HLA (MHC) жүйесінің құрылымы мен генетикалық полиморфизмі: локустар, гаплотиптер және I-II класс антигендері


Slide 1

Негізгі гистосәйкестік комплексі HLA

Slide 2

Негiзгi гистосәйкестiк комплекс.

Негізгі гистосәйкестік комплекс (MHC - ағылш. - Major Histocompatybility Complex) барлық сүтқоректiлерде және құстарда табылған. Тышқандарда бұл комплекске H-2-антигендер, адамдарда HLAжүйесi (Human Leucocyte Antigens System  адамдардың лейкоцитарлық антигендер жүйесi) кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж. Доссе.

Slide 3

HLA-жүйесi адамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан және оған 5 локус кіреді: A, B, C, D, DR (19-ші сур. ) .

Хромосоманың центромерасынан бастап локустар орналасуы: D (DP, DQ), DR, В, С, А. Әр локусқа гендердiң өте көп аллельдiк варианттары кiредi, оларды арнайылықтары (ерекшеліктері) деп атайды және арабша цифрлармен белгiлейдi. Қазiргi кезде жақсы зерттелген А және В локустары, осы локустардың көптеген аллельдерi анықталған.

Қазір А локусында 60-тан аса, В-локусында 136, С-локусында 38 аллельдер анықталған. D локустың өзi 2 локустан тұрады, соның iшiнде DQ, DP. DR- локусына - 139 аллель кiредi, DQ - 40 аса, DP - 80 шақты аллельдерi анықталған

Slide 4

HLA комплексінің құрылысы

Slide 5

Қазіргі кезде молекулалы-генетикалық іріктеу көмегімен адамдардың МНС-комплексінде жаңа гендері мен аллельдік варианттары 42 және 942 санынан асқан. Әр локуста аллельдер көп болғандығынан және кодоминантты тұқым қуалау әсерiнен, гистосәйкестiк антигендерiнiң полиморфизмi өте жоғары болады.

HLAгендері кодоминанттық принципі бойынша беріледі  ол екi хромосомадағы гомологиялы аллельдердiң бiрдей жасушада экспрессиялануы (26-шы сур. ) .

Ата-анасынан берiлген хромосомаларындағы HLA-гендердiң жиынтығын HLA-генотип деп атайды. Әр-бiр адамда хромосомалардың диплоидтық жиынтығы бар  әр хромосоманың жұбында HLA-гендердің бiреуi - әкесiнен, екiншiсi - анасынан берілген болады. Мысалы, жеке адамдағы HLA-генотиптiң жазылуы: HLA-А3, 10; В13, 40.

Бiр хромосомадағы HLA-гендер жиынтығы HLA-гаплотип деп аталады. HLA-гаплотиптер жазылуы - HLA-А3В40; HLA-А10В13, сонда HLA-фенотип (жасушалар бетінде берілген HLA-антигендері) кодоминанттық принципi бойынша, HLAА3, 10; В13, 40 деп жазылады.

HLA-комплексiне үш гендер кластары кiредi, ал трансплантациялық антигендеріне I және II класқа жататын HLA-антигендері жатады.

Slide 6 Slide 7

HLA I класс антигендерiнiң құрылысы мен қызметтерi

HLA жүйесінің I класс антигендері - екі ковалентсіз байланысқан полипептидті тізбектен тұратын полипептидтер болып келеді; олардың бір тізбегі - ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД HLA жүйенің гендерiмен кодталған трансмембраналық гликопротеидке жатады; екінші тізбегі - хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен кодталған, молекулалық деңгейі 12 кД тұрақты β-микроглобулин деп аталатын жеңіл тізбекке жатады. HLA-антигендердің I класының химиялық құрылысы II класс антигендерінің құрылысынан біраз ерекшеленеді. HLA I класс гендері трансплантациялық антигендердің синтезін шақырушы А, В және С локустарына бөлінеді. HLA I класс антигендері барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде, Тлимфоциттерде және олар “өзiнiкiн” тануда ең маңызды қызмет атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек HLA I класс антигендерімен қосып таниды.


Ұқсас жұмыстар
HLA антигендері мен ауруларға тұқым қуалау бейімділігі арасындағы байланыс
HLA жүйесі және трансплантациялық иммунитеттің негіздері
HLA жүйесінің құрылымы, аллельдік әртүрлілігі және клиникалық ассоциациялары: B27 және бронх демікпесі
Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің I-II топ элементтерінің фармакопеялық талдауы: мыс, күміс, мырыш
I-II Мемлекеттік Думалардағы (1906-1907) қазақ өкілдерінің қатысуы мен қызметі
Фотосинтездің жарыққа тәуелді реакциялары: I және II фотожүйелер, электрон тасымалы және фотофосфорлану
1906-1907 жж. қазақ депутаттарының I-II Мемлекеттік Думалардағы қызметі мен жер саясатына реакциясы
Бейорганикалық фармацевтикалық қосылыстар: мыс пен күміс (I топ), магний, кальций, барий және мырыш (II топ)
Гипотезаны тестілеу: I және II типті қателер, сынақтың қуаты және параметрлік пен параметрлік емес критерийлер
Жасушадағы генетикалық материал мен хромосомалардың құрылымы, жіктелуі (Денверлік және Париждік номенклатура) және кариотиптің медициналық-генетикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz