5-1, 0 бұр % дейін төмендетеді. Кірісулік наркоз 5-7 мин созылады. Наркоздық күйзеліс 5-10 мин кейін жоғалады. Фторотан аритмия шақыруына байланысты, жүрек ауруы бар адамдарға қолданылмайды. Артериялық қысымның және пульстің төмендеуіне әкеледі. Препараттың гепатотоксикалық қасиеті бар, бірақ қысқа мерзімді қолдану зиянсыз болады.

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Иттер мен мысықтарға наркоз беру
Иттер мен мысықтарға наркоз беру туралы
ЖОЮ ЖОЛДАРЫ
Ингаляциялық наркоз
Жанама әсері
Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы
Сүттің түзілу физиологиясы
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
Сілтілік металл - натрий
Тазартылған криссталдық натрий карбонатын көміртек диоскидымен қанықтыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz