Ерік бостандығы


Slide 1

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: Философия Дәріс-презентация №10

Еркіндік философиясы

Құрастырған:

философия ғылымдардың докторы,

профессор Мирзабекова А. Ш.

Қарағанды

2020-2021 оқу жылы

Slide 2

Еркіндік философиясы

1. «Еркіндік»: философиялық ұғымы

2. Философия тарихында адам еркіндігі ұғымы

3. Еркіндік өнегелі-құқықтық құнды-лық ретінде

4. Қазақ философиясындағы еркіндік идеясы

Slide 3

«Еркіндік»: философиялық ұғымы

Еркіндік - бұл таңдау мүмкіндігі-нің болуы, оқиғаның аяқталу нұсқаларының болуы. Таңдаудың жоқтығы, оқиғаның аяқталу нұсқаларының жоқтығы еркіндіктің жоқтығына тең.

Еркіндік - бұл өз әрекетіне анықтаушы себеп болатын субъекттің қалыпы

Slide 4

Еркіндік және ерік бостандығы

Этикада «еркіндік» адамның ерік бостандығының болуымен байланыс-ты. Ерік бостандығы адам мойнына жауапкершілікті салады. Іс-қылық ерікті жігермен жасалғанда ғана, адамның ерік бостандығын білдір-генде ғана өнегелілікке жатады. Бұл мағынада этика адамның еркіндігін және жауапкершілігін өзара байла-ныста болатынын көздейді.

Slide 5

Ерік бостандығы

Ерік бостандығы - бұл қалыптасқан жағдайға тәуелсіз таңдауды жасау мүмкіндігі. Жағдай деп мұнда сыртқы хал-ахуалды (зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу, марапаттау т. с. с. ) және де ішкі күй-жайды (инстинктер, ұнату және ұнатпау, алдын-ала қалыптасқан сенімдер және т. б. ) айтады

Slide 6

Ерік бостандығының антиномиясы

«Адамның ерік бостандығының метафизикалық тереңдігі бар және ол бізді жоғары қарай да - игілік пен ізгілікке және төмен қарай да - зұлымдыққа бағыттай алады»

Фридрих Вильгельм

Шеллинг

(1775-1854), неміс классикалық философиясының өкілі

Slide 7

Еркіндіктің екі негізгі типтері

Позитивті еркіндік: «Мен өз-өзіме қожай-ынмын»

Позитивті еркіндік - бұл адамның потенциалының (шамасының) жеткілікті болуы және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қордың (ресурстардың) болуы.

Қоғамда азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу-ында көрініс береді

Либерализмнің басты идеясы ретінде жарияланады

Негативті еркіндік сыртқы шектеулерден және басқа адамдардың мәжбүрлеуінен азат болу

Негативті еркіндік:

«Мен ешкімге құл емеспін»

Slide 8

Ж. Ж. Руссо адам еркіндігінің тарихта дамуы туралы

Адам еркіндігінің тарихта дамуы табиғи еркіндіктен басталады, азаматтық еркіндікке дейін жетеді, ары қарай моральдық еркіндікке айналады

«Табиғи еркіндіктің» шегі индивидтің тек қана өз жеке басының күшіне байланысты

«Азаматтық еркіндік» бұл қоғамдық келісім-шартқа сәйкес бір адамның өз бостандықтарының бір бөлігінен бас тартуы, өйткені ол қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлығын білдіреді

«Моральдық еркіндік» - еркіндік дамуын-дағы жоғарғы деңгейі. Осы деңгейде адам «өз-өзіне қожайын» болып шығады, өйткені ол «өз-өзіне жазып қойған заңдарды жетекшілікке алады».

Жан-Жак Руссо

(1712-1778)

Slide 9

Еркіндіктің адамзат тарихында прогрессі

Гегель: «адамзат тарихы іс әрекеттегі еркіндіктің ары қарай кобеюінің дамуын бізге көрсетіп тұр:

«Шығыс бір адамның ғана (патшаның) - деспоттың -бостандығын білген және біледі

Грек және римдік дүниесінде тек қана кейбіреулер - құлдыққа түспегендер - бостандыққа ие болған

Ортағасырлық пен Жаңа замандағы германдық дүниесінде - енді «барлығы бостандыққа ие»

Георг Вильгельм Фридрих Гегель

(1770-1831)

«Тарих философиясы»

Slide 10

Антикалық философиядағы еркіндік ұғымы

Ежелгі гректер және римдіктар негізгі назарын алдымен «қажеттілік», «тағдыр», «кездейсоқтық» деген ұғымдарға аударған, еркіндік мәселесімен айналыспаған

Философиялық мағынада алғаш рет «еркіндік» ұғымын софистер қолданған, заңды (Nomos) табиғатқа (Physis) қарама-қарсы қойған кезде

Платон «еркіндік» ұғымын «игілік болмысы» мағынасында ежелгі гректердің полистік өміріндегі бостандық түсінігі шеңберінде қолданған

Аристотель және стоиктер де еркіндікті адам іс-әрекеттерінің еркіндігі немесе спонтанды (табан астында туындаған) еркіндік ретінде анықтаған

Софистер (б. д. д. Vғ. )

Аристотель(384-322жж. б. д. д)

Платон (429 -347 жж. б. д. д. )

Slide 11

Қайта Өрлеу дәуірі және Жаңа замандағы еркіндік ұғымы

Еркіндік ұғымы индивидтің басқа адамдармен, қоғаммен қатынастарына таратылады. Сонда «негативті» немесе «позитивті» еркіндік туралы түсініктер қолданылады

Еркіндікті адам өз-өзіне және өз әрекетіне туа біткен немесе қалыптасқан қатынасы ретінде түсінеді, сонда еркіндік «тілеймін-істей аламын» «(шамам келеді) » деген мағынада көрініс береді

Еркіндік ерік бостандығы ретінде де немесе трансценденталды еркіндік ретінде де түсіндіріледі

Slide 12

Пико делла Мирандола ерік бостандығы туралы

Пико делла Мирандола: «…адамның ерекшелігі және абыройы оның Құдайдан сый ретінде берілген ерік бостандығында

Ерік бостандығының болуы адамға қоршаған ортаны өзгертуге және шығармашылықпен айналасуға жол ашады

Өз еркіне бағынып, адам жұлдыздар деңгейіне де көтеріледі, төмен, аласалық қалпына да түсіп кетеді»

Джованни Пико делла Мирандола

(1463-1494)

« Адамның абыройы туралы сөз»

Slide 13

Реформация кезеңіндегі (XVI ғ. ) еркіндік ұғымы

Лютер: ерік бостандығы «нағыз алдау» немесе «адам көкіректілігінің иллюзиясы». Адамның еркі не Құдай-ға, не шайтанға толық бағынышты болады, Жер үстіндегі бәрінің тағдырын Құдай алдын ала жазған.

Лютер адамның материалдық заттарға қатысты ерік бостандығын мойындайды. Адамдар күнә қылықтарын өз еркімен жасайды деген

Мартин Лютер

(1483-1546)

Slide 14

Эмпиризм философиясы еркіндік туралы

Эмпиризм өкілдері - Гоббс пен Локктан бастап Вольтерге дейін - еркіндікті іс әрекеттің еркіндігі деп қарастырады

Томас Гоббс еркіндік ұғымының саяси өлшемін еңгізді: адамның мемлекеттегі өмірдің еркіндік мөлшері табиғи қалыптағы өмірдің еркіндік мөлшерінен көбірек

Джон Локк: индивидтер кез-келген бағытта жылжудың шексіз еркіндігінен гөрі құқықтық мемлекеттегі еркіндікті дұрыс деп таңдайды, өйткені ол юстиция заңдарымен қатар комфортты өмір сүруге жағдай туғызады

Томас Гоббс(1588-1679)

Джон Локк (1632-1704)

Slide 15

Ерік бостандығы туралы мәселеде Декарттың рационализмі

Декарт: «Ерік бостандығы өз сипатына қарай неғұрлым жоғары деңгейде болғандықтан, оны ешқашан мәжбүрлеу мүмкін емес.

Әрбір адам ерік бостандығы мен іс-әрекет еркіндігіне ие, ол бір уақытта еріктің де субъектісі, және іс-қылықтар еркіндігінің де субъектісі болып шығады

Тек қана анық пайым (рассудок) ерік бостандығының дамуында оның гүлденуіне және жоғарғы деңгейіне жеткізуге қабілетті»

Рене Декарт

(1596-1650

Slide 16

Еркіндік туралы мәселеде Лейбництің рационализмі

Лейбниц:»…адамның еркіндігі ұлғаяды, егер ол өзінің істеген әрекеттерінде ақыл-ойға негізде-луді көбейтсе. Және керісінше, адамның еркіндігі азаяды, егер ол іс-әрекетінде құмарлықтарға бағынып кетсе.

Лейбниц негативті еркіндікті, яғни мәжбүрлеуден, құлдықтан бостандықты және позитивті еркіндікті ажыратады

Готфрид Вильгельм Лейбниц

(1646-1716)

Slide 17

Адамның еркіндігі туралы мәселеде Спинозаның рационализмі

Бенедикт (Барух) Спиноза

(1632-1677)

Спиноза: «…адам ерікті емес, өйткені ол табиғаттың бөлігі және оған себеп ретінде сыртқы аффектілер ықпал етеді. Адам анық емес идеялар мен қабыл-дауларды анық түріне айналды-ру арқылы, ал, аффектілерді Құдайға рационалды махаббат-пен ауыстыру арқылы өзін-өзі босата алады. Бостандық - танылған қажеттілік»

Slide 18

Иммануил Кант еркіндік туралы

Кант «рух еркіндігі» ұғымның негізгі аспектілерін атап көрсетті: ерікті ақыл-парасат, ар-ұждан еркіндігі, сыни ойлау еркіндігі

Кант негативті (неден бостандық?) және позитивті (не үшін бостандық?) еркіндікті ажыратады.

Оның пікірінше, позитивті еркіндіктің ғана шын құндылығы бар. Этикада позитивті еркіндік ізгі ерік түрінде көрінеді. Әдептілік заңына бағынып тұрған ерік «заңға сәйкес» және «өзі-өзіне заң шығарушы» болып шығады.

Иммануил Кант

(1724-1804)

«Ағартушылық деген не сұраққа жауап»

Slide 19

Марксизм іліміндегі еркіндік ұғымы

К. Маркс еркіндік мәселесін қажет-тілікті және заңдылықтарды танып білумен, оны игерумен байланыста түсіндіреді: «Еркіндік - бұл санамен ұққан қажеттілік»

Ф. Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде: «еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіз болудың нышаны емес, керісінше, ол адамның табиғи күштерге, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі», - дейді.

Фридрих Энгельс

(1820-1895)

Карл Маркс

(1818-1883)

Slide 20

Хайдеггер ілімінде еркіндік пен ақиқаттың байланысы

Хайдеггер: «болмыстың негізгі күй- жайы - болмау мүмкіндіктен қорқы-ныш. Бұл қорқыныш адамды шындықтың барлық шарттарынан босатады да, сонымен, оған еркіндіктің кейбір деңгейіне жетуге жол ашады, яғни өз жеке басының құнды тіршілігі ретінде өзін таңдауға

Мартин Хайдеггер

(1889-1976)

«Болмыс және уақыт» (1927)

«Ақиқаттың мәні туралы»

Хайдеггер еркіндікті ақиқаттың мәні деп түсіндіреді.

Slide 21

Ж. П. Сартр: еркіндік пен жауапкершілік

Сартрдің ілімінде еркіндік - абсолютті, мәңгі берілген нәрсе: «адамның жазмышы ерікті болуда». Еркіндік адам тіршілігінде оның мәнінен бұрын пайда болады. Сартр еркіндікті ешнәрсе істемеуге апаратын рух бостандығы емес, адамнан ешкім тартып алмайтын таңдау еркіндігі деп түсінеді: мысалы, қамаудағы адам «көнемін ба әлде өзімді қамаудан босату үшін күресемін ба?» деген мәселені өз еркімен шешуі керек.

Адам істеген әрекеті үшін және де алдын-ала өзі көздемеген кездейсоқтықтар үшін тұтас жауапкершілікті өз иығына алуға дайын екені оның өз еркімен таңдауды жасауына, шешімді қабылдауына байланысты

Жан-Поль Шарль Эма́р Сартр

(1905-1980)

«Экзистенциализм - бұл гуманизм»

Slide 22

Альбер Камю:еркіндік және абсурд

А. Камю «заңның абсолютті билігі еркіндік емес, бірақ одан артық еркіндікке заң билігіне мүлдем бағынбау апармайды», - деп ой қорытады.

Мүмкіндіктерді кеңейту еркіндікті бермейді, бірақ мүмкіндіктердің жоқтығы - құлдыққа апарады. Және анархия да - құлдық.

Мүмкіндік пен мүмкінсіздік айқын анықталған әлемде ғана еркіндік болады».

«…өмір сүру - абсурдты зерттеу, оған қарсы бүлік шығару… Мен абсурдтаң үш салдарды шығарамын - менің бүлігімді, менің еркіндігімді және менің ынтызарлығымды…және өзіме қол жұмсаудан бас тартамын»

Альбер Камю

(1913 - 1960)

«Бүлікшіл адам»(1951)

Slide 23

Н. А. Бердяевтің еркіндік туралы ілімі

Бердяев еркіндікті озбырлық емес, қайта индивидуалдылықтың көкжиегін кеңейтетін дұрыс нәрсе деп түсінген.

Бердяев еркіндіктің екі түрін ажыратады:

- алғашқы иррационалды еркіндік, ол потенциалды еркіндік, ол рухтың көкіректілігіне жағдай туғызып, оның салдарынан Құдайдан безіп кетуге, табиғат пен қоғам әлемінде құлдыққа түсуге апарады;

- “екінші еркіндік - есті еркіндік, ақиқат пен ізгіліктегі еркіндік, . . . Құдайдан берілген және Құдаймен бірге болуда еркіндік”. Рух қайтадан Құдаймен бірігіп, табиғатты жеңіп шығады, тұлғаның рухани біртұтастығы қалпына келеді

«Еркіндік философиясы»,

«Шығармашылықтың мән -мағынасы»

Н. А. Бердяев (1874-1948)

Slide 24

Әл Фарабидің еркіндік философиясы

«Философтардың сұрақтарына жауап», «Бақытқа апаратын жол» атты еңбектерінде әл Фараби ерік және оның бостандығы туралы ойларын жеткізеді: «. . . адам жалқы жақсы іс-қылықтарды ойланбай, еріксіз, кездейсоқты түрде жасауы мүмкін. Бірақ кездейсоқты жолмен адам бақытқа жете алмайды. Бақытқа жету үшін адам жақсы іс-қылықтарды өз еркімен, саналы таңдау арқылы жасауы керек. Яғни адам жақсылықтың мәнін түсініп-біліп тұрып, еркін таңдауды жасауы керек. Сонда еркіндік адамның жауапкершілігінің бірден-бір негізі болады». (Аль-Фараби//Социально-этические трактаты. Алма-Ата. 1973. - С. 35. ] .

Абу Насыр ибн

Мухаммед әл-Фараби

(870-950)

Slide 25

Абайдың ерік бостандығы туралы ойлары

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

«Еріксіз түскен ылдидан»

«Еріксіз түскен ылдидан,

Еркіңмен шығар өр артық

Қорлықпен өткен өмірден

Көсіліп жатар көр артық»

Slide 26

Шәкәрім еркiнiдiк мәселесi туралы

Шәкәрім өз кезеңінде теңсіздік мәселесін, адамның еркіндік мәселесін қарастырған ойшыл. Шәкәрімнің бүкіл әлем құлдықтың жойылуын аңсаған екендiгін мына өлең жолдарынан көруге болады:

«Көзіме елестейді құлдық дәуір,

Адамды «құл» деген сөз маған ауыр» [Құдайбердиев 1988, 182 б. ] . Ойшыл адамды басты құндылық ретінде қарап, басқaның еркіндігін мойындау арқылы адамды адам ретінде бағалау болып табылатынына сенімді болды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858-1931

Slide 27

Еркіндік өнегелі-құқықтық құндылық ретінде


Ұқсас жұмыстар
Философиядағы еркіндік мәселесі
Ерік туралы теориялаР
Ерік Ерік теориялары
Стресске тұрақтылық түсінігі
Адамның ерік қасиеті мен өзін өзі реттеу психологиясы
Сайлау құқығы қағидаттары
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан - жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптасыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz