АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ СРС


Slide 1

СРС

Тақырыбы: Азық-түлік қауіпсіздігі

Орындаған:Ережеп А. С

5002МПІ

Тексерген:Сейлханова Ж. А.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Тағам гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы

Қарағанды 2017 ж.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар

Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау

Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

Азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер

Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі - тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі».

Slide 4 Slide 5

Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар

1. Сатуға арналған тамақ өнiмдерi химиялық және биологиялық, оның iшiнде адамдардың денсаулығы үшiн қауiп туғызуы ықтимал радиоактивтiк, микробиологиялық заттар мен олардың қосылыстарының құрамындағы мөлшерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгіленген талаптарға сай болуы тиiс.

2. Балаларды тамақтандыру өнiмдерiнiң тамақтық құндылығы бала организмiнiң жай-күйi мен жасына сәйкес келуi және денсаулық үшiн қауiпсiз болуы тиiс.

3. Емдеу-профилактикалық тамақтандыру өнiмдерi, тағамдық және биологиялық белсендi қоспалар арнаулы мақсаттағы өнiмдерге жатады және олардың денсаулық сақтау органдары белгiленген тәртiппен бекiткен нормативтiк құжаттамаға сәйкес қасиеттерi мен сипаттамалары болуы тиiс.

Slide 6

Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау

1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасына, буылып-түйiлуiне, таңбалануына, бақылау (талдау) әдiстерiне, бағалау рәсiмдерiне және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растауға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленедi.

2. Тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) тамақтық және энергетикалық құндылығына, қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу (сату) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттарда және санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.

Slide 7

3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзатын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi. Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар санитарлық ережелер мен нормаларда және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда белгiленедi. Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне, оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ олардың әлеуметтiк және экономикалық зардаптарына негiзделедi.

4. Ұлттық стандарттарды, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитариялық қызмет өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi.

Slide 8

Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

1. Заңды және жеке тұлғалар тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн: нормативтiк және техникалық құжаттардың талаптарын, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген, ұқсас өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды сақтау;

азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң дайындау, сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы, малдәрiгерлiк-санитарлық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, агрохимиялық және фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу;

сапаны басқару жүйесiн енгiзу арқылы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне, оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату шарттарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды жүргiзу;

нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiкке мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiне сертификаттауды және өнiмдi санэпидсараптаманы жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi.

Slide 9

2. Нәтижелерi сертификаттаудың мақсаттары үшiн пайдаланылмайтын азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн зерттеудi белгiленген тәртiппен аттестациядан өткен зертханалар жүзеге асырады.

3. Тамақ өнiмдерiн сертификациялық сынауды сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген зертханалар сынақтарды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзедi.

4. Дайындаушы мүмкiн болатын бұрмалаушылықтан өз өнiмiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.

Slide 10

Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер

ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады:

- егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі;

- ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы;

- ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы;

- ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы;

- жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және

тұздануы;

- импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі;

- табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т. б. жағдайларға дайындықтың болмауы;

- агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі;

- ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді.

Slide 11

Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін төмендегі шаралар жасалуы қажет:

- Қазақстанда азық-түлік саласына терең талдау жасап, әр өнім түрі бойынша елімізде өндірілу, сырттан әкеліну көрсеткіштерін есептеу. Бұл ретте азық-түлік түрлерінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі шарттарын ескеру керек;

- Талдау қорытындысы бойынша әрбір салаға бөлінетін қаржы, әкімшілік, жер, кадр ресурстары мәселелеріне қатысты нақты шешімдер қабылдау және оны орындауда жауапты тұлғаларды бекіту;


Ұқсас жұмыстар
АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
Азық - түлікті таңдау, сақтау
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің менеджменттік жүйесі
Азық - түлік өнімдерінің, шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігінін жүзеге асырылу жолдары
Рационалды тамақтану теориясының мінездемесі
Нормалық кему
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz